Қазақстан • 24 Сәуір, 2023
Көлік-логистика саласындағы ізденістер
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте байтақ даламыздан өтетін халықаралық дәліздерге аса мән бергені мәлім. Еліміздің Батыс пен Шығыс елдерінің арасына географиялық жағынан өте қолайлы орналасуын есепке алсақ, сала бойынша Президент тапсырмаларын артығымен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Ауыл • 11 Сәуір, 2023
Ауыл-аймақ тағатсыздана күткен тұжырымдама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қараша айында «Ауылдық аумақтарды дамыту» жөнінде тұжырымдама әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Президенттің осы тапсырмасын орындаған Үкімет күні кеше Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп, бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Инфляция • 09 Сәуір, 2023
Инфляцияның бәсеңдеу үрдісі: өткен айда жеті түрлі азық-түлік өнімі арзандады
Өткен наурыз айының төрт аптасында әлеуметтік маңызы аса жоғары жеті бірдей азық-түлік өнімдерінің бағасы кәдімгідей төмендепті. Атап айтқанда, пияз ай басынан санағанда 2,5 пайызға, картоп 1,1 пайызға, сәбіз 0,1 пайызға, сондай-ақ қарақұмық 4,1 пайызға, қант 1,9 пайызға, күнбағыс майы 1,2 және тауық еті 0,4 пайызға арзандаған.
Қоғам • 06 Сәуір, 2023
Ел аумағы ен жайылып жатқан соң жолдары да тым ұзақ. Нақты айтар болсақ, біздегі жалпы автожолдардың ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның 25 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Ал қалғаны облыстар мен аудандарды, одан әрі ауылдарды жалғайды. Осынау ұзыннан-ұзақ созылып жатқан жолдардың жай-күйі еліміздің әр тұрғынын толғандыратыны рас. Ендеше автожолдардың қал-қадіріне зер салып көрейік.
Экономика • 03 Сәуір, 2023
Халықаралық дәліздер неге дәрменсіз?
Кеңес одағы саясатының бір қыры – Қазақстанды және одақ құрамындағы басқа да Орталық Азия елдерін мақсатты түрде индустрияландырмай, тек қана шикізат өндіруші өңірлер күйінде қалдыруды көздегені белгілі. Бұл саясат экономикалық тұрғыда өте тиімсіз әрі теріс әрекет екенін өткен ғасырдың отызыншы жылдары Смағұл Сәдуақасовтар дәлелдеді. Бірақ қызыл билік оған құлақ аспады.
Кәсіпкер • 03 Сәуір, 2023
Бабы келіспеген бағдарлама немесе кәсіпкерлерді тыңдайтын құлақ болса...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының бірінші сессиясында ауыл шаруашылығына және ондағы кәсіпкерлер мен шаруаларға баса назар аударылуы керек екенін қадап айтты. Президенттің ықыласына риза болған отандық кәсіпкерлер демеу сөзге сүйене отырып, өздерінің назы мен базынасын білдірді. Олар: «Жағдайымызды көріп-білетін көз, айтар сөзімізді естіп-тыңдайтын құлақ болмай тұр», дейді. Осы жолы әдейілеп, жаңадан сайланған Парламент пен жаңадан жасақталатын Үкіметтің назарын аударып, «Қазақстанда жасалған» бағдарламасының барлық проблемасын жауапты мемлекеттік ведомстволар мен мүдделі қауымның алдында толық көрсеткілері келетінін ашық айтты.
Экономика • 30 Наурыз, 2023
Контейнерлік тасымалдарды дамыту және жүктердің қосымша көлемін тарту бойынша «KTZ Express» АҚ мен «Славтранс-Сервис» АҚ арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалыпты. Бұл туралы Rail-news.kz хабарлап отыр.
Экономика • 30 Наурыз, 2023
Нақты зер салсақ, жүк тасымалындағы басты критерий: жылдамдық, сенімділік және қауіпсіздік. Ал оны қамтамасыз ететін – контейнерлік тасымалдау. Қазақстандық жүк жөнелтушілер контейнерлік тасымалдаудың артықшылықтарын осылай жоғары бағалап, келешек контейнерлік тасымалда деп санайды.
Экономика • 30 Наурыз, 2023
Соңғы кездегі себепті жағдайға байланысты Қытайдан Орталық Азияға дейінгі жүк ағыны Алтынкөл стансасына бағытталатын болды.
Қоғам • 21 Наурыз, 2023
Жаңа күннен жаңа жыл басталар сәтте Керекуден керемет жаңалық келіп жетті. Онда «әз Наурыз мейрамы қарсаңында қаланың «Қазақстан электролиз зауытының» металлургтері баспаналы болды», делінген. ERG-дің тұрғын үй бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың арқасында зауыт басшылығы мамандарға осындай керемет тосынсый жасапты. Ұлыстың ұлы күнімен ілесе келген қуаныштарыңыз құтты болсын!