
Пікір • 05 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы осыған дейін басталған саяси реформаларды дәйектеуге, соның ішінде халқымыздың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Сондай-ақ мұны бүгінгі сын-қатерлерге жауап және жұртшылықты толғандырған мәселелердің шешу тетігін көрсеткен айқын ұстаным деп қабылдаймыз.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2024
Елімізде біртуар қайраткер, ағартушы, тілші, әдебиеттанушы, журналист, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының есімі ұлт ұстазы мәртебесімен айқындалған. Ол көп саланың көш басында тұр. Ұлттық әліпбидің, тіл білімінің (фонетика, грамматика, лексика), әдебиет теориясының, оқу әдістемесі мен әдіснамасының терминдері мен анықтама-ережелерінің атасы да – Ақаң. Өзіне дейінгі ілуде бір баспасөз бен баспа ісін жұртты ағартуға жүйелі жұмылдырған да – Ақаң. Елдік қайраткерлікке мәдениет пен сауатты, білім мен білікті енгізген де – Ақаң. Адамдық істе де, кәсіби істе де шәкірт шоғырын даярлаудың жөнін көрсеткен де – Ақаң.
Таным • 08 Тамыз, 2024
Жәдитшiлдiктi ақыл-ой мен ағартушылықтың тұжырымдамасы ретінде қабылдау, үйрену негiзiнен Исмайыл Ғаспыралы (1851-1914) еңбектерiн және Қазанның жаңаша оқығандары жазбаларын (газет-журналдағы), оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асты. Ресми аты-жөні Исмаил Гаспринский – сойы қырым татары, түркі дүниесінің танымал реформатор-ағартушысы, жәдитшілдіктің негізін салушы, Түркістан өңіріне арнайы бірнеше мәрте келген қайраткер, журналист, баспагер, жазушы.
Мәдениет • 06 Шілде, 2024
Биылғы шілде біз үшін халықаралық және елдік елеулі көңіл-күйден басталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жиыны әлемдік абыройымызды арттырды. Жаһандық татулық пен сұхбаттастыққа жол ашатын Астана декларациясы кейінгі жылдардағы бейдауа қауіп-қатер мен дағдарысты реттеуге ықпал етеді деген үмітіміз зор. Ең бастысы, ШЫҰ-ға төраға болған Қазақстанның үйлестіруімен, жетекшілігімен дүниежүзіндегі 3,5 миллиард халықты құрайтын мемлекеттер басшылары осындай пәтуаға келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық құрылымды «сын-қатерлерге төтеп беретін мейлінше тиімді ұйымға айналдыру» мәселесін дер кезінде көтеріп, қолдау тапты. Бұл ретте халқымыздың «Пейіліңді кеңге сал, қырманыңды дөңге сал» деген даналығы еске түседі. Оның арғы жағынан Шығыс шайыры Рудакидің «Ақылды татулыққа, ақымақ қатулыққа ұмтылады» деген ойы аңғарылады. Астана төрінде ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының қабылдануы және еларалық тұрақтылыққа арқау сан саланы қамтыған 20-дан аса құжатқа қол қойылуы – сарабдал пейіл мен елшіл маңдай тердің арқасы. Енді ұйым кеңістігі кеңейе беретіні айқындалды.
Пікір • 28 Маусым, 2024
Биылғы баспасөз күнін жаңа «Масс-медиа туралы» заң қабылданған кезеңде атап өткелі тұрмыз. Бұл – БАҚ үшін аса жауапты шақ. Аталған заң, біріншіден, медиа саласы мамандарының, екіншіден, ақпаратқа жанкүйер қалың жұртшылықтың қоғамдық сараптамасынан өтті. Мемлекет басшысы бұл елдік құжатта Әділетті Қазақстанның ашықтық пен біліктілік, жауапкершілік пен заңдылық ұстанымдары нақты көрініс тапқанын баса айтты.
Пікір • 15 Маусым, 2024
Әйгілі Махатма Ганди: «Әлемді өзгертеміз десек, біз өзіміз сол өзгеріске айналуымыз керек» дегені мәлім.
Таным • 18 Мамыр, 2024
Түрікмен мәдени әлемінің биік құбылысы
Мақтымқұлы туралы қазақ әдебиеттануында, әдеби байланыстар саласында аз жазылған жоқ. Мұрасы бүгінге дейін бірнеше дүркін жинақ болып шықты. Шайыр мұрасы Ресей мен Еуропаға Персиядағы орыс елшілігінде қызмет еткен поляк ақыны, шығыстанушы Александр Ходзько-Борейконың 1842 жылы Лондонда шыққан еңбегі арқылы жетті деген дерек бар. Бұдан кейін осы тұлғаны танытуды Илья Березин, Арминий Вамбери, Федор Бакулин (Иранға қарасты Астрабадта консул болған) жалғастырған. Дей тұрғанмен мақтымқұлытануда көрнекті шығыстанушылар Александр Самойлович пен Евгений Бертельстің, түрікментанушы Александр Поцелуевскийдің (өлең өрімін зерттеген) еңбегі зор. Ал түрікмен ғалымдарына келсек, ақынның академиялық өмірбаяны мен мұрасын жүйелеу мен танымалдандыруда академик Баймұхамет Каррыев пен профессор Мяти Косаевтың зерттеуін айрықша атаймыз. Бұл ғалымдардың ізденістерін Абайды танытудағы Мұхтар Әуезовтің табандылығымен салыстыруға болады.
Зерде • 23 Сәуір, 2024
Күні кеше Астана төрінде қазақ пен қырғыз ұлты зиялыларының, атап айтсақ, мәдени-ғылыми сала тұлғаларының, қайраткер ақсақалдарының кездесуі өтті. Жиынды еліміздің Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жүргізіп отырды. Қырғыз тарапының сөз тізгінін осы елдің Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов ұстады. Ағайын екі ұлттың елеулі тұлғалары ойын ортаға салып, рухани байланыстың жаңа кезеңіне қатысты жөн-жобасын ұсынды. ЭКСПО-орталығының екінші қапталында қазақ-қырғыз жастарының алқалы жиыны өтіп жатты.
Пікір • 12 Сәуір, 2024
Бүгінгі білімнің мәні – мәдени трансформацияда. Сын-қатерлер тұсындағы сұрақ: қоғамға кім керек және маман қоғамнан өз орнын қалай табады? Трансформация мәні осында! Ізденген жас азамат бәсеке, кәсібилік тұрғысынан өзіне қажетті және елінің бүгіні мен ертеңіне керекті білім ала білуі тиіс.
Руханият • 08 Сәуір, 2024
Түркістан рухани бірлігіндегі «Шағатай бәсі»
Большевизм толық жеңген уақытта түркі тұлғаларының, соның ішінде қазақ зиялыларының басын көбiрек қосқан бiрегей шаһар Ташкент едi. Мұның себебi Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұлов әр тұрғыдан көтерген тәуелсiздік пен бірлік мұраты-тын. Осы қалада 1918–1922 жылдары өзбек жәдитшiлдерiнiң «Шағатай бәсi» (түпнұсқада «Чигатой гурунги») атты мәдени ұйымы жұмыс істеді. Мағынасы – «Шағатай ұлысы мұрагерлерінің пікірталас, сұхбаттасу, бәс тігу алаңы» (гурунги – парсы сөзі).