Коронавирус • 24 Қазан, 2021
«Қызыл аймақтан» қайтсек шыға аламыз?
Ресейде 30 қазаннан 7 қарашаға дейін жұмысшылардың жалақысын сақтай отырып, бүкіл ел бойынша жұмыс істемейтін күндерді жариялау туралы ұсыныс қолдау тапты. Бұл ретте өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов Ресей азаматтары шекаралас Павлодар облысына тек ПТР анықтамасымен кіре алатынын атап өтті.
Аймақтар • 13 Қазан, 2021
Ескі ағаш – естелігің, егілген ағаш – ертеңің
Жуырда Павлодар облысы әкімдігінде 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары талқыланды. Құжаттың жобасын талқылауға мемлекеттік органдар мен тәуелсіз сарапшылар қатысты. Талқылауда облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасының өкілдері биыл 1 шілдеден бастап елімізде жаңа Экологиялық кодекс күшіне енгенін айтты.
Аймақтар • 12 Қазан, 2021
Электронды билет сынақтан өте ала ма?
Облыс орталығындағы қоғамдық көліктер электронды жолақы жүйесіне ауысып, қазір жоба сынақ жүзінде жүргізілуде. Бірақ осы сынақтың әлі бітер түрі жоқ.
Экономика • 11 Қазан, 2021
Отынға зәрулік: Баға – қолжетімсіз, көлем – жеткіліксіз
Соңғы кездері еліміздің кейбір өңірінде жанармай құнының өсуіне, дизель отынының тапшылығына байланысты наразылық шаралары көбеюде. Павлодар облысында да дизель отынының жетіспеушілігі байқалуда. Көмір мен шөптің қымбаттауына да дизель отынының тапшылығы себеп.
Аймақтар • 08 Қазан, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодарда осындай атаумен әдеби жиын өтті. Оған Қазақстан Жазушылар одағынан арнайы делегация келіп қатысты. Өңірге ат басын тіреген қаламгерлер алдымен ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2021
Бүгінде өңірдегі алқаптарда күзгі жиын-терін жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жоспар бойынша, күзгі дала жұмыстары қыркүйектің соңында аяқталады. Жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл егіс алқабы 37,4 мың гектарға ұлғайып, 1 468,9 мың гектарға жеткен.
Коронавирус • 23 Қыркүйек, 2021
Инфекциялық бөлімдер жабылып жатыр
Павлодар облыстық эпидемиологиялық-санитарлық бақылау департаментінің мәліметінше, 19 қыркүйектегі ахуал бойынша өңір індеттің таралу көрсеткіші бойынша әлі «қызыл аймақта». Осы уақытқа дейін жалпы індет жұқтырған 44 254 науқас тіркелсе, 41 173-і індеттен жазылып шыққан. Бірақ өңірде эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021
Тау-тасы аңыз Баянауыл баурайы
Біздің өңірде тарихи орындары мен дара тұлғалары өте көп танылған аудан Баянауыл деуге болар. Қасиетті жердің айналасы тұнып тұрған тарих. Курортты-демалыс аймағының туристік әлеует жоғары. Көп айтылып, жиі жазылатыны да сондықтан. Экспедицияны ұйымдастырушы «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің меншікті тілшілері де Баянауыл ауданына сапарға шығуды жөн санады.
Президент • 10 Қыркүйек, 2021
Жолдау жөнінде көзқарастарын білдірді
Павлодар облыстық Достық үйінде «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Президент Жолдауының негізгі ережелерін талқылау бойынша кездесу өтті.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2021
Шалғайдан келіп шөп шабысқан шарапатшыл ағайынға зор алғыс
Биыл індеттің қырсығымен қабаттасып, даламызды қуаңшылық жайлап, ел әжептәуір әбігер болды. Осындай қиын шақта төрт түлігіне жемшөп таппай тарыққан жұртқа еліміздің тұс-тұсынан көмек қолын созған ағайынның ауызбірлігі бәрімізді сүйсінтті. Игі іс жалғасын тауып, өзге өңірлерден Павлодар облысына келген еріктілер мал азығын әзірлеуге атсалысып жатыр. Қазіргі кезде олар біздің өңірдегі Успен ауданында 3 мың гектар жердің шөбін шабуда.