Мәдениет • 26 Наурыз, 2024
Күнделікті қоңыр тіршіліктің ырғағымен кейде жан дүниемізге, болмысымызға, өз өмірімізге бір сәт бағдар жасай алмай жатамыз. Сол үшін де адамдар театрға барса керек. Сахнадағы бізге біреудің өмірі болып көрінетін тағдыр, мінез шын мәнінде мына отырған өзіміз ғой. Сол оңаша қалып сырласпайтын, жатсынатын «өзімізді» көру үшін театрға асығатын болармыз. Жүрек түкпірінде бүгіп жатқан сыр мен мұң, сағыныш пен үміт, өкініш пен арманды сахнадағы кейіпкерлерден көріп жұбанамыз. Іштегі нәзік сезімдерге, бұлқыныстар мен толқыныстарға көрермен залынан сырттай қарап, шер тарқатамыз. Театрдың киесі де, қасиеті де сол, түрлі күйге түсетін адам жанының тереңіне бойлап, сезім қылын шынайы береді. Әлқисса.
Дәстүр • 22 Наурыз, 2024
Қазақтың бағзыдан жалғасқан әдет-ғұрпы, тұрмыс-салты, өнері мен дәстүрінің тереңіне үңіліп, таразылап, талдау қашан да ұлттық сипатымызды арттыра түседі. Мәселен, қазақтың бір аты – қонақжайлылық дейміз. Дарқан даланың ен төсін жайлап өскен еркін халықтың бойында мұндай мәрт мінездің болмауы да мүмкін еместей.
Қоғам • 21 Наурыз, 2024
Ұлық мереке аясында ел астанасында алғаш рет «Наурыз бал» атты ауқымды іс-шара өтті. Бұл кеш түрлі елдердің дипломатиялық корпусын, халықаралық ұйым басшылары мен шетелдік компаниялар өкілдерін жинап, ұлттық нақыштарымыз бедерленген думанға ұласты. Классикалық өнер мен ұлттық бояу астасқан Наурыз тойы сан түрлі ойын-сауық пен көрмеге толы болды. Түрлі ұлттың мәдениеті мен өнері де ұлттық мерекенің мерейін асырды. Ағылшындар асық атып жарысты, елшілер би биледі.
Жәдігер • 19 Наурыз, 2024
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Ұлыбританиядағы ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында Лондон, Оксфорд, Манчестер қалаларындағы кітапханалар мен архивтерге, ғылыми орталықтарға барды. Зерттеу барысында мамандар 15 қолжазба мен 500-ге жуық архив құжатының көшірмесін алды.
Әдебиет • 18 Наурыз, 2024
Әдебиетте өзін «үлкен адамға» баламайтын, мақтау-мадақ, жағымпаздық сынды «шығармашылық» ғадеттерден ада жазушыларды кездестіру өте қиын. Қазақ прозасына «Аспанқора», «Шал мен жылқы», «Құралайдың салқыны» сияқты классикалық шығармаларды сыйлаған жазушы Жұмабай Шаштайұлы – сол саптағы аздаған қаламгердің бірі. Жалпы, Жұмабай Шаштайұлының есімі өзінен бұрын танылып, әдебиет босағасын аттар-аттамастан биліктің қырына іліккенін көпшілік біледі. Қияндағы малшы өмірінің шындығын көтерген «Қызыл қар» повесі Орталық комитеттің қатаң сынына ұшырады. Есімі елді дүрліктірген бейтаныс жас қаламгердің атышулы сол шығармасын жұрттың бәрі жапа-тармағай оқи жөнелген де сол тұс еді.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Кітап саласындағы оң өзгерістер
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде кітап шығару саласын дамытуға қатысты қабылданған шаралар мен жаңалықтарды хабардар етті.
Көрме • 13 Ақпан, 2024
Күні кеше Ұлттық музейде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «National Geographic» журналының «Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» атты фотокөрмесі ашылды. Әлемнің түкпір-түкпірінде қырағы фотографтардың назарына іліккен түрлі таңғажайып сәттер мен жабайы аңдардың суреті көрген жанды табиғатпен етене жақындастыра түседі.
Байқау • 08 Ақпан, 2024
Абайдың Ашғабадтағы мүсінін кім жасайды?
Жуырда Мәдениет және ақпарат министрлігі мүсіншілер арасында хакім Абайдың Ашғабад қаласындағы ескерткішінің үздік жобасына республикалық байқау жариялаған еді. Конкурстың шарттарына сәйкес, қатысушы мүсінші, ең алдымен, Суретшілер одағының мүшесі болуы құпталады. Одан бөлек, әрине, ақынның бейнесін толық ашуы үшін Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қанық болуы қажет.
Театр • 04 Ақпан, 2024
Қуыршақ театры – кішкентай балдырғандарды ғана емес, ересектерге де ғажайып ертегі әлемінің сиқырлы сырын танытып, жақсылыққа, адамгершілікке, шынайылыққа шақыратын мөлдір мекен. Ертегілер еліне сапар шегіп, театр қойылымдарын тамашалаған әрбір көрермен көңілі қуанышқа бөленіп, өзгеше әсер алуы үшін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры бірқатар іргелі істерді жүзеге асырып жатыр. Осы орайда, жуырда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен театр ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Татар баспасөзіндегі ұлт тарихы
Жуырда «Тұмар» баспасынан «Қазақстан – татар баспасөзінде» атты монография жарық көрді. Авторы – Қызылорда «Болашақ» университеті филология, журналистика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Асқар Еңсепов.