
Пікір • 22 Наурыз, 2024
Әр жылдың Наурызында ел тарихының жаңа бір парағы ашылып, өткен мен бүгіннің парқын айқындауымызды – әділеттіктің жөні деп қабылдаймыз. Байсалды бабаларымыз «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деген тілегін үйлесімділік Иесіне бағыштағаны анық.
Пікір • 14 Наурыз, 2024
Бұйырса, бүгін Ұлық Ұлыс немесе Алтын Орданың әз шаһары Сарайшық жұртында – Атырауда Ұлттық құрылтай үшінші жиынының секциялар жұмысы басталады. Ертеде Жайық ағыны қатты, айдыны шалқар Ұлы Су аталыпты. Араб саяхатшысы Әбу әт-Тәнжи яки Ибн Батутта: «Дүниеде Бағдаттан кейін жүзбелі көпірді осы Сарайшықтан көрдім. Отыз сарайы, төрт мешіті көз жауын алады» деп жазыпты. Осы шаһар қорымында Мөңке Темір, Тоқта хан, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Шаһ Мамай, Жүсіп хан сынды жеті қағанның сүйегі бақилық мекенін тапқан. Мұны пантеон десек те болады. Сарайшық – биыл 800 жылдығы аталып өтіп жатқан Жошы ұлысының осы өңірдегі Сарай Бату мен Сарай Беркеден кейінгі үшінші ірі орталығы.
Сұхбат • 06 Наурыз, 2024
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Дәстүрлі діннің уызына жарыған ұрпақ жат ағымға төтеп бере алады
– Ассалаумағалейкум, қадірлі Наурызбай қажы Тағанұлы! Уақыт тауып, сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет. Ең әуелгі сауалымызды қоғамның рухани келбетінен бастасақ. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы ұлттың сапасы мен саламаттылығына айрықша көңіл бөлді. Осы бағдарда қоғамның рухани сеніміне және түрлі сын-қатерге қатысты бүгінгі өзекті мәселелер туралы білгіміз келеді.
Пікір • 01 Ақпан, 2024
Ұлт баспасөзі тарихтың түрлі сынынан өтіп, қалыптасып, дамып, кемелденді. Бүгінгі БАҚ жаңалық пен ақпаратты халыққа жеткізу пішіні, мазмұны, амалы, т.б. кәсіби шарттары жөнінен көп өзгерді. Мамандар технология мен инновация қарқынына ілесуге тырысып-ақ келеді. Сала сарапшылары әлем мен ұлт талғамын, сұранымын ескеріп, тез жетілуді ұсынады.
Сұхбат • 03 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондықтан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?
Қоғам • 01 Қаңтар, 2024
Біз әр жылдан жақсылықты үміт етеміз. «Қараша, желтоқсанмен – сол бір екі ай» шамасында түрлі деңгейде есеп беріледі, нәтиже шығарылады. Таразының бір басына жоспар, екінші басына оның орындалуы қойылады. Біреу қуанады, екінші ойланады, үшінші сын естіп ширығады. Бұл да – табиғи үдеріс. Бәрі табан ақы, маңдай термен келеді. Бабаларымыз «Еңбекке ебі жоқтың елдікке себі жоқ» деген. Халықтың осы ерекше өлшемі қазір де көкейкесті.
Пікір • 16 Желтоқсан, 2023
Азаттық – біз үшін асыл ұғым. Оның мәні де, тағылымы да терең. 32 жылда Тәуелсіздік туралы жазбаған қаламгер, толғамаған өнер адамы, байыптамаған қайраткер кемде-кем шығар. Бұл – аса табиғи үдеріс. Құдды жаратылыстың үйлесіміндей, кемді толтырғандай, үзілгенді жалғағандай құбылыс. Аңсар, арман, арқау өлеңге де, өмірлік естелікке де түседі. Әлихан Бөкейхан «жанға хас жүрек тілі, сезім тілі, күй тілі ...адам жаны осы тілмен сөйлейді» деуші еді ғой. Бостандықтың ақ таңы дәл солай жүрек, сезім үнін жеткізді. Алаш көшбасшысы: «Жүйрік, қыран күшін қиянға салса, жұрт мақсатын орнына апарса, мұнан артық не бақыт бар?» деп, замандастарына және ұрпаққа ой салады.
Пікір • 24 Қазан, 2023
Бір айдың жүзі болды, «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері оқырманға ел егемендігі жарияланған кезеңнің естеліктерін, осыған байланысты танымдық материалдарды ұсынып келеді. Саяси үдеріске қатысқан аға толқын, өткен мен бүгінге көз салған жаңа буын Республика күнін ұлт құндылықтары аясында байыптай бастады.
Таным • 19 Қыркүйек, 2023
Қазақ мекендеген Түркістан аймағынан немесе сонымен шектес өңірден шығып, түркі және ұлт бірлігіне қызмет еткен тұлғалар аз емес. Олардың есімі қазір көпке мәшһүр: Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жалау Мыңбайұлы, Сейітқали Меңдешұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Әзімхан Кенесарин, Серәлі Лапин, Нәзір Төреқұлұлы, Серікбай Ақайұлы, Дінше Әділұлы, Санжар Аспандиярұлы, Молдағали Жолдыбайұлы, Телжан Шонанұлы т.б. Осы қатардағы айтулы тұлға – Мырза Наурызбайұлы. Ол 20-жылдары Бұхара республикасы үкімет төрағасының орынбасары деңгейіне көтерілген. Кеңес билеген Қазақстан мен Түркістандағы Алаш зиялыларымен жақсы қарым-қатынаста болған.
Зерде • 06 Қыркүйек, 2023
Бірінші жаһан соғысы: себебі мен сабағы
Адамзат тарихы неше түрлі дүрбелеңге, қилы соғыстарға толы. Дей тұрғанмен соның ішінде «Бірінші жаһан соғысының» немесе «І дүниежүзілік соғыстың» әлем халқы санасындағы жарасы да, зардабы да орасан.