Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
85 материал табылды

Экономика • 03 Сәуір, 2023

Халықаралық дәліздер неге дәрменсіз?

Кеңес одағы саясатының бір қыры – Қазақстанды және одақ құрамындағы басқа да Орталық Азия елдерін мақсатты түрде индустрияландырмай, тек қана шикізат өндіруші өңірлер күйінде қалдыруды көздегені белгілі. Бұл саясат экономикалық тұрғыда өте тиімсіз әрі теріс әрекет екенін өткен ғасырдың отызыншы жылдары Смағұл Сәдуақасовтар дәлелдеді. Бірақ қызыл билік оған құлақ аспады.

Кәсіпкер • 03 Сәуір, 2023

Бабы келіспеген бағдарлама немесе кәсіпкерлерді тыңдайтын құлақ болса...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының бірінші сессиясында ауыл шаруашылығына және ондағы кәсіпкерлер мен шаруаларға баса назар аударылуы керек екенін қадап айтты. Президенттің ықыласына риза болған отандық кәсіпкерлер демеу сөзге сүйене отырып, өздерінің назы мен базынасын білдірді. Олар: «Жағдайымызды көріп-білетін көз, айтар сөзімізді естіп-тыңдайтын құлақ болмай тұр», дейді. Осы жолы әдейілеп, жаңадан сайланған Парламент пен жаңадан жасақталатын Үкіметтің назарын аударып, «Қазақстанда жасалған» бағдарламасының барлық проблемасын жа­уапты мемлекеттік ведомстволар мен мүдделі қауымның алдында толық көрсеткілері келетінін ашық айтты.

Экономика • 30 Наурыз, 2023

Келісімнің нәтижесі

Контейнерлік тасымалдарды дамыту және жүктердің қосымша көлемін тарту бойынша «KTZ Express» АҚ мен «Славтранс-Сер­вис» АҚ арасында стратегиялық ын­тымақтастық туралы келісім жаса­лыпты. Бұл туралы Rail-news.kz хабарлап отыр.

Экономика • 30 Наурыз, 2023

Контейнер тасымалының әлеуеті

Нақты зер салсақ, жүк тасы­малындағы басты критерий: жыл­дамдық, сенімділік және қауіпсіз­дік. Ал оны қамтамасыз ететін – кон­тейнерлік тасымалдау. Қа­зақ­стандық жүк жөнелтушілер кон­тей­нер­лік тасымалдаудың артық­шы­лық­та­рын осылай жоғары бағалап, келешек кон­тейнерлік тасымалда деп санайды.

Экономика • 30 Наурыз, 2023

Жүк пойызы Алтынкөлге ағылады

Соңғы кездегі себепті жағдайға байланысты Қытайдан Орталық Азияға дейінгі жүк ағыны Алтынкөл стансасына бағытталатын болды.

Қоғам • 21 Наурыз, 2023

Ұлыс тойы қоныстойға ұласты

Жаңа күннен жаңа жыл басталар сәтте Керекуден керемет жаңалық келіп жетті. Онда «әз Наурыз мейрамы қарсаңында қаланың «Қазақстан электролиз зауытының» металлургтері баспаналы болды», делінген. ERG-дің тұрғын үй бағдарламасын сәтті жүзеге асырудың арқасында зауыт басшылығы мамандарға осындай керемет тосынсый жасапты. Ұлыстың ұлы күнімен ілесе келген қуаныштарыңыз құтты болсын!

Халық • 20 Наурыз, 2023

Тоқты-гриль – тойдың дәмі

Қазақ халқының ең үлкен қуаныш күні – Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі. Айтпағымыз, Самар­қан­ның көк тасы көлбіп, ақ түйенің қар­ны жарылған айпара қуанышта Жа­ра­тушы жа­рыл­қап, жамы­рас­қан халық бір-бірінің ал­дына ең дәмді асты қояды. Дана дәстүрге сай астаналық бір дәмді жама­ғатқа таныстырғалы отырмыз! Ол – «Тоқты-гриль».

Қоғам • 20 Наурыз, 2023

«Наурыз» пойызы жолға шықты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, сондай-ақ «Бурабай Даму» ЖШС мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының Наурыз мейрамына орай бірлесіп әзірлеген жобасы іске қосылды.

Қазақстан • 16 Наурыз, 2023

Транзиттік әлеует неге тежеліп тұр?

Қазіргі ушыққан геосаяси жағдайды алдын ала сезгендей 3-4 жыл бұрын Иранмен белсенді қарым-қатынас құра бастаған едік. 2030 жылға қарай Иран Ислам Республикасы жылына 20 млн тонна бидайды қажет етеді. Оның 14 млн тоннасын өздері өндіруге қауқарлы. Қалған 6 млн тоннаны импорттайды. Қазақстаннан тура тартып Иранға баратын теміржол да, Каспий теңізі арқылы тура жүзіп баратын су жолы да бар.

Өндіріс • 14 Наурыз, 2023

Төрт қалада электровоз өндірісі ашылады

Астана және Алматы қалаларында, Жамбыл мен Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр. Жобаларды іске қосу барысында жергілікті мыңдаған маманды даярлау қажет болады. Нәтижесінде, аталған аймақтардың тұрғындары үшін қаншама жұмыс орны ашылады. Ауқымды жобаны Францияның темір жол көліктері өндірісімен айналысатын компания жүзеге асырмақшы.