Нәзира ЖӘРІМБЕТ
Нәзира ЖӘРІМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
317 материал табылды

Руханият • 20 Тамыз, 2019

Қостанайда еліміздің ұлттық театрларының республикалық V фестивалі басталды

Қостанайда еліміздің ұлттық (этникалық) театрларының республикалық V фестивалі басталды. Фестивальдің ашылу салтанаты І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті. 

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Қостанай мен шекаралас Челябі облыстарының жастары кездесті

Қостанайға көрші Ресейдің Челябі облысынан келген қонақтармен Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Мәдениет жарастығы» атты кездесу өтті. Ол орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына арналды.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Шәмшінің ұлы Мұхтар Қалдаяқов Қостанайға ән тарту етті

​Қостанайда қаланың 140 жылдығына арналған мереке басталып кетті. Осы шара аясында атақты композитор, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Шәмші әлемі» атты концерті болды.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

​Қостанайда жаңа өсіп келе жатқан тұрғын аудандағы «Қостанай Плаза» сауда ойын-сауық орталығының алдында киктің зәулім мүсіні орнатылды.

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

​Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мереке басталды  

​Қостанай қаласына 140 жыл толды. Қостанайлықтар мен қала қонақтары оны екі күн бойы кең көлемде атап өтіп жатыр.Мереке бағдарламасы мазмұнды әрі бай. Мерекеге қала әкімдігі барынша дайындалды, қаланы гүл көмкеріп тұр. Қала мерекесі аясында облыс орталығында көптеген шаралар өткізу қамтылған.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2019

Қостанайда автомобиль және ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру жөнінде мәжіліс өтті

Премьер-Министр Асқар Мамин Қостанай облысына сапарында негізінен индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысын қарады. Қостанай – бұрыннан кенімен, астығымен аты шыққан өңір.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

Қуаңшылықтағы қимыл қалай болмақ?

Қостанайда биыл аспаннан тамшы тамбады десек өтірікші бола қоймаспыз. Ал­ты ай жаз жердің бетін қуырған аңызақ жел соқты да тұрды. Аға буын өкілдері де дәл мұн­дай қуаң­шылықты 35 жылдан бергі уақытта көрмепті. Оны күзгі жиын-терін алдында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов­тің бейнебайланыс ар­қылы аудан әкімдері­мен өткізген мәжілісіне қатысқан ба­йыр­ғы диқанның бірі, Қа­мысты ауданындағы «Алтынсарино» шаруа­шы­лығының жетекшісі, Қа­зақ­станның Еңбек Ері Борис Князев те құптады.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Қостанайда отызға жуық «Автоураган» бейнебақылауы орнатылды

Ағымдағы жылдың тамызынан бастап облыс аумағында көлік ағынын бақылайтын және жылдамдық режимін бұзған транспортты тіркейтін 9 «Автоураган» бейнебақылау кешені пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Орманға келген зиян қаржымен өлшенбейді

Қостанай – Торғай өңіріндегі қуаңшылық тек егінге ғана қырын тиіп тұрған жоқ, өрттің де көбеюінің бір себебіне айналды. Қазір Қостанай өңірінде шілде шыққанмен де, аңызақ ыстық желдің беті әлі қайтқан жоқ.

Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Қостанай облысында астық жинау басталып кетті

         Науқан өткен жылдарға қарағанда тым ерте басталды. Биылғы қуаңшылық науқанның ерте басталуына да, қиындығына да, гектар түсімінің төмендігіне де себеп болып отыр. Бұл жөнінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың аудан әкімдерімен бейнебайланыс арқылы өткізген мәжілісінде айтылды. Қамысты ауданындағы «Алтынсарино» шаруашылығының жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев биыл ыстықтан күйіп кеткен астық алқаптарына амалсыз орақ салғанын, алқап түсімі 3 центнерден айналғанын айтты.