Экономика • 01 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған іссапарында да, Мәскеуге барған кезінде де Еуразия кеңістігінде Батыс пен Шығыс арасына және Орталық Азия елдерінің ортасына оңтайлы орналасқан Қазақстан барлық мемлекеттің сауда жолдарын тиімді жалғай алатын транзит болатындығын алға тартты. Енді әлем алдындағы жауапкершілігі үлкен істі Қазақстан Үкіметі арқалап кете алса құба-құп.
Ауыл • 31 Мамыр, 2023
Қазір ауыл десең, әр қазақтың бір айтары бар. Мемлекет басшысы да ауыл шаруашылығын көтеріп, көсегесін көгертпей ел экономикасы ешқашан еңсе тіктеп, оңалмайтынына Үкіметтің назарын аударды. Нәтиже жоқ емес, ауылды дамыту тұжырымдамасы жасалып, бағдарламалар іске қосылды. Бірақ «әттеген-ай!» деп сан соғатын тұстары да баршылық. Мәселен, бақандай 2 795 ауыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған. Бұл қазақ елінің өзегіне түскен алапат өрт іспетті. Себебін төменде тарқатып көрелік.
Энергетика • 31 Мамыр, 2023
Энергия тарифі ырық бермей тұр
Күні ертеңнен бастап елімізде электр энергиясының тарифі 24 пайызға бір-ақ көтеріледі. Неге қымбаттайтынының 40 түрлі себеп-салдары бар. Солардың бір парасын Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мәслихатында айтып берді.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2023
Бізді әлеммен порттар байланыстырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте байтақ даламыздан өтетін халықаралық дәліздерге баса мән беру керектігі туралы айрықша тоқталып өткен еді. Мемлекетіміздің батыс пен шығыс елдерінің арасына географиялық жағынан өте қолайлы орналасуын есепке алсақ, сала бойынша Президент тапсырмаларын артығымен жүзеге асыруға мүмкіндік жеткілікті.
Тарих • 24 Мамыр, 2023
Ай-жұлдыз жасырынған қап-қараңғы түн. Қоржын тамға кіргені сол еді, помещиктің келіні шыға келді. Шошынған ол шыңғырмақ болып аузын ашты, бірақ даусы шықпады. Демі ішіне түсіп кетті-ау. Бір қарғып барды да, зіл темір жұдырықпен кеудеден солқ еткізіп соққанда, қабырғаға жабысып, талды да қалды. Алақ-жұлақ айналаға қарады, сұлық жатқан келін денесін жасыра қоятын жер жоқ. Ойланбастан екі бүктеді де, баяу жанған ошаққа тықты да жіберді. Етжеңді екен, дәу қара қазан қозғалып кетті.
Саясат • 11 Мамыр, 2023
Осыдан бірер жыл бұрын Еуропа одағы мен Қытай арасындағы сауда айналымы жылына 1 триллион еуродан асып кететін. Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты табыс көлемі төмендей бастады. Сондықтан қытай Батысқа шығатын басқа балама жолдар іздеп жатыр. Қазақ елі осы екі алыптың арасына өте ыңғайлы орналасқан. Тоқетері, бір-бірімен алыс-берісінің ауқымы алапат қос серіктестіктің ортасында жатқан транзиттік әлеуеті жоғары мемлекет – Қазақ елі. Мұны екі тарап та көріп-біліп, зерттеп, зерделеп отыр.
Саясат • 03 Мамыр, 2023
Қазақ-тәжік бизнес форумы: Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Астанада өтіп жатқан бизнес-форумға Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Тәжікстан вице-премьері Сулаймон Зиёзода қатысты. Іскерлік жиын Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға мемлекеттік сапары қарсаңында өтуде. Форумды ашқан вице-премьер Серік Жұманғарин Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.
Өндіріс • 30 Сәуір, 2023
Өңдеу өнеркәсібі өркендесін десек...
Жуырда ел сенаторлары отандық өңдеу өнеркәсібі саласының өзекті мәселелерін талқылады. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев спикері болған дөңгелек үстелге комитетке мүше депутаттар және салаға жауапты бірқатар вице-министр мен тиісті мекеменің жетекшілері қатысты.
Елорда • 30 Сәуір, 2023
Астанада жалпықалалық сенбілік өтті. Өз қаласының өркен жаюына бейжай қарамайтын барша тұрғын білегін сыбанып, бір кісідей сенбілікке жұмылды. Тіршілік оянып, жер көгере бастаған шақтағы бұл игі шара қаламыздың кейпін өзгертіп, түрлендіріп жіберетіні анық еді. Әсіресе Байқоңыр ауданының тұрғындары мен аудан аумағына орналасқан мекеме-ұйымдардың тазалыққа деген ықыласы айрықша болды.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2023
Қазіргі таңда «Қазжол ҒЗИ» жол-құрылыс материалдары бойынша нормативтерді реформалауға дайындалып жатыр. Институттың сараптамалық тобының жұмысы осы II тоқсанда ортасына жақындады.