Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
41 материал табылды

Пікір • 01 Қаңтар, 2025

Жауапкершілік өлшемі

Ресми жыл басталарда «Өткен жыл несімен есте қалды?» деп сұрақ қоярымыз анық. Психологтердің пікірінше, адамның жадында көбіне ескі жылдың алабөтен және соңғы оқиғалары жатталып қалады. Осы тұрғыдан келсек, әлбетте, есімізде алапат тасқын суды еңсерген елдік қуатымыз, парасатымыз алға шығары сөзсіз. Сол сын сағаттарда бір ақсақал «Елдің күші – селдің күші» деп, табиғат апатына төтеп берердей бата берген еді. Мемлекет басшысының өзі бастап, қауіп-қатер мен қиындықтың өтінде жүргенде халық елдігімізге де, бірлігімізге де сенді. Ал жаз бен күз жалғасар тұста жылдам ақшаңқан үйлер, шағын аудандар тұрғызыла бастағанда мемлекет пен іскер азаматтар күш біріктірсе, шешілмейтін мәселе қалмайтынын өз көзімен көрді. Мұны Алаш заманында «Игілік қоғамы», «игі іс» дер еді.

Зерде • 01 Қаңтар, 2025

Қайраткердің 93 жыл бұрынғы суреті

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихи редакторы («Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» ке­зе­ңіндегі) Смағұл Садуақасұлының туғанына (1900–1933) 125 жыл толады.

Пікір • 13 Желтоқсан, 2024

Байсалды белес

«Egemen Qazaqstan» газетінің 105 жылдық белесі тұсында жалпы ұлт баспасөзі, журналистика бастауы, сабақтастығы туралы ой қозғауға мүдделіміз.

Тұлға • 15 Қараша, 2024

Тұрар және Алаш

Тарихымыздың аса күрделі кезеңдері туралы аңыз бен ақиқат, фольклор мен мұрағат қатар өрілгеннен кейін бе, осы күні БАҚ-та асығыс тұжырым, біржақты дәйек жарияланып жатады. Бірақ оны тездетіп түзеп, қателіктен сабақ алғанымыз абзал.

Пікір • 04 Қараша, 2024

Алтын қазық

Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы қайта жаңғырған ұлттық мерекені «Азаттықтың алтын қазығын қаққан күн» деп сипаттады.

Руханият • 16 Қазан, 2024

Сергей Есенин және Төле би кесенесі

Сергей Есенин десе, жылы жүзді орыс ақыны және біздің Мұқағали Мақатай, Есенғали Раушан, Ұлықбек Есдәулет, Серік Ақсұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай сынды ақтангерлеріміздің өзі де, сөзі де ойлы осы шайырға арнаған жырлары еске түседі.

Қоғам • 05 Қазан, 2024

Парасат бастауы

Білім мен ғылым саласы жүйелілікті, нақ­тылықты жақсы көреді. Әу баста «Әліппеміз» аз уақытта, орнымен әлемде қай­та­ланбас ана тіліміздің құбылысын ашу­дың кілтін ұстатса, университеттік әрбір классикалық пән үлкен дүниенің негізін, анықтамасын, мән-мағынасын, қағидатын, тұжырымын, өрістеу жолын көрсетіп берді.

Тұлға • 26 Қыркүйек, 2024

Әбіш Кекілбайұлы және «Егемен Қазақстан»

Көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы көсемсөзі біршама зерделенген. Бұл тақырыптың қоғамдық сұранысы да айрықша. Өйткені Әбекеңді қатарлас, замандас қаламгерлерден ерекшелейтін қасиет – оның сөйлеуде де, жазуда да шешендігі, әркез әдебиеттің қоғамдық жүгін жіті сезінгені, көркем шығармасында – бейнелер жүйесін, көсемсөзінде – ой қисынын тарих тағылымымен табиғи үйлестіргені еді. Президент Қ.Тоқаев айтқандай, «руханият тарихында Әбіш Кекілбайұлы қазақтың болмыс-бітіміне әлемдік кеңістіктен көз салған кемел ойдың иесі» болып қалады.

Пікір • 05 Қыркүйек, 2024

Әр іске – елшіл жанашырлық!

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы осыған дейін басталған сая­си реформаларды дәйектеуге, соның ішінде халқымыздың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Сондай-ақ мұны бүгінгі сын-қатерлерге жауап және жұртшылықты толғандырған мәселелердің шешу тетігін көрсеткен айқын ұстаным деп қабылдаймыз.

Руханият • 05 Қыркүйек, 2024

Ұлттың рухани ұстыны

Елімізде біртуар қайраткер, ағартушы, тілші, әдебиеттанушы, журналист, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының есімі ұлт ұстазы мәртебесімен айқындалған. Ол көп саланың көш басында тұр. Ұлттық әліп­бидің, тіл білімінің (фонетика, грамматика, лексика), әдебиет теориясының, оқу әдістемесі мен әдіснамасының терминдері мен анықтама-ере­же­лерінің атасы да – Ақаң. Өзіне дейінгі ілуде бір баспасөз бен баспа ісін жұртты ағартуға жүйелі жұмылдырған да – Ақаң. Елдік қайраткерлікке мәде­ниет пен са­уатты, білім мен білікті енгізген де – Ақаң. Адамдық істе де, кәсіби істе де шәкірт шоғырын даярлаудың жөнін көрсеткен де – Ақаң.