Руханият • 21 Мамыр, 2024
Кітапсыз қоғам: себеп пен дәйек, ой мен орам
Бүгінгі қарыштап дамыған, жаһанданған қоғамның бір ұрты май болса, бір ұрты қан екені де рас. Иә, кешегі кезеңмен салыстырғанда өміріміз жақсарды, тұрмысымыз жеңілдеді, Айға да ұшуға мүмкіндік бар. Есесіне, рухани құлдырауға ұшырадық. Бұрынғыдай кітап іздеген, түнді таңға ұрып майшаммен кітап кемірген, бас қосқан дос-құрбылар оқыған шығармасын айтып шуласқан қоғам қазір өзгерген. Бұл кітап оқымау ғадеті қазақ қауымында ғана емес, барша әлемде белең алып отыр. Кітап оқуға толық мүмкіндігі бар адамдардың көркем әдебиетке қызықпауының себебі көп. Ең басты дәуірлік себеп, әрине, «сананы тұрмыс билеуінде» дейміз. Осы ойымыз рас па өзі?
Таным • 17 Мамыр, 2024
Сан түрлі тағдырлы адамдардың қарым-қабілеті де, қызығушылығы да, өнерлілігі мен өнерсіздігі де әртүрлі. Әсіресе шығармашыл жандар өнерден басқа ештеңеде ісі жоқтай көрінеді. Десек те жазудың классикалық үлгісін көрсеткен қаламгерлер де спорттан кенде емес екеніне әдебиетте мысал көп.
Таным • 16 Мамыр, 2024
Өнердің өлшемі – талант. Екібастан. Дегенмен кейде көркем туындының сәтті шығуына таланттың тағдыры да әсер етіп жатады. Жалпы, өнердегі мұндай оқиғалар туралы мың сан мысал келтіруге болады. Мәселен, кез келген атақты суретшінің есімі оның шығармашылығымен ғана байланысты сияқты.
Жәдігер • 16 Мамыр, 2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Семейде экспедицияға қатысушылар бірнеше тарихи жерлерді аралады.
Көрме • 16 Мамыр, 2024
«Қазақтан суретші шықты» деген сөзді айтқызған Әбілхан Қастеевтің мол мұрасы – бүгінгі ұрпаққа олжа. Өнерлі жанның таланты тағдырына айналса, есін білер-білмес бала кезінен-ақ ұшқынданып, қылаң беретіні анық. Әйгілі суретшілердің бәрінің алғашқы шығармашылығы топыраққа, қабырғаға, ақ қағазға түскен шимайдан басталды. Әбілхан Қастеев те ең алғашқы суреттерін тасқа қашап салған.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Бүгінде қоғам кітап оқымайды деп көп шулаймыз. Тіпті жаһандық мәселеге айналып отыр. «Кітап оқымау» үрдісінің барша әлемнің түкпір-түкпіріне жайылуына әсер ететін фактор көп: қоғам, сана, тұрмыс, идеология, телефон. Десек те жастардың белгілі бір деңгейде кітап оқитынын да жоққа шығара алмаймыз.
Кино • 15 Мамыр, 2024
Ұлттық киноны қолдау орталығы алғаш рет 77-халықаралық Канн кинофестивалі аясында «Marche Du Film» кинонарығына қатысып жатыр.
Таным • 14 Мамыр, 2024
«Аяқкиім сатылады... Киілмеген»
Хемингуэйдің ең қысқа әңгімесі барша әлем оқырманына мәлім: «For sale: baby shoes, never worn» («Балаларға арналған аяқкиім сатылады. Киілмеген»). Бір уақыттарда жазушы өзі жазған барлық шығармадан басып озатын алты сөзден тұратын жан тербетерлік әңгіме жазып шығам деп достарымен бәстеседі. Ақырында сол бәсте ұтып шығып, әрқайсысынан 10 доллардан қағып алады.
Жәдігер • 06 Мамыр, 2024
Бұған дейін Хан Кененің мылтығы мен сауыты туралы ара-тұра естіп қалатынбыз. Кейінгі уақытта Кенесарының қылышы жөнінде де әңгіме қозғалып жүр. Біреулер Мәскеудің бір мұражайынан көрген деседі. Шынында да Кенесарының қылышы қайда?
Таным • 04 Мамыр, 2024
Ғабит Мүсірепов әйгілі «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін қарындашпен жазып шыққаны әмбеге аян. Қадыр ақын да өлеңдерін қарындашпен жазғанын білеміз. «Өйткені өте ыңғайлы, тұрып та, отырып та, жатып та жаза беремін», дейтін өзі. Сол сияқты Джон Стейнбек те шығармаларының алғашқы нұсқасын қарындашпен жазатын.