Білім • 28 Тамыз, 2023
Биыл дәстүрлі Тамыз кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылды. «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өткен кеңесте 20 аймақ бір уақытта білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Алқалы жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
Мектеп • 24 Тамыз, 2023
Астана қаласындағы №59 мектепке қазақтың тұңғыш биолог ғалымы Кәрім Мыңбаевтың есімі беріледі. Игі іске белгілі ғалымдар Жабай Қалиев пен Сейітқали Дүйсен бастамашы болған.
Университет • 18 Тамыз, 2023
Германияда тағылымдамадан өтеді
Maqsut Narikbayev University студенттері Германиядағы Гамбург университетінің заң факультетінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Әкімшілік құқық саласындағы неміс тәжірибесін елімізге алып келу үдерісін жүзеге асыруда тағылымдаманың маңызы зор.
Білім • 17 Тамыз, 2023
Ұл-қыздың тәрбиесінде мектепке дейінгі білім беру мекемесінің рөлі жоғары. Осы ретте балабақша сапасының талапқа сай болуы, білікті педагогтердің таңдалып алынуы маңызды. Оған қоса балабақша санын көбейтіп, орынның жеткілікті болуын қамтамасыз ету де өзекті. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда балабақшаға 3 мыңға жуық бала кезекте тұр.
Білім • 16 Тамыз, 2023
Астана қаласының әкімдігі 2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын бөлді.
Білім • 15 Тамыз, 2023
Оқушы киімін қалай таңдау керек?
Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Ата-аналар балаларын мектепке дайындаудың қамына кірісіп жатыр. Биыл 339 880 бала мектеп табалдырығын аттайды. Ендеше осынша бала алғаш рет мектеп формасын киеді деген сөз. Мектепке баратын уақыт таяған сайын ата-ананы ойландыратыны да осы – форма таңдау.
Білім • 14 Тамыз, 2023
«Бала ауру не зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел», депті Алаштың арысы Мағжан Жұмабаев. Ұлт ақыны айтқан арда сөз өзектілігін әлі жойған жоқ.
Қоғам • 09 Тамыз, 2023
Су тапшылығы Астана жұртын біраздан алаңдатып келеді. Бұл мәселе елордамызда ғана емес өзге аймақтарда да бар. Жалпы бұл – ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі. Президент тұрғындарға күнделікті қолданыста суды үнемдеу керек деген болатын. Ғалымдар да ауыл шаруашылығы саласы тамшылатып суару жүйесіне толық көшу керек деп дабыл қағып жатыр.
Білім • 08 Тамыз, 2023
Осыдан төрт жыл бұрын оқуға құжат тапсыруға шілденің шіліңгір ыстығында кезекте тұрғаным әлі есімде. Қазір де талапкерлер таңдаған жоғары оқу орнының алдында таңнан кешке дейін тұруға мәжбүр. Бірақ биыл Maqsut Narikbayev University құжат тапсырудың жолын жеңілдетті. Олар онлайн форматқа көшіп, қабылдаудың виртуалды әдісін енгізді.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Оқушыларды қолдауға арналған акция
Көп кешікпей жаңа оқу жылы да басталады. Жақында ғана 1-сыныпқа қабылдау аяқталды. Биыл 339 880 бала мектеп табалдырығын аттайды. Ал республика бойынша 3 млн 500 мыңнан аса білім алушы бар. Осыған орай жыл сайын мұқтаж ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.