Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2022

Ақынын іздеген әкім

Денсаулығына байланысты он жыл бойы үйінде білім алып келген Нұрдәулеттің өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланған. Түрлі деңгейдегі шығармашылық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған оның өлеңдері жүзге жуықтапты.

Экономика • 21 Қыркүйек, 2022

Мақтатерім басталды

Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал аудандарында мақта терімі басталды. Мақтаарал ауданында биыл 40,4 мың гектарға, ал Жетісай ауданында 80 мың гектарға жуық алқапқа мақта дәні себілген. Жетісай ауданындағы жалпы егістік жердің 49 500 гектары – шитті мақта. Ерекше күтім мен баптауды қажет ететін техникалық дақылды теру науқаны басталғалы ауданда 1 074 гектар алқаптың «ақ алтыны» теріліп, 1861,70 тонна өнім алынған.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022

Ғұлама ғибраты: Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығы туған жерінде атап өтілді

Рухани ілімді терең меңгеріп, өз заманының ғұлама данагөйі болған Бекасыл Биболатұлының туғанына биыл 200 жыл. Осыған орай, оның туған жері Түркістан облысы Төле би ауданында қазақ-қырғыз зиялыларының халықаралық V форумы өтті. Форумға қатысушылар алдымен Кеңесарық ауылындағы Бекасыл әулиенің кесенесіне барып, Құран бағыштады, музейінде болып ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022

Жүзден астам ауылда сапалы интернет жоқ

Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен бар. Аудан, қала әкім­дік­терінің талдау ақпараты нәтижелері бойынша 642 елді мекендегі 1 753 012 тұрғын сапалы интернетпен қамтылған, бұл – жалпы облыc халқының 73,7 пайызы. Сондай-ақ өңірдегі 441 129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен, 123 ауылдық елді мекенде 63 мыңға жуық оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2022

Түркістан облысында Бекасыл әулиенің 200 жылдығына арналған халықаралық форум өтті

Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылында ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығына арналған халықаралық V форум өтті. Форум қатысушылары алдымен Бекасыл әулиенің кесенесіне барып, Құран бағыштады, музейінде болып ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ зиялы қауым Есім хан ордасының орнында болды.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022

Түркістанда әлем травматологтары мен ортопедтері тәжірибе алмасуда

Түркістан қаласында медицина саласын дамытуға арналған екі күндік «Заманауи травматология және ортопедия көкжиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Оған әлемнің 15 елінің жетекші клиникаларының мамандары келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022

Жаңа жұмыс орындарын ашу – маңызды міндет

Түркістан облысында жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше мән берілуде. Бұл орайда бірқатар басқарма басшылары жуық арада инвестиция тарту, кәсіпорындарды көбейту, жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныс дайындауға тиіс. Аудан, қала әкімдері өңірден шыққан ірі кәсіпкерлерді шақырып, елге пайдалы жобаларды жүзеге асыруға көмектесуі керек. Сондай-ақ облыстың миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік аудандардың инфрақұрылымын реттеп, жастарды тартатын жұмыс орындарын ашу қажет. Әкімдерге, басқарма басшыларына халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстарды күшейту бойынша индикаторлар әзірленеді.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Өртті өршітпей өшірді

Күннің аптап ыстығы әлі де басылмай тұрған Түркістан облысында жаз бойы дала өртінің орын алу жоғары қаупі сақталды. Күздің алғашқы күндері де бұл қауіп сейілмей тұр. Жуырда облыста 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұта өртенді. Дала өрті 8 сағат ішінде сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Қиындықты бірге еңсереміз

Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды, әсіресе Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданының жұртшылығы ауыр күйзеліспен қабылдады. Олай дейтініміз, бірінде оқ-дәрі қоймасы жарылып, екіншісінде су тасқыны болғанда тұрғындар төтенше жағдайды бастан кешкен-ді.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2022

Мыңнан астам сауда нүктесі өрттен жапа шекті

Аумағы 2 500 шаршы метр болатын базарда жұма күні таңға жуық болған өрт жетісайлықтарды әбігерге салды. Нақтырақ айтсақ, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты. Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді.