Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ
Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
50 материал табылды

Энергетика • 02 Қараша, 2023

Алыс та жақын «жасыл» энергия

Республикамыз көмірсутек ресурстарының: көмірдің, мұнайдың, газдың мол қорына ие. Елдегі электр энергиясының шамамен – 67%-ы көмірмен, тағы 21,5%-ы газбен өндіріледі. Бірақ олардың электр энергиясын беретін отын ретінде қолданылуы барған сайын азая бермек. 

Еңбек • 24 Қазан, 2023

Мұратқа жетелеген жол

Сан тарап жол ел өмірінің маңызды буынын құрап, экономиканың даму екпінімен, адамдардың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып жатыр. Өнеркәсіптік, технологиялық әлеуетті дамытуда, өңіраралық және халықаралық байланыстарды нығайтуда көлік кешенінің атқарар рөлі орасан. Осынау күре жолдың сапасы мен қауіпсіздігін, үздіксіз, тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін тер төгіп, ел игілігіне қалтқысыз қызмет еткен азаматтардың есімі айрықша атап өтуге тұрарлық. 

Мәселе • 23 Қазан, 2023

«Қазсушар»: Тариф бар түйткілді шеше ме?

Халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы қары­зы 100 млрд теңгеден асқан «Қазсушар» тығы­рық­тан шығып, қайта тыныс­таған­ша талай күш-қуат кететін сияқ­ты. Өйткені бұл жерде мә­селе салынған су инфра­құ­рылымын қалпына кел­тіру жобаларының өз-өзін ақтауына және қа­рыз қаражатының рет­те­ле­тін қызметтерге арнал­ған тарифтер арқылы қайта­ры­луына келіп тіреліп отыр.

Банк • 19 Қазан, 2023

Факторингті дамытуға неге құлық жоқ?

Президент биылғы Жолдауында тұралаған корпоративтік несиелеу мәселесін түпкілікті шешуді тапсырып, банктердің белсенді іс-қимылын ынталандыруға шақырды. Бұл ретте банк қызметінің басқа түрлеріне қарағанда бизнеске несие беру ісі банктерге пруденциалды және фискалды реттеу тұрғысынан анағұрлым тиімді болуы керек. Halykfinance сарапшыларының пайымдауынша, өсу көздерінің бірі – соңғы жылдары маңызы артып келе жатқан факторингтік қызметі.

Медицина • 06 Қазан, 2023

Медицинадағы қордаланған қарыз

Кейінгі үш жылда денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қаржыландыру 2,5 есеге өсіп, 3 млрд доллардан асқан. Соған қарамастан жеткізушілерге, тіпті қызметкерлерге қарызы қатталып қалған медициналық мекемелер тұрғындарға толыққанды көмек көрсете алмай отыр.

Қаржы • 01 Қыркүйек, 2023

Дивидендтер динамикасы

KASE өкілдік қоржынына өтімділігі жоғары эмитенттер ғана түсе алады. Өзіндік дивиденд тарихы бар кәсіби нарық ойыншыларының табыстылығына қарай инвестордың да көзқарасы қалыптасады.

Өндіріс • 17 Тамыз, 2023

Май өндірушілердің мұңы

Майлы дақылдар өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы жаңа маусымда күнбағыс өнімділігі 30-40%-ға төмендейтінін болжайды. Оған қоса бұл үдеріс шикізатты елеулі көлемде экспорттау аясында байқалып отыр. Әдетте мұндай динамика елде шикізаттың тапшылығына, тиісінше өнімнің қымбаттауына әкеледі.

Инфографика • 13 Шілде, 2023

Басты қатырған баспана

Жалақыны инфляцияның «жеп» қоюы, төлеу қабілетінің төмендеуі сынды жағымсыз факторларды ескергенде, елімізде дайын баспана сатып алу қара халық үшін қиял-ғажайып ертегідей көрінеді. Сондықтан өз бұрышына қол жеткізуді арман еткен жұрт көбіне тұрғын үй құрылысына үлескер болуға мәжбүр.

Өнім • 06 Шілде, 2023

Қор болған мол өнім

Өткен маусымның қорытындысы бойынша елімізде күнбағыс тұқымының ішкі сұраныстан асып түскен ұтымсыз қоры 400 мың тоннаның үстіне шықты. Экспортқа қойылған шектеу­лерге байланыс­ты өндірушілер өнімдерін сата алмай, 100 мил­лиард теңгеден астам табысты уыстан шығарып алды. Қазақстан астық одағының мәлімдеуінше, жағдай биылғы маусымда да қайталанып отыр.

Экономика • 08 Маусым, 2023

ЕАДБ: Өсім факторы – өзгерістерге бейімделу

Алдағы жылы еліміздің ІЖӨ өсімі 4,4% деңгейінде болжанып отыр. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі мемлекеттік бас­тамалар, мақсатты инвестициялар, сондай-ақ өндірістік қуаттарды кеңейту сыртқы ортаның қолайсыз әсерін өтейді.