Мәдениет • 29 Мамыр, 2025
Атақты италиялық жазушы Карло Коллодидің аңызға айналған «Пиноккио» ертегісі қазақ тіліне аударылады. Кішкентай оқырманға арналған классикалық шығарманы тәржімалауды Алматыдағы Италия мәдениет институты қолға алмақ, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан – Ресей: мәдени қарым-қатынас беки түсті
Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың, одақтастық пен тату көршіліктің рәмізі ретінде Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қоғам • 27 Мамыр, 2025
Біріккен Араб Әмірліктерінде бас консулдық пен кәсіпкерлердің тікелей қолдауымен қазақ мәдени орталығы ашылды. Аталған ұйым шетелдегі отандастарды біріктіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат етеді.
Театр • 26 Мамыр, 2025
Алматы қаласында VII Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Ауқымды мәдени іс-шара Қазақстанмен қатар Грузия, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжаннан келген кәсіби қуыршақ театрларын біріктіріп, ұлттық дәстүрлер мен заманауи театр өнерінің жарқын үлгісін паш етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 22 Мамыр, 2025
Қайрат Байбосынов: Бұл – дәстүрлі әнімізге лайықты баға
Халық өнерімен мың жасайды. Ұлттың бар болмысын, дәстүр-тарихы мен мінезін өнерінен тануға болады. Өз топырағынан тамыр тартатын ұлттық өнер ешбір шектеу мен шекараға сыймайтын, жоғары баға мен мақтау-мадақтан да биік қасиетке ие. Сонысымен де ол – өнер.
Театр • 22 Мамыр, 2025
Қаллеки сахнасында «Шеңбер» атты жаңа қойылымның салтанатты премьерасы өтті. Спектакль неміс драматургі Бертольд Брехтің әлемге әйгілі «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Мәдениет пен өнер – кез келген елдің мызғымас рухани діңгегі саналады. Бұл діңгектің мықты болуы, әрине, сол ұлттың сапасына, экономикасы мен дамуына әсер етеді. Иә, өнер – ұлттың жаны, мәдени тамыры.
Айтыс • 21 Мамыр, 2025
Күні кеше ғана ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде қазақ және қырғыз ақындарының қатысуымен дүбірлі айтыс өтті. Достық кездесу бауырлас екі халыққа – қазақ пен қырғызға ортақ бірегей өнердің 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енуінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мәдени іс-шараға Түркі Мәдениеті және мұрасы қорының өкілдері де қатысты.
Өнер • 20 Мамыр, 2025
Ел астанасында «Опералия» халықаралық музыка фестивалі басталды. «Астана Опера» театрында салтанатты қызыл кілем жайылып, алдағы қойылымдардан үзінділер ұсынылды. Ролан Петидің үш туындысының премьерасы қойылды.
Басылым • 16 Мамыр, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада әнші-сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың «Менің жалғыз жұлдызым» және түрік тілінде жарық көрген «Қош дерсің» атты жыр жинақтарының, сондай-ақ «Сағыныш-ғұмыр» атты партитуралар жинағының таныстырылымы өтті.