Экспорт • 25 Шілде, 2023
Алпауыт көршіміз Қытай елімен арадағы теміржол көлігі арқылы жасалған жүк экспорты өткен алты айда 37 пайызға артты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылаған жиында айтты.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Ақылы жол: Төлем тағы көтеріле ме?
Кейінгі 10 жылда еліміздегі ақылы жолдардың тарифі көтерілмеген екен. Одан бері талай заң мен ереже өзгерді. «Заман озды, жол тозды!» десек те, жаңғырып, қайта жанданып жатқан жолдар жетерлік. Бүгін солардың бәрін тәптіштеп айту мақсатымызда жоқ. Бірақ осы жолы ақылы жолдардың ақысы артқанда қара халықтың қалтасына қаншалықты жүк болатындығын қарастырып көрмекпіз. Иә, жолға шыққаның бәрі жақсы жолда жүргісі келетінін ескерсек, ол жайында қозғалатын әңгіме әзірше аз бола қоймайтын сияқты...
Қоғам • 19 Шілде, 2023
«Бір дертке тисең, мың дертің қозады!» дегендей, оңтүстіктегі қауын-қарбыз өсіретін диқан қауымының ащы дауысы Астанаға да жетті. Биыл Өзбекстанмен арадағы шекара ашылғандықтан, жер емген елдің жағдайы күрт қиындапты. Қауын-қарбыз өсіруге 4-5 млн қаржы салып, қарымтаға соның 4-тен 1-ін де қайтара алмай, қара жерді сабалап қалған ағайын бар.
Көрме • 14 Шілде, 2023
Кеше «Jańa Dala / Green Day-2023» Дала күні жыл сайынғы мамандандырылған оныншы көрмесі басталды. Көрме Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС алаңында, Астанадан 90 шақырым жерде өтіп жатыр.
Елорда • 06 Шілде, 2023
Жыл ілгері жылжыған сайын Астананың көз тартар ғажайып нысандары көбейіп келеді. Әдепкіде зәулім ғимараттарымен таңғалдырса, кейінгі жылдары көрікті саябақтары мен керемет субұрқақтары, сондай-ақ сан алуан демалыс орнымен де көңіл төріне жайғасып, әр жанға мамыражай сезім сыйлауға асығады. Көшелерін көмкерген қызылды-жасылды гүлдері мен жап-жасыл ағаштары сұлулыққа іңкәр сезіміңді одан сайын баурай түседі.
Саясат • 04 Шілде, 2023
Жанар-жағармай тапшылығы болмайды
Кешегі өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов «қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жеткілікті» екендігіне арнайы тоқталып өтті. Сондай-ақ күн тәртібінен тыс еліміздің батыс өңірлерінде болған төтенше жағдайдың салдарын жою мәселесі қаралды. Негізі Үкімет отырысында вегетациялық кезеңнің өту барысы және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі мен елдегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар күн тәртібіне шықты.
Қазақстан • 28 Маусым, 2023
Штаб отырыстары өндірістің өзінде өтуге тиіс
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақыны көбейту, проактивті түрде әлеуметтік қолдау көрсету және Қазақстанда 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Әлеуметтік кодекстің жай-жапсары талқыланды.
Алматы • 23 Маусым, 2023
Алматы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты
Елдегі ең үлкен мегаполисте 2040 жылға қарай халық саны 3 млн адамға жетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында қала әкімі Ерболат Досаев хабарлады.
Инфографика • 20 Маусым, 2023
Тұтынушы құқын қорғау жүйесінің тиімділігі
Елімізде тұтынушы құқын қорғау шаралары күшейтіледі. Бұл жөнінде Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлім болды. Сондай-ақ отырыста туризм саласындағы қазіргі жағдай мен саланы дамыту бойынша алдағы атқарылатын шараларды жүзеге асыру барысы қаралды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2023
Шымкент – инвесторларға қолайлы қала
Кеше Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берді. Әкім тілшілердің сан алуан сұрағына жауап беріп, елдегі үшінші мегаполистің жай-күйімен жан-жақты таныстырды.