Қызғалдақ АЙТЖАН
Қызғалдақ АЙТЖАН«Egemen Qazaqstan»
123 материал табылды

Аймақтар • 16 Ақпан, 2023

Тегін үйірмеге – төрт мың бала

Қарағанды аймағында балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін тегін үйірмелер көбейіп келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір облыста ақысыз 144 үйірме жұмыс істеп тұр. Онда 4 806 бала түрлі бағытта өзін-өзі дамыта алады.

Тәрбие • 10 Ақпан, 2023

Ықыласты балаға үйірме көп

Қолы бостық, қарны тоқтық адамды аздырар болса, бұғанасы бекімеген бала үшін бұл қазір тіпті қауіпті. Интернет кеңіс­тіктегі толассыз ағылған ақпараттың ағы мен қарасын айыра алмай, жеткіншектердің арбалып, алданып қалатыны – осы бос уақытының назардан тыс қалуында. Сондықтан да мемлекет қазіргі кезде баланың уақыты зая кетпеуі үшін тегін үйірме, секцияларға ден қойғаны мәлім.

Қоғам • 09 Ақпан, 2023

Жайылымның жыры

Жайылымның шұрайлысын, жер­дің қуаңдысын күлше бөліске салып, есеп­сіз иемденгендерге бұқара­ның өкпесі қара қазандай. Алдын­дағы ақадал малына қоң бітірер нуы мен суы мол ұлтарақтай да жер бұйырмаған соң тістеніп, тұр­мыс кешкен жұрт өкпелемей қайт­сін енді? Бірақ ел ішіндегі лати­фун­дистердің «шөп қорыған ит тірлігі» Президент тапсырмасынан соң енді-енді тыйы­лып келеді. Өзіне, не өзгеге көзі қимаған игерілмеген жерлер ел игілігіне қайтарыла бастады.

Спорт • 09 Ақпан, 2023

Ардагер спортшыға – Президент алғысы

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінде тұратын 73 жастағы спорт­шыға Президенттің Алғыс хаты, сыйлыққа сағат және Бу­рабай демалыс үйіне жол­дама табысталды.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2023

Алғыс арқалаған «Ақжан»

Жылдар бойы сәби арман­даған жандарға «Аңсаған сәби» бағдарламасы ба­қыт сыйлағаны рас. Бұл – перзент сүюден күдер үзгенде көп көңілге жұба­ныш пен қуаныш бұйырт­қан бағдарлама. Биыл Қа­ра­ғанды облысында мем­лекеттік әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры аясында ЭКҰ-ға 403 квота бөлінді.

Ауыл • 07 Ақпан, 2023

Ауылға әл беретін несие

Ауылдағы ағайынның табысын арттыруды мақсат тұтқан тың жоба арқылы Қарағанды аймағында алдағы уақытта 11 мың шағын несие беріледі. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Кәсіп қылғысы келгенге арзан несие, шын мәнінде, зор көмек.

Экономика • 06 Ақпан, 2023

Жалған урбанизацияны қалай реттейміз?

Наурыз айында ауылды дамытуға арналған бесжылдық тұжырымдама қабылданады. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Негізгі, ауылдың жылдар бойы қордаланған мәселесін шешу үшін бір бесжылдық аздық етеді. Десек те бірінші бесжылдықта берекесі кеткен көп ауылдың бетін бері қаратып алсақ, соның өзі олжа болғалы отыр. Содан соң қат-қабат проблемасы біртіндеп шешілер деген үміт бар.

Қазақстан • 02 Ақпан, 2023

Жаһанды жаулаған «синтетика»

БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының синтетикалық есірткі саудасы туралы былтырғы ақпары адам шошытады. Басқарма бұл кеселдің Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде күшейіп бара жатқанын мәлімдеді. Шошытатын себеп – мұндағы сауда айналымы 2021 жылы рекордтық көрсеткішке жеткен.

Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

Жаңа көліктер табысталды

Мұқым қазақ үшін қасиетті Қарқаралыда денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, бірнеше көлік кілті тапсырылды. Атап айтқанда, Қарқаралы ауданының медицина қызметкерлеріне екі жаңа жедел жәрдем көлігі сыйға тартылды, сондай-ақ мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөліміне екі шағын автобус сатып алынды.

Ауыл • 30 Қаңтар, 2023

Абыройлы Ағзам ақсақал

Қарағанды аймағында ішімдік сатпайтын әрі татпайтын ауыл Тікенекті деген ауыл бар. Нұра ауданына қарасты бұл Тікенектінің екі жылда бірде-бір қылмыс жасамаған үлгілі ауыл екенін жазғанбыз. Мұның өзі елең еткізетіндей жаңалық еді. Енді трактордың құлағында ойнаған 84 жастағы ақсақалы ауылды қардан аршып, жұрт аузында жүр. Бұл – ғұмыры егін алқабында өткен, нәпақасын маңдай терімен тапқан қария.