Аймақтар • 14 Тамыз, 2022
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Абай облысының Аягөз ауданында сақ дәуіріне тиесілі ескерткіш табылды. Бозай ауылының маңында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырмен мерзімделетін, яғни ерте темір дәуірінің жерлеу-ғұрыптық ескерткіші анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2022
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Курчатовтағы қалалық ауруханада көп жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұған қоса мұнда кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың осы өңірге жасаған сапары кезінде белгілі болды.
Абай • 11 Тамыз, 2022
Тамыздың 10 жұлдызы – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған байланысты Семейде жоспарланған мерекелік іс-шаралар ұлы шайырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етуден басталды.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2022
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Бородулиха ауданындағы ауылды елді мекендерде жолдың сапасы сын көтермейді. Кейбір ауылдарда жол мүлдем жоқ десе де болады. Бұл туралы аудан халқы облыс әкімімен кездесуде айтты.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2022
Жол-көлік инфрақұрылымы саласында көпірдің әлеуметтік әрі стратегиялық маңыздылығы жоғары. Өкініштісі сол, Семей қаласындағы 4 көпірдің екеуінің жағдайы алаңдатарлықтай.
Экология • 09 Тамыз, 2022
Семей өңіріндегі ерекше қорғаудағы табиғи аумақтарда тұяқты аңдардың көбейгені байқалып келеді. Айталық, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметіне сүйенсек, қазір бұлан, сібір елігі, қабан сынды аңдардың популяциясының өсімі тұрақты.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2022
Семейде халыққа арналған қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатындай жақсы ұйымдастырылмаған. Айталық, шаһарда адамдардың серуендеп, тынығатын орындары шектеулі. Бар жерлердің өзі қаңырап, қараусыз күйде жатыр.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2022
«Тұғыры биік Тарбағатай» – Абай облысының Ақсуат ауданында жалауы желбіреген халықаралық өнер және спорт фестивалі. Оның барысында бірнеше елдің балуаны бозкілемде белдесіп, 140 шақырымға жалғасқан аламан бәйгеде нағыз тұлпарлар анықталды. Сол секілді «от ауызды, орақ тілді» айтыскер ақындар «Асыл домбыра-2022» сайысында өз мықтылығын көрсетті.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2022
Семей қаласының әкімдігі жергілікті тұрғын, грек-рим күресінен балалар жаттықтырушысы Ержан Амархановтың бастамасына қолдау көрсетпек. Мәселен, шаһар билігі аталған азамат қолға алған жағажайдың маңын абаттандыратын болады.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Кәсіпкерді әбігерге салған құрылыс
Семейде бір топ кәсіпкер жол құрылысына наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, жол жөндеу жұмыстары кәсіптерін жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Шағымданушы тараптың уәжін Абай облысының әкімі тыңдап қайтты.