Елорда • 03 Шілде, 2023
Талай дарынды жасты шыңдап, тұсауын кескен «Аялаған Астана» байқауының жеңімпаз, жүлдегерлері елорда төрінде бас қосып, Астана қаласының 25 жылдығына арналған гала-концертте өнер көрсетті. Биыл байқаудың 10 жылдығы елорданың мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан қала әкімдігінің қолдауымен өткен кеште жас әншілер тартынып қалмады.
Елорда • 03 Шілде, 2023
Елордаға ауыл-аймақтан, тіпті қаладан келетін халық көп. Тиісінше, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеуге келгенде жайбасарлық жараспайды. Осыған қарамастан Астанада әлі де болса тұралап қалған шаруалар, ауқымды жобалар бар. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек те баспасөз мәслихатында тарқатып айтып берген еді.
Медицина • 30 Маусым, 2023
Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығы қарсаңында елдегі нейрохирургтердің V Конгресі өтті. Білікті дәрігерлер бас қосқан конгресте нейрохирургия саласын ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер қаралды. Соның ішінде жаңа технологиялар, нейрохирургиялық бөлімшелерді жарақтандыру стандарттарымен қоса кадр даярлау ісіне қатысты ұсыныс-пікірлер қамтылды.
Білім • 29 Маусым, 2023
Озат оқушылар елордаға саяхаттайды
Елорда күні қарсаңында оқуда озат және байқауларда жақсы нәтиже көрсетіп, спортта топ жарып жүрген өрендер Астанаға қонаққа келіп, қаланың көрікті жерлерін тамашалайды. Бас қала әкімдігі қолдаған әлеуметтік турға осы жолы Абай облысының оқушылары келді.
Медицина • 29 Маусым, 2023
Елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілгеніне төрт жылдың төңірегі болыпты. Содан бері денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаралатын қаржы екі есе артты. Ал сапа ше? Сапа екі есе жақсарды деп айта аламыз ба? Шын мәнісінде, медициналық сақтандыру қаншалықты тиімді? Ел-жұрт ай сайын сақтандыруға аударып отырған жарнаның игілігін көріп жүр ме? Қазір сақтандырылмаған 3 миллионнан астам азамат бар көрінеді. Олар қалай емделеді? Осы сипаттағы көптің көкейінде жүрген сұрақтардың жауабын білу үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанмен әңгімелескен едік.
Өнер • 28 Маусым, 2023
Қуыршақ театрының халықаралық фестивалі
Елорда күні қарсаңында III «Құралай» қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі кішкентай көрермендерін қуанышқа бөледі. Бұл – Астана қуыршақ театры өнерпаздарының балаларға базарлығы.
Елорда • 27 Маусым, 2023
Астана қаласының 25 жылдық мерекесіне орайластырылған жоспарлы іс-шаралар легі басталып та кетті. Бірер күн бұрын елорда әкімдігі мен Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымы «Filarmonia fest-2023» музыкалық фестивалін ұйымдастырып, қала тұрғындарының ықыласына бөленді.
Аймақтар • 22 Маусым, 2023
Әлеуметтік-экономикалық дамуға басымдық беріледі
Өндірісі өркендеген Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жылдан-жылға ілгерілеп келеді. Осы оң өзгеріс тұрғындардың әлеуметтік жағдайына әсер ететіні анық. Өңірде үйлесімді іске асып жатқан осы және өзге де межелі міндеттер жөнінде облыс әкімі Айдарбек Сапаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баяндады.
Медицина • 22 Маусым, 2023
Астанадағы медициналық көмектің сапасы
Астана қаласында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетіп отырған ұйымдар баршылық. Мысалы, биыл қор жоспарлы медициналық көмек көлемі бойынша өтінім берген 172 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Оның ішінде 133 жекеменшік ұйым болса, (8-і республикалық) 39 мемлекеттік медицина ұйымы бар. Яғни осы медицина мекемелеріне МӘМС жүйесінің шарапаты тиіп отыр.
Медицина • 21 Маусым, 2023
Сақтандыру қорында қордаланған мәселе көп
Ел арасында міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына қатысты сын-пікір айтылып жүр. Оның дені сақтандыру пакетіндегі медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты қордаланған түйткілдер. «Ақ жол» демократиялық партиясында өткен дөңгелек үстелде Медициналық сақтандыру қорына қатысты көптің көкейінде жүрген мәселе қаралды.