Жақсылық САҒАДАТ
Жақсылық САҒАДАТ«Egemen Qazaqstan»
469 материал табылды

Экономика • 24 Желтоқсан, 2019

Жер қойнауын кімдер игеріп жүр?

Соңғы кездері еліміздің іскер ортасында жер қойнауына қатысты қызу пікірталас өрбіді. Бұған аталған салада ұлттық операторды тағайындау мәселесі түрткі болды. Жекелеген компаниялар бұл бастамаға қарсылық білдірсе, ел билігі оның пайдалы қазбалар нарығын дамытуға септігін тигізетініне сенімді. Шынтуайтына келгенде, Қазақстанда нағыз металдың он шақты түрі ғана дайын өнім түрінде шығарылады. Сала мамандарының айтуынша, отандық геологияны тездетіп қолға алмаса, алдағы онжылдықта ауқымды проблемалар басталуы мүмкін. Бұл қауіп қаншалықты рас? Міне, осы мәселеге назар аударған едік.

Экономика • 23 Желтоқсан, 2019

Цифрландыру экономикалық өсімге жол ашты

Жаңа технологиялар ұлттық экономиканың артуына қолғабыс етуде. Мәселен, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» трансформация бағдарламасын жүзеге асыру арқылы пайда көлемін 86 млрд теңгеге арттыруды көздемек. Ақпараттық технологиялардың осы және өзге де игіліктері жайлы Digital Samruk-2019 конференциясында айтылды.

Экономика • 19 Желтоқсан, 2019

Электр энергетикасы: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер

Биыл қазан айында өткен «Digital Bridge» екінші халықаралық технологиялық форумы аясындағы Digital Bridge Awards жүлдесін квазимемлекеттік ұйымдар арасынан «KEGOC» АҚ ең үздік цифрлы кеңсе номинациясы бойынша жеңіп алды. Біз компанияның Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевпен әңгімелесіп, жүлдеге жеткізген негізгі мәсе­ле­лер туралы айтып беруін өтіндік.

Экономика • 10 Желтоқсан, 2019

Балама энергетикаға басымдық беріледі

Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестиция 15 пайызға артты. Жыл қорытындысына сәйкес, өндіріс көлемі 450 млрд теңгеден асады деп күтілуде. Экономиканың өсуі 105,7 пайызды құрады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Асқар Мырзахметов айтып берді.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

«Олимптің» омақасуы – Заңсыз ойын ұйымдастырған букмекерлік кеңсенің жұмысы тоқтатылды

Қазақстандағы «Олимп» букмекерлік кеңсесі жұмысын тоқтатты. Аталған ұйым интернет арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл факті ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті мен прокуратура органдарының бірлесіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастауға түрткі болды. Анықталғандай, компания көлеңкелі бизнестен түскен ақшаны ел аумағынан тыс жерлерге аударып отырған.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019

Үлескерлер баспанасыз қалмайды

«Восточка» тұрғын үй кешені келер жылы пай­да­лануға беріледі. Бұл туралы «Samruk-Kazy­na Construction» АҚ өкіл­дері аталған кешеннің үлес­кер­лерімен өткен кездесуде айтты. Осы мақсатта компания 16 үйдің құрылысын аяқ­тауға 7,1 млрд теңге көле­мінде қаражат бөлмек. Ны­санды салу жаңа мерді­герге тапсырылды. Ал сатып алушылар үшін шарттар мен бағалар бұрынғы күйінде қалады.

Технология • 03 Желтоқсан, 2019

Ғарыштың игілігін көре аламыз ба?

Былтыр ғарыш саласындағы инвестицияның жалпы айналымы 3 млрд доллардан асты. Бұл 2017 жылдағы көрсеткіштен 30%-ға артық. Соңғы 30 жылда ғарыш жобаларын қар­жы­ландыруға 20 млрд-қа жуық доллар жұмсалды. Мұндай дерек NASA ғарыш агенттігінің есебінде айтылған. Мамандар саланың қарқынды дамуын теле-радио коммуникациялық жүйелеріне сұраныстың артуы және цифрлы технологияларды дамытудағы жеке компаниялардың осы бағытқа тартылуымен байланыстырады.

Экономика • 20 Қараша, 2019

Өзбекстанға электр энергиясын шығарады

Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанын­дағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бас­пасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.

Экономика • 20 Қараша, 2019

Өзбекстанға электр энергиясын шығарады

Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанын­дағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бас­пасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.

Экономика • 19 Қараша, 2019

Ақтөбе инвестиция тартудан алда тұр

Ақтөбе облысы инвестиция тарту жағынан елімізде көш бастап тұр. Жыл соңына дейін 600 млрд теңге инвес­тиция тартылады деп жос­парлануда. Бұл көрсеткіш былтырғыдан қарағанда 5%-ға жоғары. Алайда өңірде аграрлық сектордың дамуы көңіл көншітпейді. Нақты айтқанда, ауыл шаруашылығының аймақ экономикасына қосатын үлесі 5%-ға жетпейді. Мұндай статистиканы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Оңдасын Оразалин айтты.