
Инновация • 27 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген тоғыз басым бағытты іске асыру барлық салада – экономика, көлік, өндіріс, білім беру, мәдениет және өзге де маңызды салаларды цифрлық жаңғырту жағынан дамыту көзделіп отырған жауапты кезеңде IT-технологияларды қолдану мүмкіндігінің жаңа көкжиектерін ашу міндеті де өткір сезілетінін байқау қиын емес. Қазақстан Президенті Архиві, Satbayev Universiti және Yandex Qazaqstan бастамасымен ұйымдастырылған «Archive Hack: Ақылды архив» алғашқы архивтік хакатоны ел Президенті атап өткен елеулі салаларды сандық технологиямен байланысты өркендету мұратына қолдау білдіре отырып, техникалық университет шаңырағында архив ісіндегі жаңа цифрлық шешімдерді болашақ жас мамандардың мүмкіндігімен бірлесе іздеуге шақырды.
Көрме • 26 Қыркүйек, 2024
Қолөнершілер одағының мүшесі, белгілі зергер, сәндік-қолданбалы өнердің танымал өкілі Серікқали Көкенов – зергерлік өнердегі көне әдіс-тәсілдерді қайта жаңғыртып, заманына қарай дем беретін дарын иесі. Оның туындыларында біздің дәуірімізге дейінгі ІV-III ғасырларда қазақ жерінде кеңінен қолданылған бүртіктеу және сіркелеу сынды көне әдістер басым.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024
Кітап әлеміне айналған фестиваль
14-15 қыркүйекте Алматыдағы Арбат алаңы әркім іздегенін тапқан нағыз кітап патшалығына айналды. Алматы әкімдігі Мәдениет басқармасы және қаланың Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен «Baurzhan foundation» қоры ұйымдастырған «Kitap Fest Almaty» кітап фестивалі өзінің онжылдығын атап өтті. Еліміздің кітап нарығындағы ең ірі фестиваль қала күні қарсаңында мегаполистің мәдени мазмұнын тереңдете түсті. 2014 жылы бастау алған фестиваль бүгінде әдеби мәдениетті насихаттаудың бірегей платформасы ретінде танылған және бұл дәстүрден биыл да жаңылған жоқ. Ерекшелігі сол, фестиваль 10 жылда алғаш рет екі күн қатарынан өтті, бұл мегаполистің кітапсүйер қауымын қуантпай қоймады.
Кино • 06 Қыркүйек, 2024
Baiqonyr – Орталық Азиядағы дебюттік және қысқаметрлі фильмдерді таныстыратын бірегей халықаралық фестиваль. Алматыда 3-8 қыркүйек аралығына жоспарланған халықаралық Baiqonyr кинофестивалі тоғызыншы рет түрлі бағыттағы режиссерлердің жарқын туындыларын топтастырып, көпшілікке жаңалығы мол кино жәрмеңкесі іспетті ұсынып отыр. Киногерлер арасында танымалдығы артып келе жатқан кинофестивальге қатысуға биыл 670 өтінім келіп түскен. Фестиваль үш бағытты қамтиды: қысқаметрлі көркем фильмдердің халықаралық байқауы, көркем және деректі фильмдердің ұлттық байқауы және бұған дейін «ойын жанрындағы дебюттік фильмдер» бағдарламасы ретінде өткізіліп келген бағыт биыл бөлек байқау ретінде қарастырылады.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2024
Шығарма тағдырын оқырман шешеді
Соңғы жылдары рухани әлемде елеулі оқиғаға айналып, оқырман қауымның оң бағасына ие болған Mecenat.kz әдеби сыйлығының ең маңызды кезеңі кеше мәресіне келіп жетті. Жоба мүшесі, модератор Әлішер Рахаттың айтуынша, биыл ұйымдастырылған тәуелсіз байқауға 40-тан аса шығарма қатысқан, оның 17-сі қазақ тілінде, 23 шығарма – орыс тілінде, арасынан тек алтауы ғана іріктеліп шыққан, 1 жазушы алыс шетелден қатысса, авторлардың арасында 10 кәсіби жазушы болған.
Өнер • 23 Тамыз, 2024
«Еvigilatio» – абстрактілі көркемсурет жанрын жандандырып жүрген суретші Наргис Рахманованың кезекті көрмесінің атауы. 2016 жылы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өткен көрмесімен салыстырғанда, бұл көрменің елеулі ерекшелігі бар – суретші ою-өрнек пішіндері мен құрылымдарының маңызын түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырып, белгілер мен дыбыстарға ерекше көңіл бөліп, оны материалдық әлемнің өнімі рөлінен жасампаздық күші бар киелі ұғыммен алмастырады.
Қоғам • 23 Тамыз, 2024
«Кітап оқу – мәдениеттің биігі»
«Baurzhan Foundation» қорының негізін қалап, еліміздегі бірқатар әлеуметтік сәтті жобаның бастамашысы болып жүрген Жұлдыз Омарбектің есімі кітапсүйер қауымға етене таныс. Оның менеджерлік қырының арқасында өмірге келген әдеби һәм әлеуметтік жобалар кейінгі онжылдықта зор қарқын алып, баспагерлер мен қаламгерлер арасын жалғаған алтын көпірге айналды. Биыл қоғам белсендісінің идеясымен өмірге келген іргелі жобалардың бірі «KitapFest» кітап фестивалінің 10 жылдық мерейтойы аталып өтілмек. Осы ретте тәжірибелі маманмен отандық әдеби нарық, кітап оқу мәдениеті төңірегінде аз-кем әңгіме өрбітіп, саланы дамыту тетіктері туралы сұрақ-жауап алмасқан едік.
Театр • 19 Тамыз, 2024
«Әйел тұрмай, еркек оянбайды». Ер мен әйел табиғатын бірауыз сөзбен түйіндеген Ғ.Мүсіреповтің әйгілі «Ұлпан» романы осы эпиграфпен басталатын. Өз ортасынан озып туған қазақ әйелінің соны бейнесі сомдалған тарихи туынды ұлттық әдебиеттің үлкен табысы саналды, сонымен қатар әдебиеттің бір қанаты – театр режиссерлерінің де назарынан қағыс қалмады.
Мәдениет • 31 Шілде, 2024
Алматыда цирк өнерінің бүгінгі жетістігі мен жаңалығын әйгілейтін ІІ халықаралық «Almaty Circus Festival» додасы мәресіне жетті. Қазақстан, Қытай, Жапония, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан, Эфиопия секілді әлемнің 18 елінен келген 80-нен аса цирк өнерінің мықтылары үш күн бойы талантын таразыға салып, халықаралық қазылар алқасы мен көрермендердің алдында тәуекел мен ептілікке құрылған өнерді түрлі қырынан таныстырды. Дәл фестиваль ашылған күні Қазақ мемлекеттік циркінің іргетасы қаланғанына 54 жыл толып, жарты ғасырдан астам табысты еңбек етіп келе жатқан ұлттық өнер ошағының өзіне ғана тән төл фестивалінің болуы заңды екенін шетелден келген меймандар да орынды атап өтті.
Білім • 27 Шілде, 2024
Еліміздің экономикалық дамуы үшін жұмыссыздық деңгейі төмендеп, білім сапасы жоғары болуы керек екені белгілі. Әсіресе аймақтарды, соның ішінде бір саланың өндірісі төңірегіне шоғырланған моноқалалардың әлеуетін көтеру аса маңызды. Осы орайда «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қолдауымен Маңғыстау өңірі мен Жаңаөзен жастары үшін іске асырылып жатқан «Жарқын Болашақ» бағдарламасының орны бөлек. Іргелі жобаның мақсаты мен ерекшелігі туралы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ әңгімелеп берді.