Театр • 24 Ақпан, 2021
Жақында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында бірден төрт жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Көрерменге күн сайын жаңа премьера ұсыну дәстүрі әкемтеатрдың өзі түгіл, қазақ театр әлемінде бұрын-соңды болмаған жаңалық. Театрдың Үлкен және Кіші залында қойылған спектакльдер тақырыбы, көтерген мәселелері, жанрлық ерекшеліктері жағынан әртүрлі болды. Сол тамашалаған төрт қойылымның ішінен белгілі мәскеулік драматург Олжас Жанайдаровтың «Екеуміз» пьесасын бөле-жара қарастырып, сыншылар көзқарасымен арнайы сөз етуді жөн көрдік.
Руханият • 15 Ақпан, 2021
Концерт залдарының ауыр шымылдығы ашыла сала құлағын тігіп, қадала қараған мың-сан көздің өтінде отырған оркестр жым-жырт қалпы әлденені, әлдекімді күтеді.
Руханият • 05 Ақпан, 2021
Кино • 02 Ақпан, 2021
Көптен көзіміз шалмағаннан кейін болар, осы күні көгілдір экраннан балалар фильмін іздемейтін халге де келген екенбіз. Себебі «балалар фильмі» деген сөздің өзі ескірген кеңестік атау-терминдер қатарында зияннан басқа пайдасы жоқ сала секілді бізден әлдеқашан алыстап кетіпті. Қателеспесек, «қазір балалар фильмі жоқ, бар болған күннің өзінде олар оны көрмейді» деп даурығып, дабыл қағып келе жатқанымызға ширек ғасыр уақытқа таяды.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2021
Өткен жылдың желтоқсан айында ұлт руханиятынан өзгеше орын алатын, тамаша дәстүрлерге бай қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығымен «Ұлттық» мәртебесі берілген болатын. 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби театрдың уығы қадалып, «Еңлік – Кебек» спектаклімен шымылдығы түрілгелі бері үлкен белестерден өтіп, рухани игіліктердің іргетасы шайқалмауы жолында еңбек етіп келе жатқан театр ұжымы бұл жағымды жаңалықты зор қуанышпен қабылдады. Қазақ театр өнерін өрге сүйреп келе жатқан сахна сардарларының «ұлттық өнерді дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан қасиетті қарашаңырақ М.Әуезов атындағы драма театрына ұлттық мәртебесі берілуі керек» деп көңілге қонымды ұсыныс айтып келе жатқанына да біршама жылдардың жүзі болған еді. Театрдың 95 жылдық торқалы тойы қарсаңында сол арман орында уын тауып, кеше М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық театрының және де өзге де төрт ірі мәдениет ошағының «ұлттық» мәртебесін иеленуіне орай еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Руханият • 13 Қаңтар, 2021
«Ұлттық» мәртебесі рухты оятады
Өткен жылдың желтоқсан айында ұлт руханиятынан өзгеше орын алатын, тамаша дәстүрлерге бай қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығымен «Ұлттық» мәртебесі берілген болатын.
Руханият • 25 Желтоқсан, 2020
Алматыда «Тарих. Тағылым. Халық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Жуырда ҚР Президенті Архивінде «Тарих. Тағылым. Халық» деген атаумен Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағының тұсаукесері өткізілді. Іс-шара бейнебайланыс форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 04 Желтоқсан, 2020
Әрбір қия-қатпарына дейін қазақ көрерменіне таныс оқиға алыстағы Америкада өтіп жатыр. Елу жыл отасып, бес бала бағып өсіріп, ақырында үйсіз-күйсіз далада қаңғып қалатын қариялардың қасіретін өткен ғасырдың басында-ақ драмаға айналдырған кезде Америка жазушысы Вина Дельмар дәл осы мәселенің бүкіл дүние халқына ортақ проблемаға айналарын қаламгерге тән жүрекпен алдын ала сезген секілді. Ал аударған Қалтай Мұхаметжанов пьесаны қазақ көрерменіне мейлінше жақындатып, ата-анасынан алыстап бара жатқан балалардың жүрегіне иман нұрын себуді мұрат тұтқаны анық.
Өнер • 20 Қараша, 2020
Шын талант тұсаулап ұстауға көнбейді деген рас. Сексеннің сеңгірінен әлдеқашан асып кеткеніне қарамастан, классикалық өнердің аңызына айналған Болат Аюханов алматылықтарды «Аиданың» премьерасын тамашалауға шақырып жатыр. Осыдан жеті жыл бұрын 75 жасында сахнада билеп, балет үшін туатын нағыз біртуарлардың уақыт үстемдігіне бағынбайтынын, сыны мен сымбатының еш бұзылмайтынын бір дәлелдеген еді.
Сұхбат • 18 Қараша, 2020
Сарбас Ақтаев: «Егеменнің» ең басты ерлігі – қазаққа қазақ атын қайтарып бергені
– Сарбас аға, «газет – қоғам айнасы, тілші – жаңалық жаршысы» деген қоғамның озық насихатшысы бола жүріп, ұлттық журналистиканың аяғынан нық тұруына қызмет еттіңіздер. Бүгінгі «Егеменнің» ардагері ретінде айтарыңыздың көп екеніне де еш күмән жоқ...