Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
972 материал табылды

Театр • 07 Ақпан, 2025

1 500 қойылым

Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрында былтыр 1 390 қойылым ұсынылып, 92 мың көрермен тамашалаған. Сондай-ақ өткен жылы теат­р қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өскен. Ал 16 маман Канада, Ресей және Қырғызстанның же­текші театр мектептерінде біліктілігін арттырды.

Өнер • 06 Ақпан, 2025

Альтист

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті.

Өнер • 05 Ақпан, 2025

Соңғы ода

Табиғаттың тылсым күйін жырламаған талант жоқ шығар, сірә. Әсіресе сан қыр­лы, сан түсті табиғаттың әр құбылысын тура сол деңгейде, шынайы беруге ты­рыс­қан, талпынған суретшілер жетерлік. Иә, қылқалам ұстаған қауым үшін таби­ғат – мәң­гілік тақырып. Өзбек кәсіби бейнелеу өнерінің бастауында тұрған қандасымыз Орал Таң­сық­баев­тың да шығармашылықтағы таусылмас жыры, үзілмес әні осы тақырып болды.

Жәдігер • 04 Ақпан, 2025

Батырдың қылышы тапсырылды

Парламент Мәжілісінің де­путаттары Ардақ На­заров пен Айдарбек Қожа­назаров Ұлттық музей қо­рына Жанқожа батыр Нұр­мұхамедұлының қылы­шын тапсырды. Та­ри­хи жәдігерді музей дирек­то­рының мін­де­тін ат­қарушы Берік Әбді­ғалиұлы салтанатты рәсім­мен қабылдап алды.

Қоғам • 04 Ақпан, 2025

Күнделіктер сөйлейді

Ұлттық академиялық кі­тап­ханада мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Төтенше және өкілетті елші, профессор Мырзатай Жол­дасбековтің «Күндерімнің куә­сі» алты том­дық кіта­бы­ның тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты жи­ынға Парла­мент депутат­тары мен зиялы қауым өкілдері қатыс­ты.

Қоғам • 31 Қаңтар, 2025

Күләш Байсейітованың есімі берілді

Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетіне аты аңызға айналған опера әншісі Күләш Байсейі­то­ваның есімі берілді.

Өнер • 31 Қаңтар, 2025

Табиғаттың талғамды тартуы

Кей шығармашыл жандардың болмысы бөлек болады. Мәдени сахнадан алыс, ешкіммен жарыспайды, ештеңеге таласпайды. Талғамы биік, ішкі сыны берік. Тазалық пен ізгілікке құрылған әлемінде өз құндылықтары мен ережелері бар. Өмірі өнерімен өрілген. Тағдыры талантына байланған.

Өнер • 29 Қаңтар, 2025

Әуен мен би үйлесіп...

«Астана Опера» сахнасында Nomad Inspiration бағдар­ламасының премьерасы өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған кеш балетмейстер Сұлтанбек Ғұмардың заманауи хореографиялық жұмыстары мен «HasSak» этно-фольклорлық ансамблінің бірегей аспаптық музыкасын біріктірген нағыз шығармашылық тәжірибеге айналды.

Көрме • 28 Қаңтар, 2025

Кенептегі көзқарас

Президент орталығында Көркем академияның корреспондент-мүшесі Ақжан Әли мен белгілі аустралиялық суретші Джеральд Флориан Месснердің «Біз біргеміз!» атты бірлескен көрмесі ашылды. Бұл вернисаж бірлік пен жасампаздықтың символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналады.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2025

Алаштанудағы тың дерек

Ұлттық музейде А.Ғ.Ибраева, С.З.Мәлікова, З.С.Тайшыбайдың «ХХ ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі» монографиясы мен А.Ғ.Ибраева, С.З.Мәлікова, З.С.Тайшыбай, А.Темірханова құрастырған «Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі Алаш қозғалысы мұрағат деректерінде» мұрағаттық құжаттар және мате­риалдар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.