Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Студенттерді кәсіпорындарға шақырады
ERG Еуразиялық топтың еліміздегі кәсіпорындарында Ашық есік күні өтті, оған 300-ден астам студент келді. Кәсіпорындардың өкілдері студенттерге өндірістік жұмыстың ерекшеліктерін, Еуразиялық Топтың жетістіктері мен жоспарларын таныстырды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресейден келген жастарымыз облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет пен педагогикалық университеттің, Инновациялық Еуразиялық университеттің «Foundation» деп аталатын дайындық бөлімдерінде оқып жүр. Биыл шетте тұратын қазақ жастары үшін бөлінетін гранттар саны екі есеге артып, келетін талапкерлер қатары көбеймек.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
«Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолы қашан ашылады?
Халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі автомобиль жолы екені белгілі. Әсіресе аймақтардың тұрғындары үшін жолдың маңызы ерекше. Таяуда Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселені тілге тиек еткені бекер емес.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Керекудің көкөнісі – брендтің көкесі
Агроном ғалым Зейнолла Сәлменбаевтың айтуынша, суармалы жерде өскен көкөніс те, картоп та мол өнім береді. Өңірдегі картоп өсірушілер жылдан-жылға өнім көлемі мен сапасын арттырып, республикаға танылуда. Мәселен, Павлодардың картобы қазір нағыз брендке айналды. Бұл ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолданудың нәтижесі.
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Павлодар облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 785,4 млн теңге бөлінген
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі күні мемлекеттен көмек алғысы келетін жеке кәсіпкерлерден өтініштер түсуде.
Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Көп балалы отбасыларға пәтер берілді
«Nurly Ertis» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 50-ден астам көп балалы отбасы көшіп келді. Балалар мерекесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордалық тіркеуін өзгертуге шешім қабылдаған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2019
Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, егер өңірдегі ауылдарда 345 қоқыс полигонын салу үшін 52 млрд теңгедей қаражат қажет көрінеді. Сондықтан, қоқыс жинау орындарының оңтайландырылған типтік жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын тиісті министрлікке жолдапты.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Студенттік кәсіпкерлік өңірлерді дамытуға серпін береді
Жуырда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде еліміздегі Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, «Жоғары оқу орындарындағы кәсіпкерлік ғылым, инновация, білім, бизнес» тақырыбы аясында кәсіпкерлік білім беру мәселелері талқыланды. Кеңеске облыс әкімі Болат Бақауов, Омбы, Новосібір университеттерінің ректорлары, Ректорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов қатысты.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
М.Омаров атындағы ауылдағы мектептің технология пәнінің мұғалімі Жиенхан Қаманайұлы қолөнер үйірмесін ашып, онда оқушы ер балаларға қамшы өруді, саптауды үйретуде.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Кремний зауытының құрылысы қашан басталады?
2016 жылы Екібастұзда «ANSA Silicon» ЖШС кремний зауытын салу жобасын бастаған-ды. Серіктестік таратқан ақпаратта кәсіпорын іске қосылған кезде 800 адам жұмыспен қамтылуға тиіс болатын. Үш кезең бойынша салынатын зауыт 2017 жылы іске қосылып, кәсіпорын жылына 35 мың техникалық кремний өндіреді делінген. Кезең-кезең бойынша жылдық қуаты 135 мың тоннаға дейін ұлғаяды, құйылған инвестиция көлемі 20 млрд долларды құрайды деген жоспар жасалған еді.