Аймақтар • 26 Тамыз, 2021
Қалалардағы қоқыс тасушылардың жұмысы жеңіл емес. Соған сай еңбекақылары да жоғары болса бір сәрі ғой... Бірақ шынтуайтына келгенде, олардың қолға алатын айлықтары тіпті де мардымсыз. Содан да болар, қоқыспен күресушілер жұмысының сапасына айтылатын сын аз емес. Болмашы жалақыға кім жанын салып істесін?..
Аймақтар • 18 Тамыз, 2021
Абай ауданының Топар кентіндегі Шерубай батырға қойылған ескерткіш белгі көп жылдар бойы күтім көрмей, тоза бастаған-тұғын. Таяуда жергілікті «Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің еріктілері мен Абай атындағы орта мектептің педагогтері бұл кемшілікті жою бойынша акция ұйымдастырды.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2021
Балқаш қаласының маңындағы табиғаты таңғажайып Бектау ата тауы еліміздегі киелі нысандар мен басқа да ерекше қастерленетін табиғи мұра ескерткіштерінің картасына кіреді. Мұнда 600 метр биіктікте орын тепкен Әулие ата үңгірі бар. Бұл жерге жұрт көптеп келеді.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2021
Ұстаздар қауымының 92,6%-ы вакцина алды
Қарағанды облысында індеттің өршуіне байланысты білім беру қызметкерлерінің жаңа оқу жылына деген дайындығына айрықша мән берілген. Сол себепті өңір мұғалімдерінің коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алу іс-шарасы кең ауқымда ұйымдастырылды.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2021
Қарағандыға серіктес қала Шахтинскінің жастары айналадағы сұрықсыз сұр түсті өзгерткісі келеді, шаһардың шырайлана түскенін қалайды. Таяуда олар қаладағы трансформаторлық қосалқы стансаның қабырғасына граффити суретін салды.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2021
Қажымайтын Қажытай 777 шақырымды жаяу жүріп өтті
Қарағанды облысының Асхат Қажытай есімді тумасы өзінің «Жаяу» марафон» атты жобасы арқылы жұртшылыққа танымал бола бастады. Ол осыдан біраз бұрын кеншілер астанасынан Ақтоғай ауданындағы Ақсораң тауына дейінгі 333 шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтіп, ел назарын өзіне аударған болатын.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Қарағанды облысында соңғы бір жарым жыл үшінде күре жолдың бойындағы апаттың салдарынан 200 адам көз жұмып, 800 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған екен. Өкініштісі сол, апатқа ұшыраған жерлестеріміздің басым көпшілігі – белсенді еңбекке қабілетті, яғни дер шағындағы азаматтар. Ал әрбір тоғызыншы апатта балалар зардап шеккен. Сірескен статистика осылай дейді...
Экология • 04 Тамыз, 2021
Тау басындағы таңғажайып Шайтанкөлдің жағасына қалайша қоқыс шашып кетуге болады? Өкінішке қарай, кейінгі кездері көздің жасындай көлді тамашалауға келген туристер тазалық дегенге мән бермейтін болыпты.
Коронавирус • 04 Тамыз, 2021
Ел ішінде «жаман тұмаудың» тыйылмай тұрғанына себепші болып отырған «қазақтың тойы» деген түсінік түпкілікті қалыптасты. Бұлай деуге негіз бар. Жасыратыны жоқ, бүгінде еліміздің барлық қаласында жасырын тойлар өтіп жатыр. Бұған тыйым салуға жергілікті атқарушы һәм құзырлы органдардың шамасы келмей қалды.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2021
Шаппа шот пен «құйрықты» пышақ
Қарағанды облысының Шет ауданындағы Талды тарихи-археологиялық паркінің аумағында жүргізілген зерттеу барысында қола дәуіріне жататын тұтқасы бар шаппа шот пен «құйрықты» пышақ табылды.