Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
43 материал табылды

Пікір • 05 Қыркүйек, 2023

Үнем мен үлгі мәдениеті

Дәл бүгін әділеттілік пен экономикалық бағдар мемлекетке де, қоғамға да өзекті болып тұр. Бұл ұғымдар – орнықтылықтың да, дамудың да тетігі. Өйткені олар заңдылықты, өркендеуді анықтайды.

Пікір • 12 Шілде, 2023

Астана мұғалімі

Күні кеше Мемлекет басшысы елорданы дамыту жөнінде кеңес өткізді. Бас қаланың түрлі мәселесіне қатысты шаһар басшысына, құрылым жетекшілеріне ащы сын, тұщы ұсыныс айтты.

Пікір • 15 Маусым, 2023

Құрылтай қазынасы

Қаңтар қасіретінен кейін бұрқ-сарқ қайнаған қоғамымызды, әсіресе зиялы қауым мен жас буынды бір серпілтіп, ба­йыпты қалыпқа бастаған Ұлытаудағы тарихи Ұлттық құрылтайдың өткеніне де, міне, бір жыл толыпты. Сонда Ұлы дала төсінде, хандық биліктің рәмізі Жошы сағанасы жанында бой көтерген ақшаңқан шатыр астындағы жиында Мемлекет басшымыз: «Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз», деген еді.

Пікір • 30 Мамыр, 2023

Тарихи жадқа адалдық

Жыл сайын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні таяғанда, көбіміз ойланып қаламыз. «Бұл нәубет қайдан келді? Одан құтылуға болмас па еді? Ұлт қайраткерлері бірлік, көрегендік танытқанда шығын азаяр ма еді?..». Әрине, мұның бәрі – бейбіт һәм тоқ заманның сұрағы.

Пікір • 22 Наурыз, 2023

Мемлекетшілдік мінбері

Еліміз әлемдік, өңірлік һәм ішкі сын-қатер­­лерге байланысты дамудың жауапты ке­­зе­ңін бастап, оның темірқазығына – Әді­лет ұғымын алғаны және 2022 жылы 16 нау­­рызда саяси реформаларды жария етіп, мұны сәтімен жүзеге асырып жатқаны мә­лім.

Пікір • 01 Ақпан, 2023

Ұлт баспасөзінің темірқазығы

Ақпанның 2-сі – отандық кәсіби баспа­сөздің ізашар мінбері «Қазақ» газетінің туған күні. Алаш зиялылары Орынбордан Петерборға дейін патшалық жүйенің табалдырығын тоздыра жүріп рұқсат алған газеттің шы­ғуы осы күнге сәйкес келіпті. Халқымыз Жарат­қаннан «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деп сұраса, ақпанның жұлдызы ай­қын түніндегі ұлт ақпаратының бастауы – сын-қатерге төтеп берудің бағдары болса керек.

Саясат • 22 Қаңтар, 2023

Ұлт басылымдары және масс-медиа заңы

Баспасөз әлімсақтан, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Оның тарихын, кәсіби құзыретін көзі ашық қауым жақсы біледі. Газет шежіресін біреулер Юлий Цезарь заманында тақтайшаға бәдізделген Сенат хабарынан бастаса, енді біреулер VІІ ғасырда тақтайға ойып жазылған Қытай императорының жарлық-нұсқауынан өрбітеді. Тарих көзімен қарағанда, беріде – Қазақ хандығы тарих сахнасына көтерілер қарсаңда сонау Германиядағы Иоганн Гутенбергтің бас­паханасынан немесе байырғы түркі-қыпшақ ұлысының жері үшін қазақ пен жоңғар жан алысып, жан берісіп жатқан шақта қиырда дәстүрлі газеттің әуелгі пішіндік-мазмұндық нобайын қалаған француздың «La gazetta»-сынан бастап билік пен қоғам арасын жалғағаны сөзсіз.

Қазақстан • 24 Қазан, 2022

Елдік еңбек

Республика. Бұл – латынның «ортақ іс», Алаштың «жұрт ісі» деген ұғымының баламасы.1990 жыл 25 қазан. Біріміз ойда, біріміз қырда жүрдік. Үшіншіміз яки сол кезде әлемге жасындай танылған қазақ – Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштан қара жерге абыроймен түскеніне он-ақ күн болған еді.

Тарих • 09 Қазан, 2022

Абыройлы тарихшы

Қандай ғылым саласы болмасын өте күрделі. Ғылымда абыройға жету де оңай дүние емес. Тарих ғылымында абыройға ие болып, еңбектерімен, зерттеулерімен ғылыми көпшіліктің шынайы құрметіне бөленген азаматтар көп емес.

Ахмет Байтұрсынұлы • 04 Қазан, 2022

UNESCO Ахмет Байтұрсынұлын алқалады

Франция астанасы Парижде, UNESCO-ның штаб-пәте­рінде ХХ ғасырдың бас шире­гінде әлемдік мәдени серпілуге өлшеусіз үлес қосқан Қазақ­станның біртуар тұлғасы, тіл білімі, әдебиеттану, журналис­тика, педагогика, көркем және деректі аударма, өнертану, т.б. салаларға түрен салып, баға жетпес мұра қалдырған ғұлама, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтой шаралары бас­талды.