Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Біреуі жұқтырып, екіншісі жазылып шықты

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы зертханалық негізде расталды. Отыз жастағы науқас әйел бұрын ауырғандармен байланыста болған деген күдікпен үй карантинінде болған екен.

Қарағанды облысы: Біреуі жұқтырып, екіншісі жазылып шықты

Енді қуанышты хабарға көшейік. Бүгін, яғни 15 сәуір күні Қарағанды облысындағы ауруханадан коронавирус дертінен сауыққан тағы бір науқас шығарылды.

Жасы 28-дегі бұл әйел ауруханаға 27 наурызда жатқызылған екен. Ол бұрын коронавирус жұқтырған науқаспен жақын байланыс болыпты. Қазіргі уақытта толық емдеу курсын өткен науқас дертінен құлан-таза айығып шыққан. Енді ол үй карантинінде екі апта болады. Оған екі мәрте жасалған ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен, 15 сәуірге дейінгі дерек бойынша, Қарағанды облысында «жаман тұмау» жұқтырған екі науқас жазылып шықты.

 

Қарағанды облысы