
Басылым • 05 Сәуір, 2025
Мемлекетшілдікті дәріптеген қос жинақ
Астанада мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың «Қазақтың Қонаевы» және «Отыз жылдың ой-толғауы» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Жаңа туындыда автор өзі куә болған естеліктерді баяндап, кеңестік тұстағы әділетсіздіктер мен қайшылықтар туралы толғамды ойларымен бөліскен.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Қосшы қаласындағы креативті хабта қолөнершілер бас қосып, аталған саладағы түйткілді мәселелерді талқылады. Шеберлердің талап-тілектерін тыңдауға Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция вице-министрлері мен депутаттар барды. Айта кетейік, қазіргі таңда креативті өндіріске қатысты заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Келелі кеңестегі айтылған ұсыныс-пікірлер жаңа құжатқа енгізілмек.
Тағзым • 01 Сәуір, 2025
Ұлттық музейде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Тарихтан тағылым тартқан» атты музейлік дәріс өтті.
Қоғам • 28 Наурыз, 2025
Бүгінде түркі халықтарының бай мәдени-тарихи мұрасын сақтау мен тарату мақсатында ортақ цифрлық кітапхана құру ісі қарқынды жүргізіліп жатыр. Ел тарихына қатысты XII-XVIII ғасырлардағы 160 мыңнан аса қолжазба Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығында, Ұлттық кітапханада, Орталық ғылыми кітапханада, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қорларында жинақталған.
Кітапхана • 28 Наурыз, 2025
Зағип жандарға арналған кітапхана
Абай облысында маңызды әлеуметтік жоба – көру қабілеті нашар және зағип азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған бастама «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен көру мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін білім алуға, дамуға, қарым-қатынас жасауға қолжетімді кеңістік құруға бағытталған.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2025
Иранда «жаңа күн» қалай тойланады?
Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, жер бусанатын тұста айрықша күтетін ұлық мереке – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, ырыс-береке кіреді деп сенген халқымыз Әз-Наурызды ерекше әспеттейді. Әр сәтіне мағына сыйдырған көшпелі халықтың көнеден жеткен төл мерекесі тұтас ұлттың ұстынын берік ұстап тұр.
Қоғам • 19 Наурыз, 2025
Бауырластардың әдеби байланысы нығаяды
Күні кеше Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Түбі бір түркі әдебиеті» атты дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиынға Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты.
Кино • 19 Наурыз, 2025
Жуырда ел кинотеатрларында отбасылық комедия – «Малай» фильмі жаппай көрсетілімге шықты. Бұл – «Холоп» туындысының қазақ көрерменіне бейімделген нұсқасы. Осыған дейін фильм Түркия, Моңғолия мен Францияда шыққан. Отандық нұсқада жергілікті менталитет пен әзіл ерекшеліктері ескерілді.
Тағзым • 18 Наурыз, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада тарихшы-академик Кеңес Нұрпейісұлының 90 жылдығына орай «Дарабоз тарихшы» атты халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Байқау • 15 Наурыз, 2025
Кино байқауына 400-ден аса өтінім түсті
Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңіне сценарийлер мен сценарий жоспарларын қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды. Электронды түрде тіркелген өтінімдердің жалпы саны – 444.