Әдебиет • 16 Қараша, 2020
Әдеби ортаға жаңа есімді таныстырған алғашқы шығарма бейтаныс автордың қалам қуатын белгілі бір деңгейде көрсететіні анық. «Теңіздің дәмі тамшысынан» білінеді емес пе?! Жас қаламның дебюттік шығармасына қадари-халімізше баға беріп, болашағынан үлкен үміт күтеміз. Алайда әдеби сахнаға жаңадан аяқ басқан жазушыларға әр тараптан айтылған кез келген сынның, яки көпірме мақтаудың ықпалы көп тиетінін кейде байқамаймыз. Осындайда жас талантты алыстан танитын көзі қырағы аға буынның рөлі ерекше көрінетіндей.
Руханият • 13 Қараша, 2020
«Кейіпкер» оқырманға жол тартты
Жуырда астанадағы Жазушылар үйінде жас қаламгер, халықаралық «Шабыт» жастар сыйлығының лауреаты Бақытгүл Сәрмекованың «Кейіпкер» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Әдебиет • 10 Қараша, 2020
Альбер Камю Ол – Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған алғашқы африкалық. Ал негізі Алжирде туған.
Әдебиет • 10 Қараша, 2020
Қазақ қоғамының кітап оқудан алыстап кетуінің бір себебі сауатты сынның жоқтығынан деген пікір айтылып жүр. Әрине, бұл ойдың да белгілі бір деңгейде шындығы бар. Алайда оқудан мүлдем мақұрым қалған жұрт сынды оқитынына сау ақылымыз сенбейді. Әлқисса. Бүгінгі әңгімеміз біршама уақыттан бері әдеби ортаның сұрауында һәм іздеуінде жүрген сын туралы болмақ.
Оқиға • 09 Қараша, 2020
Күні кеше ғана Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан кітапханаларымен бірлескен «Заманауи кітапхананың жаңа келбеті – оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Абай • 05 Қараша, 2020
Жуырда Ұлттық музейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және рухани мұра» атты иллюстрациялық-кітап көрмесі ашылды. Аталған шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен һәм Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Әдебиет • 29 Қазан, 2020
Алдымен мәселенің басын ашып алайық. «Қап, бәлем!» мультфильмінің кейіпкерлерін жазушы Бунинмен тек шабадан ғана байланыстырады. Иә, кәдімгі жүк салатын шабадан. Алайда бұл шабаданның ішінде жазушының қилы тағдыры бар екенін ешкім білмейді.
Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Уильям Фолкнер Бірнеше жыл пошташы болып жұмыс істеген. Алайда жеткізілмеген хаттарды қоқыс жәшігіне тастайтыны әшкереленген соң жұмыстан қуылыпты.
Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Талантты адамдардың «тәтті тамұғынан» буырқанып, бұлқына шыққан сәтті туындыларына таңғалмақ керек. Жанды картинаға, жақсы өлеңге һәм тәуір шығармаға таңғалу екібастан дұрыс. Әрі өз басыңа бұйырмаған өнерді басқа бір замандасыңнан көріп, тамсана таңғалуың заңды құбылыс сияқты. Яғни бұл да белгілі бір деңгейде мәдениеттіліктің белгісі дейміз. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен.
Әдебиет • 23 Қазан, 2020
Әдебиетте ереже жоқ. Жақсы өлең, яки жақсы шығарма қалай жазылатынын үйрететін формула да жоқ. Кім, қалай жазам десе де өз еркі (бастысы, тәуір жазсын). Тек жазудың «ардың ісі» екенін әманда ұмытпаса болғаны. Һәм физика ғылымындағы Ом заңына немесе математикадағы тригонометрияға салуға келмейтін әдебиеттің бір ғана сипаты бар: шексіздік.