Руханият • 07 Қараша, 2019
Шымкентте ел газетінің 100 жылдығына орай республикалық конференция өтуде
Шымкент қаласында ел газеті «Egemen Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойына орай есімі қазақ баспасөзімен қатар аталатын Алаш арыстары Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына арналған "Тұғыры биік тұлғалар" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
Технология • 31 Қазан, 2019
Үшінші мегаполисті үздік технология түлетеді
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» жобасы қабылданғаны белгілі. Осы «Ақылды қала» жобасының 5 негізгі бағыты бойынша Шымкентте бірқатар жұмыс атқарылуда.
100 • 29 Қазан, 2019
Ел газетінің жаңашыл қадамдары үлгі етілді
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай «Turkistan open media forum». Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты форум өтті. Осы форумда ел газеті «Егеменді» болашақ журналистер білім алар, ізденісіне қажетті дүниені табатын, шеберлігін шыңдайтын университетке теңеген пікірді естігенімізде марқайып қалғанымыз рас.
Аймақтар • 28 Қазан, 2019
Тұрғындар сауалына жауап берді
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, баланың отбасында алған тәлім-тәрбиесі – болашаққа бастар жол. Үнемі уақыты тығыз, жұмысы қарбалас әкесіне еліктеп өскен Арман мен Азамат та полицей формасын киюді армандады.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Шымкентте Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасындағы тапсырмасына орай білім беру нысандарын салу жұмыстары көш соңында қалып келеді. Соның салдарынан қаладағы үш ауысымды мектептердің қатары өсе түскен. Қазіргі таңда үшінші мегаполистің бақандай 19 мектебінде ұлт болашағы – жасөспірімдер үш ауысымда оқып жүр. Тіпті мектеп тапшылығы салдарынан оқушылар моншада білім алуға мәжбүр болған жағдайы бар.
Аймақтар • 25 Қазан, 2019
Ел Президентінің халыққа Жолдауы аясында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Үкімет мүшелері шаһардағы білім беру саласымен танысып, №65 мектеп-гимназияда ұстаздармен кездесті. Жиында оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясаты орта білім беру стандартының негізі болуы тиіс екені айтылды.
Қазақстан • 17 Қазан, 2019
Шымкенттегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы жарияланды. Кітап оқушылар сайысы 15 қазаннан басталып, екі кезең бойынша өткізілмек.
Аймақтар • 17 Қазан, 2019
Ассамблея мүшелері ескі мерекені еске салды
Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қазақ халқының «Мизам» ұлттық мерекесін қайта жаңғыртты. Қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шарада ұмытыла бастаған мерекенің мән-маңызы насихатталып, дәстүрге сай тағамдарды қыс маусымына дайындаудың әдіс-тәсілдері көрсетілді.
Қазақстан • 17 Қазан, 2019
Мәдени астана атануға әзірленуде
2020 жылы Шымкент ТМД-нің мәдени астанасы атанбақ. Осы жауапкершілікті абыроймен атқару үшін қала әкімдігі тарапынан бірқатар жобалар қолға алынды. Жуырда дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында шаһар әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен «Шымкент қалашығы» жобасы бойынша осындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес өтті.