Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
895 материал табылды

Таным • 27 Мамыр, 2024

Ұялу мен қызару

Адам ұялса, қызарады дейміз. Ал Францияның ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған орта ұлттық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары үй тауықтары ашудан, қуаныштан және басқа да эмоциялардан қызарып кететінін анықтады.

Өнер • 24 Мамыр, 2024

Париждегі аншлаг

Күні кеше ғана Париж аспанында қазақтың әсем әні мен күміс күйі күм­бірледі. Еуропа жұрты бұл жолы «Ас­тана сазы» қазақ мемлекеттік фоль­клорлық ансамблінің концертін тамашалап, халқымыздың бай мұрасынан сусындап қайтты.

Таным • 24 Мамыр, 2024

Стендаль синдромы

Француз жазушысы Стендаль 1817 жылы Фло­­рен­цияға барғаннан кейін: «Мен Қасиетті Крест шір­кеуінен шыққан кезде жүрегім дүр­сілдеп, өмірдің жарығы таусы­лып, жерге құлап кетердей сезіндім», деп жазады.

Таным • 23 Мамыр, 2024

Сазсырнайға сырыңды айт

Салыстырмалы түрде алсақ, қазір адамдардың көбі күйзеліске жиі ұшырайды. Мұның себебі де көп. Жан тыныштығын іздеген пенде түрлі амалға да жүгінеді: медитация, аффирмация. Ал жанға дауа нағыз терапия қазақ даласында сонау сегіз ғасыр бұрын пайда болған. Ғалымдардың айтуынша, үрмелі аспап сазсырнай – күйзелістен құтқаратын таптырмас ем.

Таным • 23 Мамыр, 2024

Суретшінің үйі

Егер Францияға жолыңыз түсер болса, ғажайып суретші-импрессионист Клод Моненің үйіне тоқтауыңызға болады. Иә, «Airbnb» қызметі бірнеше жылдан бері қылқалам шебері Клод Моне тұрған әйгілі көк үйді жалға беріп келеді. Әсіресе өнерге жаны құмар адамға аңызға айналған шебердің үйінде тұру, Моненің ізімен жүру өлшеусіз бақыт екені сөзсіз. Бұл, әрине, кез келген тұлғаның мұражайына ақысын төлеп, кіріп шыққаннан әлдеқайда биік сезім. Тіпті тарихты көзбен көргендей әсер қалдыруы мүмкін.

Таным • 22 Мамыр, 2024

Алғашқы аудармашылардың бірі

Қазақ жерінде ең алғаш орыс әдебиетінің классиктерін тәржі­малаушылардың бірі Халиолла Құнанбайұлы екенін біреу білсе, біреу білмес. Халиолла Құнанбайдың үшінші әйелі Айғыздан туған. Дана Абайдың талантты інісі. Ол жасында барлық Құнанбай балалары сияқты ауыл молдасы Ғабит­ханнан дәріс алып, мұсылманша хат таниды. Семейдегі Камалиден хазіреттің медресесінде үш жыл оқып, оған қоса өзі ынта қойып, орысша сауатын ашып, кейін Омбыдағы кадет корпусында білім алған.

Кино • 22 Мамыр, 2024

Кино саласындағы серпіліс

Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Францияның Ұлттық кинематография және анимация орталығы халықаралық Канн фестивалі аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Музей • 22 Мамыр, 2024

Ұлттық музей – Қытайда

Халықаралық музей күні аясында Сиань қаласындағы Шэньси тарихи мұражайында «Чанъаннан бастап: Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгеніне 10 жыл толғанын мерекелеу» көрмесі ашылды.

Кино • 22 Мамыр, 2024

«Соңғы үкім»: Қиян жолда мойымаған ғұмыр

Күні кеше ғана ел астанасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған тағы бір көркем фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. «Соңғы үкім». Атауы айтып тұрғандай, картинада көрнекті тұлғаның тағдырын шешкен соңғы үкіміне дейінгі барлық кезеңі суреттеледі. Бақ пен талас, қуаныш пен қайғы, өкініш пен үміт... Әрине, Ақаңның ерен еңбегі мен қилы өмір жолын бір фильмге сыйғызу мүмкін емес. Шығармашылық ұжым 126 минуттық туындыда дара тұлғаның тағдырына әсер еткен елеулі оқиғаларды көрсетуге тырысқан. Фильмнің жабық көрсетіліміне ­зиялы қауым қатысты.

Таным • 21 Мамыр, 2024

Өз ақылы өзіне...

Жазудың азабы да, ләззаты да бірдей деседі. Ал жазудағы жауапкершілік, тәртіп, жүйелілік әркімде әртүрлі. Біреу жалқауланып, жазу үстелінен қашып жүреді. Енді біреу шалқар шабыты туатын сол бір сәтті күтеді. Тағы біреу жазуға өз-өзін зорлап отырғызады.