Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ
Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
77 материал табылды

Теңге • 15 Қараша, 2023

Орнықты экономиканың іргетасы

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанның жаңа тарихи шежіресінде ұлттық валютаның енгізілгені үлкен бетбұрысқа бастады. Еліміз нағыз экономикалық және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізді. Кеңес одағы тарағаннан кейін біздегі өндіріс ошақтары тұралап, жұмыс орындары қысқарып, агроөнеркәсіп кешенінің аяғы тұсалғаны бар. Тоқырауға ұшыраған сол тоқсаныншы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы екі мың есеге, ауыл шаруашылығына арналған өнеркәсіп тауарларының бағасы 12 мың есеге өскен ақша қаражаты Ресейге тәуелді одақтас елдерге де оңайға соқпады. Сонымен, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін бірінші кезекте банк жүйесінің құрылуы, екіншіден, өз ұлттық валютамыздың енгізілуі, үшіншіден, ақша-қаражаты мәселесіне байланысты жаңа инфрақұрылым түзу қажет болды. Мемлекет басшысы маңызды міндеттердің бірі ретінде ұлттық валютаның енгізілуіне аса ыждағаттылық танытты. Болашақ валютаның инфрақұрылымын дайындаудың өз кезегінде валюта биржасын ұйымдастыру, монета сарайы, банкнот фабрикасы мен алтын-валюталық резервтерге арналған қойма салуға тапсырма берілді. Ел экономикасын дамытуда ұлттық валюта жүйесі мен республикалық бюджетті құру міндеті алға қойылды. Осындай қиын кезеңде төл теңгеміздің дүниеге келуі мен ұлттық валютаны айналымға шығару ісінде басы-қасында болған, Ұлттық банктің алғашқы төрағасы, қаржыгер Ғалым Байназаровтың ерең еңбегін айрықша атауға тұрарлық.

Инфрақұрылым • 10 Қараша, 2023

Тозығы жеткен инфрақұрылым жүйелі жаңғыртуды қажет етеді

Бұрынғылардың «жадау атқа қамшы үйір, жыртық үйге тамшы үйір» деп айтатынындай, бүгінде апаттық жағдайдағы ескі үйлер Үкіметтің күн тәртібіндегі өзекті мәселенің біріне айналып отырғаны анық. Ал тұрғын үйді жаңарту – халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы басты міндет екені бәрімізге белгілі. Осы ретте тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үй мен коммуналдық инфрақұрылым жүйесін қайтадан қалпына келтіру үшін Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы барлық өңірде жүзеге асырылып жатыр.

Экономика • 09 Қараша, 2023

Міндетті таңбалаудың мүмкіндігі

Елімізде соңғы жылдары тұрақты түрде тауарларға таңбалау жүргізу қолға алынғаны белгілі. Соның арқасында көлеңкелі айналымның үлесі төмендеп, халықты жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік туды. Міндетті таңбалау енгізілгеннен бері, соңғы екі жылда жеңіл өнеркәсіп нарығында – 65%, оның ішінде аяқкиім – 48,5%, алкогольді ішімдіктер 25% болса, дәрі-дәрмектер 12%-ға төмендеген. Биылғы жылдың бірінші сәуірінен бастап, елімізде аяқкиім тауарларын таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енген болатын.

Экономика • 02 Қараша, 2023

Ел экономикасын жарылқайтын банк

Осыдан екі ай бұрын Ұлттық банк мөлшерлемені 25 базалық тармаққа төмендету туралы шешім қабылдап, +/–1% дәлізімен 16,5% деңгейінде қалыптастырған-ды. Мамандар бұған инфляцияны тежеу үшін жоғары базалық мөлшерлеме теориялық тұрғыдан қажет, өйткені несиелер қымбаттап, ал депозиттер тиімдірек болуға тиіс деген еді. Нәтижесінде, базалық мөлшерлеменің біртіндеп баяулауы тауарлар мен қызметтерге деген сұранысты шектетіп, баға деңгейінің төмендеуіне әкелді. Сол айда Ұлттық банктің кредиттік портфелі 25,4 триллион теңгеге қалыптасып, алдыңғы айлармен салыстырғанда 2,3%-ға артық көрсеткіш көрсетті.

Қазақстан • 23 Қазан, 2023

Мемлекетке алынған жер әділ бөлінуге тиіс

Осыдан екі жыл бұрын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Мемлекет басшысы: «Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Бізде жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Елімізде шөп қорыған иттің кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы керек», деген еді. Бірақ Үкіметтен біраз жылға жалға алғандар басқа жері жоқтарға жалға беріп, солардың үстінен пайда көріп отырғандары жетерлік.

Инвестиция • 19 Қазан, 2023

«Халықтық IPO»: инвестициялау кезеңі

Осыдан он жыл бұрын жария түрде алғаш рет еліміздегі компаниялардың акцияларын биржада сатылымға шығару жөнінде «Халықтық IPO» жобасы іске қосылған еді. Аталған жоба аясында ірі компаниялар мен біраз қалталы азаматтар ақша аудару арқылы инвестициясын ұлғайтқан болатын.

Туризм • 17 Қазан, 2023

Әлем назарына іліккен Сарайшық

Еліміздің ең көне тарихи орындарының бірі саналатын батыс өңіріндегі Сарайшық қаласы кезінде жүзден аса хан билік құрған Қазақ хандығының алғашқы астанасы әрі орта ғасырда Алтын орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған. Бүгінгі таңда Сарайшық – туристердің қызығушылығын тудырып отырған айрықша мекен. Өткен ғасырдың 60-жылдары қоғамдық негізде ашылған музей 1999 жылы «Хан Ордалы – Сарайшық» музей-қорығы болып құрылды. XIІІ ғасырдан бастап жазылған Сарайшық қаласының тарихы кеңес кезінде елеусіз қалып, тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған.

Сараптама • 11 Қазан, 2023

Референдум өткізуге дайынбыз ба?

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында атом электр стансасын салу немесе салмау жөніндегі мәселе жалпыхалықтық референдумға шығарылатындығы және нақты мерзімі кейін анықталатыны айтылған еді.

Энергетика • 05 Қазан, 2023

Энергетикалық қауіпсіздік – маңызды мәселе

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында инфрақұрылымды жаңғыртпай жаңа экономи­калық модельді жүзеге асыру мүмкін еместігін атап өткен болатын. Өткен жылы еліміздегі жылу электр стансалары мен жылу желілеріндегі инфра­құрылымдық апаттар энергетикалық жүйеге қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Энергетика саласында әлі де болса жүйелі түрде шешімін таппай отырған мәселелер баршылық. Осыған орай Президент энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге айрықша тоқталды.

Экономика • 14 Қыркүйек, 2023

Жаңа экономикалық бағдар жолында

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында еліміздің дамуына қатысты экономикалық мәселелерге баса назар аударылды. Оның ішінде жаңа экономикалық үлгіге көшу, өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық өндірісшілерді қолдау, кен өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту, еліміздің туристік әлеуетін пайдалану, энергетикалық қауіпсіздік мәселесі, халықты газбен қамту, су үнемдейтін технологияларды енгізу және салық бақылауы, креативті экономиканы дамыту сияқты еліміздің бүгіні мен болашағы үшін маңызды мәселелер қамтылды.