Абдолла ДАСТАН
Абдолла ДАСТАН«Egemen Qazaqstan»
200 материал табылды

Ғылым • 03 Желтоқсан, 2024

Дара тұлғалар тағылымы

Жезқазған қаласында осындай тақырыппен қазақтың тұңғыш ака­де­мигі, ұлт мақтанышы Қаныш Сәт­баевтың туғанына – 125 жыл, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай республикалық дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті.

Өнер • 29 Қараша, 2024

Нұрғисадан бата алған, «Жезкиік» деп ән салған

Қазақ эстрадасының тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған санаулылардың бірі – композитор Жақсыкелді Сейілов оны әндерінің сұлу саздарына сүйсін­ген­дік­тен де болар өнерлі ортада «Ән әлемінің Жезкиігі» деп те атайды. Белгілі ақын Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған «Жезкиік» әнінің алғашқы авторы атақ­ты Нұрғиса Тілендиев болғанын бүгінде көпшілік біле бермейді. Бірақ Нұрағаң Жезқазғанға жолы түскенде Жақсыкелдінің «Жезкиігін» тыңдап, «мәтіннің сазын сен дәл тапқан екенсің, даланы сенің Жезкиігің шарлайтын болсын» деп батасын береді. Осы әнге байланысты кезінде Кәкімбек аға Салықовтың аузынан естіген мынандай естелік те ойға түседі.

Аймақтар • 25 Қараша, 2024

«Ең әдемі киім – ұлтымның киімі»

Сәтбаев қаласында осындай тақырып аясында облыста алғаш рет заманауи стильдегі ұлттық киімдер фестиваль-байқауы өтті.

Экология • 22 Қараша, 2024

Бақылаудың жетілдірілген жүйесі

2021 жылғы 2 қаңтарда елімізде Экология кодексі қабылданды. Көптеген талқылаудан, сараптамадан өткен жаңа Кодекстен халқымыздың күткені көп еді. «Енді экологиялық талаптар күшейеді, сөйтіп, ауа тазарады, табиғаттың тұмса қалпы сақталады» деген сенім күшейді. Содан бері екі-үш мәрте қар көрдік. Экология кодексі көптің көңіліндегі үмітін ақтап, сенімін нығайтып жатыр ма? Кесіп айту қиындау, дегенмен оң өзгерістер бар. Жақында соның біріне өзіміз де куә болдық.

Маман • 21 Қараша, 2024

Сертіне берік слесарь

Әділ Сейітжанов – Жезді қалашығының тумасы. Сонда туып-өсті, мектеп бітірді, еңбекке араласты. Дегенмен кейінгі ширек ғасырдан астам ғұмыры Сәтбаев қаласында өтіп келеді. Жездіден қоныс аударуға не себеп болды?

Ауыл • 19 Қараша, 2024

Шаруасы – далада, саудасы – қалада

Азамат Шадиев Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылындағы «Азат» шаруа қожалығына же­тек­шілік етеді. Оның бұл кәсіппен айналысқанына он бес жылдай уақыт болды. 2007 жылы қолда бар мал басын көбейтуді, сөйтіп, шаруашылық құруды алғаш рет ойлас­­тырды. «Осындай ойым бар, сіздерден көмек, жәрдем бола ма?» деп кеңселерді де жаға­лаған жоқ. Өз-өзін сынап көргісі келеді. Жай-күйін жасап еді, мал басы да көбейіп шыға келді.

Тағайындау • 18 Қараша, 2024

Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл қызметке бұған дейін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары болған Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қараша, 2024

Қоғамдық қордың қамқорлығы

Жезқазған қаласындағы «Қарлығаш» соматика санаторийі жанынан нейроортопедиялық кемшіліктері бар, 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған «QH» мемлекеттік оңалту орталығы ашылды. Ізгі іс-шара «Қазақстан халқына» қорының қамқорлығы арқасында мүмкін болды. Өйткені орталықты арнайы құрал-жабдықтармен жарақтандыруды осы қор өз міндетіне алып отыр.

Өндіріс • 06 Қараша, 2024

Өңдеу өнеркәсібінің дамуы қалыпты

Шикізат қорының мол болғаны қандай жақсы болса, өңдеу саласының дамығаны одан да маңызды. Өйткені қолда барды ұқсата білудің қажет екенін айтып жатудың өзі артық. Сондай-ақ өзіміз өңдеп, ұқсата алатын нәрсені неге шетелдерден тасымалдауымыз керек?

Аймақтар • 05 Қараша, 2024

Өнім мол түсті

Көктемде жерге түскен дәннің шығымын таразыға тартатын кездің де уақыты өтіп барады. Қамбаға қанша астық түсті? Қанша дәнді дақыл жиналды? Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ақбаян Сексенбаеваның айтуынша, Ұлытау облысы бойынша егістік алқабы биыл 31,0 мың гектарды құрады.