
Руханият • Бүгін, 08:28
Балқашта тұратын жас кәсіпкер Жансая Әбдімәлік бала кезінен неше түрлі кәдесыйлар жасауға құмар болатын. Өсе келе осы ермегі өзінің жеке кәсібіне айналды. Бүгінде ол даму ерекшеліктері бар балаларға арналған бизиборд ойыншықтарын жасаумен айналысады.
Қоғам • Бүгін, 07:53
Қылмысты дер кезінде құрықтайды
Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, қырағы көз бейнекамералар болмаса, қаншама тәртіп бұзушылық пен қылмыс көзден таса болып қалатыны жаға ұстатарлықтай. Мысалы, өткен жылы Қарағанды облысы бойынша олардың көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылып, 27,5 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мүмкін болған екен.
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда карантин күшейтілді
Қарағанды облысында жаман тұмау жұқтырғандар саны күннен-күнге бой бермей барады. Өткен аптаның ішінде бұл көрсеткіштің екі еседей өскені бұл сөзімізге толық дәлел бола алады. Міне, жағдай осылай қалыптасқан соң, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин өңірде 12 сәуірден бастап амалдың жоқтығынан карантин режімін күшейту туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2021
Кесенеден кешенге дейін: Жошы хан тарихи-мәдени нысанының құрылысы биыл аяқталады
Қарағанды облысы бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан басты жобаның бірі және бірегейі – Жошы хан кесенесі маңындағы тарихи-мәдени кешеннің құрылысы.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қарағанды облысы аумағындағы сай-салада қалыңдығы бір метрге жуық қасат қар әлі жатыр. Егер бүгін-ертең күн күрт жылитын болса, бұл қардың қауырт еритін түрі бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов мәлімдеген болатын.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2021
Қарағандылықтар жаппай егуге қамдануда
Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Бибігүл Төлегенова ұсынған мәліметке сай, өңірде бүгінге дейін ресейлік Спутник V вакцинасының бірінші компонентімен 11 207 адам, ал екіншісімен 5 634 адам егіліпті.
Руханият • 08 Сәуір, 2021
Мойынты кенті – Шет ауданында орын тепкен ірі темір жол стансасы. Алматы және Балқаш бағытынан тартылған болат жол осы елді мекенге келгенде түйіседі. Қазіргі уақытта бұл ауылда екі мыңнан астам адам мекен етеді.
Өнер • 07 Сәуір, 2021
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында фотосуретші Дмитрий Ругистің «Қасиетті Ұлытау» атты фотокөрмесі ұйымдастырылды. Келушілер назарына автордың «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында бірнеше жыл қатарынан түсірілген туындылары ұсынылды.
Бокс • 05 Сәуір, 2021
Тұрсынбай Құлахмет қомақты гонорарға ие болды
Біріккен Араб Әмірлігінің ірі қаласы Дубайда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эбер Рондоны (20-1, 13 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңген Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2021
Қарағандылық полицейлер құны 24 млрд теңге болатын есірткі тәркіледі
Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірге жүргізілген арнайы операциялар барысында Қарағанды, Ақмола облыстарында және Павлодар қаласында жұмыс істеп келген төрт есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.