
Білім • 06 Қараша, 2023
Мектеп қауіпсіздігі қандай деңгейде?
Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, жыл басынан бері елімізде террористік акт туралы 230 жалған хабарлама тіркелген. Қоңырау шалу арқылы немесе электронды поштамен жіберілген бұл хабарламаларда 630-дан астам нысанға бомба қойылғаны туралы айтылған. Оның ішінде 400-ден астамы – білім беру мекемесі.
Сайлау • 06 Қараша, 2023
Әкім сайлауы – демократияның жаңа деңгейі
Кеше елімізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтті. Облыстық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сүйенсек, елорда уақытымен сағат 07.00-ден бастап өңірлердегі барлық аудандық және қалалық сайлау учаскесінде халық өз таңдауын жасаған. Дауыс беру күні 1497 сайлау учаскесі жұмыс істесе, алдын ала сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілген.
Сенат • 03 Қараша, 2023
Өзекті мәселелерді қамтыған сауалдар
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысы Қарағанды облысындағы төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялады, депутаттық сауалдарын жолдады.
Инфографика • 03 Қараша, 2023
Өткен он жыл ішінде халқымыздың саны едәуір артып, ұлттық құрамға қатысты көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғаны туралы ресми хабардың таралуы жұртшылықты қуанышқа бөледі. Ендігі жерде елімізде қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін одан әрі бекемдей түсу қажет. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша тақырыптық жинақты жариялады.
Мәселе • 02 Қараша, 2023
Ауған ардагерлерінің жесірлері арнайы мәртебе сұрайды
Ауған соғысы – ел тарихындағы қаралы парақтардың бірі. 10 жылға созылған сол зұлмат күндердің аяқталғанына отыз жылдан аса уақыт өтсе де, оның зардабын тартып отырған отбасылар арамызда әлі де бар.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Елімізде жол ережесін сақтау бойынша шаралар қабылданып, заңдар қатайтылып, жол бойына камералар орнатылғанына қарамастан, жол апаты мен соның салдарынан болған адам шығыны азаймай тұр. Бас прокуратура жариялаған жол-көлік оқиғалары деректері жол үстінде қаза тауып жатқандар қатары әлі де көп екенін көрсетеді.
Сұхбат • 31 Қазан, 2023
Асан АҚЫШЕВ: Әскердің әлеуеті – байланыс жүйесінде
Екі жылдан бері 31 қазанда еліміздің Қарулы күштерінде «Әскери байланысшылар күні» аталып өтіледі. Қазіргі уақытта заманауи технологиялар дамыған сайын әскери саланы байланысшылардың қызметінсіз көзге елестету мүмкін емес. Өйткені кез келген шешім мен іс-әрекеттің жедел орындалуы байланыс жүйесінің көмегімен жүзеге асады. Атаулы күнге орай біз Қорғаныс министрлігінің Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы, полковник Асан Ақышевты әңгімеге тартқан едік.
Есірткі • 31 Қазан, 2023
Жұлынқұртқа арбалған өрендер қоғамның бас ауруына айналды
Кейінгі жылдары синтетикалық есірткінің таралуы, әсіресе оны пайдаланатындар мен таратушылар қатарында жастар мен жасөспірімдердің көбеюі – елді алаңдатып отырған өзекті мәселе. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында бұл проблеманы назардан тыс қалдырмай, үнемі көтеріп отыруы оның дабыл қағарлық деңгейге жеткенін аңғартады.
Халық • 31 Қазан, 2023
Халық санағы-2021: Негізгі көрсеткіш пен өзгеріс
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының соңғы қорытындыларын жариялай бастады. «Stat.gov.kz» ресми сайтында жарық көретін тақырыптық жинақтар құнды дереккөз ретінде барлық қажетті мәліметті жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
Президент • 24 Қазан, 2023
Егемендік – басты құндылығымыз
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында Ақордада бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды. Ол ең алдымен ұлттық мерекенің мән-маңызына тоқталды.