Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралап өңірде 5 айдан бері жұмысы тоқтап тұрған мектеп барын анықтады. Бұл туралы «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шаруашылық • 31 Қазан, 2023
«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген даналыққа ден қойған Балқаш ауданының диқандары ерте көктемде 7 000 гектар суармалы жерге күріш дақылын сепкен еді. Ақ күрішті ала жаздай күтіп-баптап, оның өніп-өсуіне күш салған аудан шаруалары осы күні орақты аяқтауға жақын. Бүгінде аталған егіс көлемінің 5 454 гектары шабылып, оның 3 846 гектары бастырылды.
Аймақтар • 31 Қазан, 2023
Болашақ чемпиондарды баулитын кешен
Шекаралы аймақ – Райымбек ауданының Сүмбе ауылының жастарын шат-шадыман еткен айтулы жаңалық – заманауи спорт кешенінің пайдалануға берілуі. Ауылдың ажарын ашып, тұрғындар көңілін көпсіткен еңселі ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр.
Өндіріс • 30 Қазан, 2023
Сүт импортына тәуелділікті төмендетеді
Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен оңтүстіктегі облыстардың сүт өндірушілеріне арналған «Консалтинг және оқыту орталығы» ашылды. Жоба сүт өндіру саласындағы Қазақстан-Германия KFM бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылуда.
Өнер • 24 Қазан, 2023
Тұмса табиғаттың ғажайыбына зер салып, сұлу келбетін қылқаламмен ақ қағазға түсіруге әуес балауса дарын иелерінің өнерін ұштауға суретші әрі өлкетанушы Болат Сәрсенбай ұшан-теңіз еңбек сіңіріп жүр.
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Бас мейрам басталғалы тұрғанда «Қазақстан халқына» қоры Алматы облысына онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешенді тарту етті.
Медицина • 23 Қазан, 2023
Науқас ахуалын жедел бағамдайтын құрал
Халықтың денсаулығын жақсартумен қатар, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру – алғашқы міндеттердің бірі. Осы бағытта Талғар ауданында «Philips Foundation» халықаралық коммерциялық емес ұйымы «Сәби» қорымен бірлесіп, елімізде жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін қайырымдылық бастамасын іске қосты.
Аймақтар • 18 Қазан, 2023
Қыс – қыр астында. Алты ай ақ көрпе жамылатын аспантау елі үшін тонналап көмір түсіріп, күл шығарудың уайымы аз емес. Қоңыр күз түсіп, ақ қырау тұрған кезден бастап әр үйдің мұржасынан көк түтін өрілетін өлкенің қысы ерте, жазы кеш келетіні белгілі.
Өнер • 18 Қазан, 2023
Қонаев қаласының орталық алаңында ұйымдастырылған «Шебер-Fest» республикалық қолөнер фестиваліне еліміздің әр аймағынан 40-тан аса он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері қатысып, халқымыздың мәңгілік мұрасына айналған атакәсіптің сан алуан түрін көрермендер назарына ұсынды. Шеберлердің көз жауын алатын қолөнер бұйымдарына қала жұртшылығы мен қонақтары үлкен қызығушылық танытты. Сонымен қатар арнайы жабдықталған сахна төрінде «Адырна» фольклорлық ансамблі мен танымал өнер ұжымдары халықтық ән-билерін орындап, фестивальдың мән-маңызын арттырды.
Білім • 16 Қазан, 2023
Оқушы есебінен бизнеске жол жоқ
Алматы облысына іссапармен келген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласындағы өзекті мәселелерді арқау еткен алқалы жиын өткізді. Облыстық әкімдік ғимаратында ең алдымен депутаттармен кездесіп, өңірдің білім беру ісіне қатысты бірқатар мәселесінің жігін ашты.