Тағзым • 01 Ақпан, 2024
Ел астанасында белгілі театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Болат Атабаев туралы түсірілген «Мың жылдық ойын» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Авторы – журналист-жазушы Қанат Тілеухан.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
«Биыл 200-ден аса кітап шығарамыз»
Бүгінде елімізде 300-ге жуық баспа мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істейді. Сан түрлі баспадан әр жылдары мың түрлі кітап басылып шығады. Оқта-текте өтетін жәрмеңкелерде болмаса, қай жерден қандай кітап шығып жатқанын білмейміз. Осы ретте «Фолиант» баспасынан биылғы жоспары мен өткен жылдың қорытындысын сұрап көрдік.
Руханият • 29 Қаңтар, 2024
Газеттің мәдениет және әдебиет бөлімінде істеген соң, көркем шығарманы талдау, сыни пікір айту, рецензия жазу секілді әдеби ғадеттерден алыс кетпейміз. Әрине, кәсіби сыншы болмасақ та, қадари-халімізше өз ой биігімізден тәуір сөз айтуға тырысамыз. Десек те әр жазар қаламның бағытын айқындайтын беттүзер, ойтүзер, сөз суырар, кейде оталып, шабыттанар, темірқазық бір авторы болатыны анық. Ол өзі ылғи компьютеріңнің маңайында, қолсозым жерде жатады. Күнде жазып жүрген жазуың аяқасты қағазға түспей, қаламың кібіртіктеп, дүниенің азабына айналған сәтте сол бір аяулы кітапқа құшырлана қол жүгіртесің. Енді бір кезде оқып отырған мақалаңды өзің де жаза алатындай арқалана түсіп, жалың күдірейе түседі. Әдебиетшінің қалам-қуатынан күш алып, өз қаламың да жүгіре жөнеледі. Біздің сондай әбден парақталған киіз кітабымыздың бірі – «Шындыққа сүйіспеншілік», авторы – Сағат Әшімбаев.
Әдебиет • 29 Қаңтар, 2024
Өз заманында Толстой ақсақал: «Келешекте жазушылар біз сияқты том-том шығармалар жазбауы мүмкін. Тіпті көркем нәрселерге бару да бірте-бірте тыйылуы мүмкін. Мақалалық дүниелермен шектеліп, соны әдебиет деп есептеп, сондай бағытқа ауып кетуі мүмкін» деген екен. Бұл пайымның айтылғанына, міне ғасырдан да ұзақ уақыт өтіпті. Толстой тәмсілі шынға айналып келеді.Қоғамда қанша жазушы болса, сонша оқырман қалды. Бұл – бүгінгі әдебиеттің ауа райына қатысты айтылған дәл сөз. Адамдардың жазуға, руханиятқа қызығуы тіптен әлсірегенін осыдан байқаймыз. Оқырманның азаюы әлемде де өзекті мәселеге айналса да, Батыспен салыстырғанда қазақ әдебиетінде шығармашылық жетістіктер әлдеқайда аз. Мәселен, қазір бізге кітап оқығанның бәрі сұлу һәм қадірлі. Толстой біздің бұл халімізді де тап басып танып айтыпты. Бұдан бөлек публицистік сарыны басым жазбалардың көркем әдебиетке таңылып жүргені, бұл үрдістің белең алып бара жатқаны тағы бар.Әдебиетті әр адам өзінше түсінеді, өзінше пайымдайды. Әркімнің көкей кеңістігінде өз «әдебиеті» бар. Көркем ой мен сұлу сөздің түйіскен тұсы – әдебиет хақында өзіміз емес, өзге ұлттың қандай ой айтары бізге таңсық. Осы орайда таңсық дүниенің астарына үңіліп, Аустрияның жас жазушысы Александр Вадиммен онлайн-байланысқа шығып, сөйлесіп көрген едік.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2024
Әгәрәки, Рабатқа (Марокко) жолыңыз түсе қалса, орталық базардағы қаз-қатар тізілген кітап дүкендеріне соғарсыз. Дүкен дегенде жерге жая салған жайма базар ғой. Аты да жоқ, сөресі де жоқ, сарғайған ағаш есігі айқара ашылған, арғы жағында тау боп үйілген кітаптар... Бір қарағанда, «кітап үңгірі» ме дерсің.
Өнер • 24 Қаңтар, 2024
Ұлттық өнеріміз Францияны ұйытты
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шығармашылық ұжымдары мен әртістері Францияның Бельфор қаласында «Focus Kazakhstan 2024» ауқымды мәдени жобасына қатысып жатыр. Жыл соңына дейін жалғасатын жобаға өнерпаздарымыз екі бірегей музыкалық іс-шара ұсынады.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Креативті индустрия табысты салаға айнала ма?
Кейінгі уақытта елімізде креативті индустрияға баса мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап өткен еді. «Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналды. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен», деген еді Қ.Тоқаев.
Таным • 22 Қаңтар, 2024
Өнер • 17 Қаңтар, 2024
Бүгінгідей озық технологияның заманында қай салада да ілкімді жаңалықтар ілгерілеп келеді. Өнерде де шектеу, шекара жоқ. Мәселен, жуырда әлеуметтік желіден аниме (жапон мультипликациясы) стилінде салынған Әлихан Бөкейханды көріп қалдым. Елең етіп, автордың парақшасына кірсем, басқа да тұлғалар мен ақындар образдары жаңа формада бейнеленіпті. Қаралымы да жақсы. Демек Алаш қайраткерлерінің тың сипаттағы бейнелері халықтың көңілінен шыққаны анық.
Сұхбат • 15 Қаңтар, 2024
Әлемдік статистика бойынша киноиндустрия мен кітап саудасын салыстырсақ, кітап шығару әлдеқайда көбірек пайда әкеледі. Әрине, қазақ қоғамы кітап шығаруда мұндай ғажайып нәтижеге жете қоймаса да, кейінгі уақытта кітап өндірісінің имиджі көтеріле бастағанын байқап жүрміз. Иә, бүгінде елімізде 300-ге жуық баспа мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істейді. Қай баспадан қандай кітап шығып жатқанын, тауардың сапасы мен мазмұнын, баспалар арасындағы бәсекені дүкендер мен түрлі жәрмеңкеде көріп жүрміз. Мәселен, елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» VI еуразиялық халықаралық кітап көрмесінде «Жылдың ең үздік кітабы» марапатын «Arman-PV» баспасы иеленген еді. Еске салсақ, аталған баспа «Abai» әдеби-танымдық энциклопедиясымен Х халықаралық «Ұлы жібек жолы» көрмесінде де гран-приді қанжығасына байлады. Жуырда өндірісі өрге басып, өнімімен додаларда топ жарып жүрген «Arman-PV» баспасының бас директоры Дидара Әлинамен жолыққан едік.