Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Түркістан: COVID-19 дертін жеңген алғашқы науқас тіркелді

Түркістан облысында коронавирус дертінен 1 науқас жазылып шықты.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Түркістан: Кесене аумағындағы тарихи орындар қалпына келтірілуде

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуге келсеңіз, жолай  бірегей жобамен салынып жатқан бау-бақшалы жасыл аумақтан өтесіз. Сан алуан түрлі жеміс-жидек ағаштары өсетін ботантикалық бауды аралап, таза ауада деміңізді басасыз. Кесененің 88,7 гектар болатын буферлі қорғау аймағында құрылып жатқан рухани туризм орталығынан осы аумақта орналасқан барлық қастерлі орындарды тамашалайсыз.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Түркістан: Індет жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тіркелді. Осылайша өңірде инфекция жұқтырғандар саны – 53-ке жетті.

Экономика • 17 Сәуір, 2020

Көктемгі егіс – күзгі ырыс (ауыл шаруашылығы дақылдарын 825,4 мың гектарға егу межеленген)

Жыл жаңарып, күн жылынған тұста-ақ Түр­кістан облысында дала жұмыстары қар­қын ала бастаған болатын. Техникаларды да­йын­дау, шаруашылық жұмыс­тарын қамдау – ауыл шаруашылығы саласы мамандары үшін күн тәртібінен түспеген мәселе. Мемлекет басшысы да жуырда өткен төтен­ше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия оты­рысында көктемдегі ауыл шаруашылығының мәселелеріне баса назар аударуды міндеттеді.

Тарих • 17 Сәуір, 2020

Түркістанның онлайн тарихы

Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын – ресейлік, кеңестік және тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан облысында індет таратқан ошақтар анықталды

Түркістан облысында соңғы мәліметке сәйкес коронавирус дертін жұқтырғандар саны – 49. Өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Серіктестік миллион теңгеге азық-түлік таратты

#BizBirgemiz акциясы аясында, Nur Otan партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен, Сайрам ауданындағы «AYKAN» ЖШС-ы миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді - археолог

Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын - Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және Тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеу 1865 жылдан басталған. Ал кесенеде жөндеу жұмыстары Абдулла хан (1582-1598жж.) тұсынан бері әр кездері атқарылып келеді. Нақты ғылыми реставрациялық жұмыстар 1928 жылдан басталған. Қазіргі кезде  11-ші жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізілуде.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады​

Үшінші мегаполистегі оқу орындарының бірінің студенті, кәмелет жасына толмаған қызды жеңгетайлық жасап жүрген жексұрын  жыныстық қызмет көрсету үшін бірнеше рет ұсынғаны анықталып отыр.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Қайырымды қырық әйел

Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығында 40 әйел тіркелген. Іскер ханымдар #BizBirgemiz акциясы аясында 25 аз қамтылған, көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар мен азық-түлік себетін дайындап, таратты.