
Саясат • 14 Қыркүйек, 2023
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында жылдың қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Сондай-ақ IT-саланы дамытудың басым бағыттарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Мәселе • 14 Қыркүйек, 2023
Президент кезекті Жолдауында елдегі халықаралық дәліздерді тиімді пайдалануға қатысты ұтымды ойларын айтты. Ол еліміздің жаһандық көлік дәліздерімен интеграциялануы қамтамасыз етіліп, Азия мен Еуропаны байланыстырған Қазақстанның тарихи мәртебесі қалпына келтірілгенін меңзеді. Дегенмен бұл саладағы бәсекелестік өте күшті екенін бұған дейін ескерткен еді. Орталық Азия өңірінде пайда болған баламалы жобалар Қазақстанның көлік әлеуетін төмендетуі мүмкін екенін жоққа шығармаған. Ел жолшылары Мемлекет басшысының үмітін ақтап, күдігін жою үшін қандай жұмыс атқарып жатыр? Бүгінгі сөз сол туралы.
Экономика • 13 Қыркүйек, 2023
Осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Ақтау мен Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданған жүк айналымының өсімі 12%-ға артты. Ал жалпы Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жеткен.
Өндіріс • 13 Қыркүйек, 2023
Жуырда Астанадағы индустриялық парктегі Локомотив құрастыру зауытының өндірістік конвейерінен бес жүзінші локомотив жасалып шықты.
Экономика • 12 Қыркүйек, 2023
Логистикалық компаниялармен байланыс
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын көліктік-логистикалық компанияға айналдыру – Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы. Таяуда тапсырманы орындау аясында Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Өндіріс • 08 Қыркүйек, 2023
«Alstom» компаниясы Астанада Қазақстандағы теміржол көлігінің барлық түріне арналған арбаларды өндіру мен оларға қызмет көрсетуге маманданған алғашқы орталықты іске қосты. Нәтижесінде, 100-ден астам жұмыс орны ашылды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2023
Биылғы 7 айда Ақтау теңіз сауда порты арқылы 2,6 млн тоннадан астам құрғақ және мұнай құйылған жүктер ауыстырылып тиелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 24% жоғары.
Экспорт • 06 Қыркүйек, 2023
Өткен тамыз айында еліміздің теміржолшылары ерледі. «Қазақстан темір жолы» желісі бойынша 1 айда 1 млн тоннадан аса астық тиеліпті. Бұл – өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары нәтиже.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2023
Әуе билеттерінің құны неге аспандап тұр?
Қазір дүниенің бәрі қымбат десек те, жол ақысының шарықтағаны халыққа оңай болмай тұр. Соның ішінде біздің елдің әуе компаниялары қызмет ақысын тым асыра сілтеп жіберетіні рас. Оны қарапайым жұрт былай тұрсын, Сенат пен Мәжіліс депутаттары да байқап үлгеріп, жеріне жеткенше айтып әлек. Бірақ өзекті мәселе әлі шешімін таппай тұр. Ғаламторды шарлап, әлеуметтік желілерді ақтарып шыққанда келген байламымыз – осы.
Қылмыс • 30 Тамыз, 2023
Жол қауіпсіздігі мен жүргізушілерді сақтандыруға арналған жол белгілерін ұрлау әрекеті тыйылмай тұр. Мұның ақыры үлкен жол апаттарына апарып соқтыруы кәдік. Сондықтан құны түкке арзымас деп алған жол белгісінің жоғалуы адам өмірінің қиылуына себепші болу ықтималын еліміздің әр тұрғыны айқын ұққаны жөн.