Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Түркістан: Он ауылдағы мәселе Мемлекеттік инспектордың бақылауына алынды

Түркістан облысы Келес ауданының аумағындағы Өзбекстанмен шекаралас 4 ауылдық округінің 10 елді мекеніне интернет жүйесі жетпеген. Елді мекендердегі 20 мыңға жуық тұрғынның мәселесін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов жеке бақылауына алатын болды.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Түркістан облысында 4 525 зейнеткердің зейнетақысы үйіне жеткізілді

Бұл, әрине төтенше жағдай кезінде мекеме ғимараттарына адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында қолға алынған шара. Сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы 94 208 азаматқа есепшот ашып, мемлекет тарапынан берілетін 42 500 теңге жәрдемақыны алуына жағдай жасаған. Бүгінге дейін олардың 20 087-сі тиісті қаражатын алыпты.

Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Түркістан: Мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсетілуде

Түркістан облысы Төлеби ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары жалғасуда. Мысалы, «Бейбарс и К» ЖШС-ы мен Қуаныш Ешенқұлов жеке қоры Ленгір қаласы мен ауылдық округтерде тұратын 30 отбасыға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 20 мың теңге көлемінде қаржылай көмек үлестірді.

Экономика • 15 Сәуір, 2020

Көкөніс экспортына пандемияның кесірі тие ме?

Көрші елдер немесе облыстар арасында ғана емес, іргелес ауданға қатынастың өзін қиындата түскен коронавирустың кесірі көктем шыға үйде отырмайтын диқан қауымға да тиюде. Ерте пісетін дақылдардың басым бөлігін экспортқа шығаратын түркістандық шаруалар үшін шекарадан өту мәселесі өзекті болып отыр. Сондай-ақ көрші өзбек ағайынмен бәсекелестік бағаға кері әсер ете ме деген қауіп те диқанның дегбірін қашыруда. Диқандардың алаңдауына себеп те жоқ емес.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: Цифрландыру мақсатындағы жұмысты күшейту жүктелді

Түркістан облысында 141 000 шағын және орта бизнес субъектілері бар. Бүгінде барлық кәсіпкерлік нысандардың POS-терминалдармен толық қамтамасыз етілуі талап етіліп отыр.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: Кәсіпкер ауруханаға жасанды тыныс алу аппараттарын тарту етті

Мақтаарал ауданындағы «Астана Құрылыс-Жоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Данияр Аташов аудандық «Мырзакент» ауруханасына жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған 2 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: Індет жұқтырғандар саны 49-ға жетті

Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Осылайша өңірде инфекция жұқтырғандар саны – 49-ға жетті.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 25 мыңнан астам балаға берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қаңтардан бастап Түркістан облысы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмекпен қоса кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілуде.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: Арық-атыз тазаланып, ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ

Түлкібас ауданында үй іргесіндегі бау-бақшаны ағын сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болатын. Тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін бұл мәселені шешу мақсатында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен бірқатар жұмыстар іске асырылуда.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Түркістан: 221 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті  «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізген мониторингтік жұмыстардың  нәтижесінде І тоқсанда 221  755  965   теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.