Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Серіктестік миллион теңгеге азық-түлік таратты

#BizBirgemiz акциясы аясында, Nur Otan партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен, Сайрам ауданындағы «AYKAN» ЖШС-ы миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді - археолог

Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын - Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және Тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеу 1865 жылдан басталған. Ал кесенеде жөндеу жұмыстары Абдулла хан (1582-1598жж.) тұсынан бері әр кездері атқарылып келеді. Нақты ғылыми реставрациялық жұмыстар 1928 жылдан басталған. Қазіргі кезде  11-ші жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізілуде.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады​

Үшінші мегаполистегі оқу орындарының бірінің студенті, кәмелет жасына толмаған қызды жеңгетайлық жасап жүрген жексұрын  жыныстық қызмет көрсету үшін бірнеше рет ұсынғаны анықталып отыр.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Қайырымды қырық әйел

Түркістан облысы Іскер әйелдер қауымдастығында 40 әйел тіркелген. Іскер ханымдар #BizBirgemiz акциясы аясында 25 аз қамтылған, көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар мен азық-түлік себетін дайындап, таратты.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түлкібаста биыл алма бауының аумағы 100 гектарға ұлғаяды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында биыл 100 гектар жерге алма отырғызу жоспарланған, оның 50 гектары қарқынды бау болмақ. Бүгінгі таңда 78 гектарға алма ағашы отырғызылды.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Дәмханадан Қызыл кітапқа енгізілген үкі табылды

Сайрам ауданының полиция қызметкерлері Манкент ауылында орналасқан дәмханалардың бірінен Қызыл кітапқа енгізілген үкіні тапты. Мұсылмандар киелі санайтын үкінің Сайрам ауданындағы дәмханаға қалай әкелінгелі бізге әзірге беймәлім. Белгілісі тергеу барысында тұрғын бұл құсты 2015 жылдан бері асырап келе жатқанын жеткізген.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Түркістан: Ұры алыстан келмепті

Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғыны жергілікті полиция бөлімшесіне ұялы телефонын таппай қалғанын айтып арызданады. Шағымдануға арланатын немесе қазақылыққа сала «садақа» деп қоя салатындай арзан емес, 100 000 теңгелік байланыс құралын жоғалтқан.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Түркістан: Тұрғындардың 80%-ы таза ауыз сумен қамтылған

Түркістан облысы тұрғындарының  80%-ы таза ауызсумен қамтылған. Яғни 671 елді мекен таза ауызсу пайдалануда. Биыл 155 елді мекенде жаңа ауыз су жүйелері жүргізіледі. Сондай-ақ 195 елді мекендегі ауызсу жүйелері қайта жаңартылатын болады.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Түркістан: Жыл басынан бері 5 адам суға кетіп қаза болды

Түркістан облысында суға батып 5 адам қаза болған оқиғаның 2-еуі Мақтарал ауданында, қалғаны Жетісай, Ордабасы аудандарында және Арыс қаласында тіркелген.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Сайрам ауданы I тоқсанда 600 тоннаға жуық ет экспорттады

Түркістан облысының Сайрам ауданы биылғы жылдың I тоқсанында Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне 465 мүйізді ірі қара мал мен 75 жылқыны, 57 уақ малды тірідей және 506 тонна сиыр етін, 71,4 тонна қой етін сойыс салмағында экспорттаған.