Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Қажетті көмек көрсетуде

185 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде індетке қатысты мәселелерді жүйелі түрде шешу жалғасып жатқанда жоғары оқу орындары да қол қусырып қарап отырмай, қиын жағдайға тап болған, көмекті қажет ететін қызметкерлеріне өз деңгейінде қолдау көрсетуде. Мысалы, Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті басшылығы, кәсіподақ ұйымы және оқу орнының клиника-диагностикалық орталығы бірлесе «Жол картасын» жүзеге асыруда.

Қажетті көмек көрсетуде

Яғни жол картасы аясында клиниканың және медицина факультетінің дәрігерлерінен топ құрылып, науқастанған қала тұрғындары мен университет қызметкерлеріне онлайн-кеңес беруде. Қызметкерлерге дәрі-дәрмек сатып алуға кә­сіподақ ұйымы қаржылай қолдау көрсетеді. Осы мақсатта бекітілген хаттамаға сәйкес анти­био­тиктермен пневмония­ны емдеудің 200 курсына жет­­кілікті қаражат бөлінген. Уни­верситет клиникасында қыз­меткерлерге ақысыз не­гізде пнев­монияны анықтау үшін ком­пьютерлік томография­мен тексеру жүргізілуде және қа­жет болған жағдайда ем­делуі үшін клиниканың провизорлық бөліміне жат­қызылуда. Сондай-ақ универ­ситет клиникасы мен «АИ» медициналық орта­лы­ғында амбулаториялық емдеу ұйым­­дастырылған. Мұн­да оқы­тушылар мен қызмет­керлердің тиісті процедуралардан өтуіне мүмкіндік жасалған.

«Біз диагностика мен емге мұқтаж барлық қызметкерлерді қамтамасыз етудеміз. Сонымен қатар университеттің кәсіподақ ұйымы тарапынан пневмониядан жазылып шыққан оқытушылар мен қызметкерлердің еліміздің ең жақсы шипажайлары мен демалыс үйлерінде оңалтудан өтуі үшін 300 жолдама бе­ру мәселесі шешімін тауып отыр. Жұмыла күресу ар­қы­лы ғана коронавирустық пан­демияны тоқтатып, оның қайталануына қарсы қалқан бола аламыз. Дүрбелең мен эмо­цияға жол бермеуіміз керек. Әлеуметтік желілерде көп­­теген жалған ақпараттың жиі таратылатынын ескере оты­­рып, қызметкерлерімізді, сту­денттерімізді тек ресми ақ­параттарды қолдануға ша­қыр­дық», дейді Қ.А.Ясауи атын­дағы Халықаралық қазақ-тү­рік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов.

Қолдан келген барлық мүм­кіндікті жасап жатқан университет басшылығына ризашылығын біл­дірген оқу орны ұжымы бұл қиындықты абыроймен жеңе­тін­деріне сенімді.

 

Түркістан облысы