Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
897 материал табылды

Жоба • 01 Сәуір, 2024

Жаңа жоба – «Qazaq Culture»

Жуырда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева мен «Qazaq Culture» сайтын әзірлеуші Мерей Зейнеш «Qazaq Culture» бірегей жобасын таныстырды.

Таным • 31 Наурыз, 2024

Сыры терең Да Винчи

Өнерде шарттылық жоқ. Жалпы, өнер атаулыға жұмбақ әлем, тылсым күш, құпия, аңыз-әңгіме сынды ұғымдар ортақ. Мәселен, талай ғасырлар бұрын жазылған ғажап туындылардың тарихы әлі күнге дейін зерттеліп, тере­ңінде көмілген сыры ашылып жатыр.

Руханият • 29 Наурыз, 2024

Жастар әдеби клубы: алғашқы отырыста не айтылды?

Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және ақпа­рат министрі Аида Балаеваның қатысуымен жаңадан құ­рылған жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті. Рухани басқосуға еліміздің әр аймағынан келген 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер, «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының, Президенттің арнайы әдеби сый­лы­ғы­ның лауреаттары, халықаралық, республикалық әдеби бай­қау­лардың жеңімпаздары қатысып, осы саладағы күрмеулі мәсе­ле­лерді талқылады. Келелі ойларын да ортаға салып, түрлі ұсынысын айтты.

Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Шетел радиосында –­­ қазақ күйлері

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бес құр­лықта танымал қа­зақ күй­­лері күм­­бірледі. Күй­ші Құр­ман­­ғазы, Дай­ра­­бай Ерна­зар­ұлы мен Түркеш Қалқа­ұлы­­ның ком­по­зи­цияларын 26 елдің радио тың­дау­шылары тыңдады.

Театр • 28 Наурыз, 2024

Жаңа бағытта жаңғырған...

Бүгінде қуыршақ театрлары жан-жақтылығымен өзгешеленіп, жаңаша форматтар мен батыл қадамдардың, тың жаңалықтардың ордасына айналып отыр. Сиқырлы сырға толы ғажайыптар мекенінде кішкентай көрермендермен қатар, ересектер де рухани демалып қана қоймай, заманауи театр келбетіне куә бола алады. Иә, қуыршақтар сөйлейтін сахнада да қоғамның түрлі оқиғалары, өмірдің түрлі қиылыстары суреттеледі.

Таным • 28 Наурыз, 2024

Сіз білесіз бе?..

Біз осы классиктермен бір планетада тұрамыз дейміз. Бірақ ғұмыры аңызға айналған ақын-жазушылардың ойы, болмысы мен міне­зі, өмірі – өзінше бір бөлек әлем, бізден түу жы­рақ­тағы қабат-қабат аспаннан да жоғары кеңістік сынды. Әдебиет тарихында ақын-жазушылардың бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек ғадеттер мен іс-әрекеттер жиі кездеседі. Еркеліктері де аз емес және өздеріне жарасады. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінезі – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы. Кейде оқырман оларды осы тосын мінезі үшін, таңғаларлық әдеттері үшін жақсы көреді. Кейде түсінбей, шошып түседі. Басқа әлем деп отырғанымыз да содан шығар.

Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Аңдатпа: Бальзактар мен Мопассандар

3 сәуірде Ұлттық академиялық кітапханада франкофон ті­лін­дегі әдебиет бұрышының ашылуы өтеді.

Таным • 27 Наурыз, 2024

Үш кітап пен бір кем дүние

Қазақ қоғамының бүгінгі күрмеулі мәселесінің бірі – оқу. Аны­ғырақ айтқанда, оқырманның қазақ көркем шығармаларын оқуы. Бұл мәселенің айтылып жүргеніне көп жыл болды, һәм айтыла беретін секілді. Расында, қазіргі оқырман кімдерді оқып жүр? Қандай жанрдағы кітаптар көп оқылады? Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонағы – жазушы Есболат Айдабосын. Дәстүрлі сұрақ: не оқып жүрсіз?

Көрме • 27 Наурыз, 2024

«Әзірет Сұлтан» – Татарстанда

Татарстандағы «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халық­аралық көрмесі ашылды. Мәдени іс-шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйым­дас­тырып отыр.

Қоғам • 26 Наурыз, 2024

Мектеп оқушылары сала басшысымен бірге домбыра тартты

Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мере­кесіне орай Оқу-ағарту минис­трлігінің ұйымдас­­тыруымен еліміздегі барлық білім ошағында «Күй күмбірі» рес­пуб­ликалық чел­ленд­жі өтті. Оған балабақша бүлдір­шіндерінен бастап, мектеп оқушылары мен студенттерге дейін барлығы – 2 мил­лионға жуық бала қатысты. Жас өнерпаздар бір уа­қытта белгілі композиторлар мен ха­лық күйлерін орындады.