Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1233 материал табылды

Медицина • 17 Сәуір, 2020

Сынаққа шыдау керек

Коронавирусқа қарсы тұрудың бір амалы үйде отыру екені рас. Десе де, көктемгі дала жұмыстары қол бұлғаған кезде шаруаларға ешқайда шықпа деп айта алмайсыз. Санитарлық қауіпсіздіктің қағидаттарын сақтау керек-ақ. Бірақ жұмыр басты пенде баласы ертеңгі жейтін нанын ойламаса тағы болмайды. Өйтпеске амалы жоқ.

Коронавирус • 16 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Қария қиын жағдайға тап болды

Кеше кешкісін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам белгілі болды.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Біреуі жұқтырып, екіншісі жазылып шықты

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы зертханалық негізде расталды. Отыз жастағы науқас әйел бұрын ауырғандармен байланыста болған деген күдікпен үй карантинінде болған екен.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Карантиннің «қызықтары»

Арқа жұртының карантинге еті үйреніп алғандай. Басында, бетперде тақпағанға ит көрген ешкікөзденіп қараушы едік, қазір дым болмағандай қасынан өте шығатын болдық... Диқаншы қауым ол, тракторларын дырылдатып, көктемгі дала жұмыстарына дайындалып жатыр. Дұрыс қой енді, коронавирус кетіп, карантин біткенде аузыңа біреу әкеп нан салмайды ғой. Бақсақ, карантиннің де езуге күлкі үйірер өз «қызықтары» болады екен. «Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз» деген қазақпыз ғой. Тек, үйде отырып күлелік...

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 80-ге жетті

Бүгін Қарағанды облысында науқас жұқтырғандармен байланыста болған тағы екі адамнан COVID-19 белгілері табылды. Олардың бірі – 44 жастағы ер адам стационарда жатқан екен. Ал 46 жастағы әйел жұқтырушымен шартты түрде байланыста болуы мүмкін деген күдікпен үй карантинінде болған.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Карантиндегі Қарағандының «қызықтары»

Кеншілер астанасында коронавируспен ауырғандардың саны күн санап көбейе түскен кезде: «Әкім қайда, елдің алдына неге шықпайды?», деп әлеуметтік желіде аттан салып, дабыл қақтық. Обалы нешік, облыстың әкімі Жеңіс Қасымбек сол күні тікелей эфирге шығып, Арқа жұртына сөз арнады. Бірақ, «жаман тұмау» дегеніңіз мұнымен сап тыйыла қалған жоқ. Бүгінде осы індеттің вирусы бойында бар адамдардың саны облыста 55-ке жетті... Карантин карантинмен, дегенмен мұның да өзіндік қызығы мен шыжығы қатар жүреді екен. Өмір бар жерде осылай болуы заңды да. Сары уайымға салынбай, ер көңілдің сабырын жоғалтып алмасақ, бұл сынақ та көрген түстей өте шығар!

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: 100 мыңнан аса тұрғын әлеуметтік төлем алды

Дәл қазіргі қиын-қыстау кезеңде әлеуметтің көкейіндегіні тап басу –  атқарушы биліктің әлеуетін де, абыройын да асыра түседі. Мәселен, қазір төтенше жағдайға байланысты жұмысынан қол үзіп немесе шаруасы тоқтап қалған, болмаса күнкөрісі қиыншылыққа ұшыраған жандар үшін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмектің айналасында түрлі әңгіме өрбіп тұр.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Карантиннің сынағына шыдау керек

Коронавируске қарсы тұрудың бір амалы үйде отыру екені рас. Десе де, көктемгі дала жұмыстары қол бұлғаған кезде шаруаларға ешқайда шықпа деп айта алмайсыз. Санитарлық қауіпсіздіктің қағидаттарын сақтаған  керек-ақ. Бірақ, жұмыр басты пенде баласы ертеңгі жейтін нанын ойламаса тағы болмайды. Өйтпеске амалы жоқ...

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Карантиннің қарбалас тірлікке кедергісі жоқ

Карантин екен деп қарап жатуға болмайды. Бір күні жылға азық дейтін көктем мезгілі де жетті: қалыптасқан жағдайға қарамастан, екі білекті сыбанып, көктемгі дала жұмыстарына кірісетін кез келді.  Одан беріде сай-саладағы қар түгел еріп болмаған, яғни қарғын су қаупі әлі де болса сейіле қойған жоқ. Сонымен қатар, дәл қазіргі қиын-қыстау кезеңнің кәсіпкерлерге де оңай тимей тұрғанын ескерген жөн.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырғандардың жартысынан көбі жастар

Бүгін, яғни 14 сәуірге дейін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 78 адамға жетті. Үй жағдайындағы карантинінде 1706 адам отыр.