Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
895 материал табылды

Мәдениет • 05 Шілде, 2024

Словениялықтар сүйсінген «Спартак»

«Астана Операның» әйгілі балет труппасы Люблянадағы 72-халықаралық жазғы фестивальда словениялық көрерменнің жүрегін жаулады. Фестиваль ұйымдастырушыларының шақы­руымен қазақстандық ұжым 1-2 шілдеде көпшілікке Арам Хачатурянның «Спартак» балетін ұсынды. Бұл гастрольдік сапар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Қоғам • 03 Шілде, 2024

Ол кім?

Жуырда ғана «Mazmundama» бас­пасынан «Дина Нұрпейісова кім?» «Оралхан Бөкей кім?» «Мәншүк Мәметова кім?» «Жақсылық Үшкемпіров кім?» деген кітаптар жарық көрді. Аталған баспа «Ол кім?» сериясымен бұған дейін де қаншама қазақтың нар тұлғаларын таныстырып жүргені көпшілікке белгілі. Танымдық сипаттағы еңбек өскелең ұрпаққа ұлтымыздың таудай тұлғаларының өмірінен сыр шертеді. Оқырман арасында кең таралып жатқаны да мәлім.

Өнер • 27 Маусым, 2024

Шетелдегі шебер

Айғана Ғали есімі қазақ қызы батыс елдеріне кеңінен танымал. Өзі қаншама жылдан бері Лондонда тұрса да, көрмелері шетелдің белді галереяларында өтсе де, суретші шығармашылығының түпқазығы – дала. Қазақтың ұлттық сарыны – Айғана Ғали қылқаламына негізгі арқау.

Руханият • 26 Маусым, 2024

Шанхайда жанған шоқжұлдыз

Тұп-тура бір ай бұрын ғана газет бетінде Данияр Саламаттың Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген «Талақ» фильмі үлкен додада бақ сынайтынын жазып, көңіліміз күпті болып жүрген. Міне, күні кеше ғана Шанхайдан сүйінші хабар келіп, өнерсүйер дүйім жұрт қатты қуанды. Қазақ кинокартинасы әлемнің үздік 14 фильмін басып озып, бас жүлдені қоржынға салды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген туынды ХХVІ Халықаралық Шанхай кинофестивалінің (SIFF) толықметрлі фильм аталымының «Алтын кубогін» жеңіп алды. Сондай-ақ актриса Амира Омарова «Ең үздік әйел рөлі» аталымында жұлдызы жанды.

Мәдениет • 26 Маусым, 2024

«Қазақ концерт» – Қытай төрінде

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мем­лекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері мен шығармашылық ұжымдары 20-22 маусым күндері Қытай Халық Республикасының Дэчжоу және Ланфан қалаларында өнер көрсетті.

Қоғам • 26 Маусым, 2024

Бағзыдан жеткен бауырластық

Кейінгі жылдары Түрікменстан мен Қазақстан арасында мәдени-рухани байланыстар жандана түсті. Тереңнен толғасақ, екі ел халықтарын түркі, оғыз дәуірінен бастау алатын түрлі тарихи кезеңдер байланыс­тырады. Мәдени-рухани мұрасының ұқсастығы, туыстық тақырыбы да өте ауқымды. Иә, түрікмен мәдениетінің қазақ мәдениетімен көп ұқсастығы бар. Ежелгі заманнан бері халықтарымыз бір-біріне қолдау көрсетіп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Екі елді ортақ шекара, тарих, дін, мәдени құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрып біріктіреді.

Қоғам • 25 Маусым, 2024

Қазақстан – Беларусь: Мәдени байланыс нығая түседі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтен­ше және өкілетті ел­ші­сі Павел Утюпинмен кез­дес­ті. Жиын барысын­да та­рап­тар мәдени өз­ара бай­ла­ныстың не­гіз­гі мә­селе­лерін және елдер ара­­сындағы ынты­мақ­тастықты талқылады.

Қоғам • 24 Маусым, 2024

Жазғы демалыс қалай өтеді?

Жазғы демалысқа шыққан балалардың бір ермегі – оқу. Осы орайда оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында еліміздің республикалық, облыс­тық және қалалық деңгейдегі кітапханалары жазда жалпы саны 41 922 іс-шара өткізбек.

Өнер • 21 Маусым, 2024

Шалғайдағы шебер

Бізге өзге жұрттан өнері асқан талантты жандардың бәрі үлкен қалаларда өмір сүретіндей көрінеді. Суретшілердің картиналары да тек мегаполистердегі мұражайларда ілініп тұратынына көз үйренген. Ал сонау шалғайдағы Бөдене ауы­лында (Атырау облысы) бір суретші өз галереясында сурет салып отыр дегенге кім сенеді?

Өнер • 20 Маусым, 2024

Да Винчи: он күнде 7 мың адам

Да Винчидің «La Bella Principessa» картинасы Ұлттық музейдің төріне келгелі әйгілі туындыны өз көзімен көруге асыққандар көп болды. Тіпті бұл мүмкіндікті қалт жібермей, Астанаға әр өңірден ағылған адамдар да аз болмады. Аңызға айналған суретшінің түпнұсқа шығармасын та­машалаған өнерсүйер жұрт әлеуметтік желіге әсерлерін бөлісіп жатты.