Оқиға • 22 Қыркүйек, 2020
18 қыркүйек күні Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде жазушының мемориалдық пәтері бойынша корей тіліндегі аудиогидті салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Әдебиет • 22 Қыркүйек, 2020
Дейтон сыйлығы Этвудқа бұйырды
«Қызметші әйелдің әңгімесі» атты әйгілі романның авторы Маргарет Этвуд мәртебелі әдеби сыйлықтардың бірі – Дейтон сыйлығының лауреаты атанды. Жазушы оған творчестводағы кәсіби жетістіктері үшін ие болып отыр.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2020
Буниннің құрметіне – күміс монета
Биыл орыстың шебер жазушысы, Нобель сыйлығының иегері И.А.Буниннің туғанына 150 жыл толады. Осыған орай Буниннің құрметіне күміс монета шығарылды.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2020
«Бесінші кеңістікті жақсы танығандарға айналасын қалағанынша кеңейту түкке тұрмайды. Тіпті тереңдесек, қымбатты ханым, ол шексіздіктің шегін сайтан біліп пе?!» Михаил Булгаков, «Мастер мен Маргарита» Осы жұрт Ахматова мен Булгаковты бір-біріне бөтен көреді. Һәм олардың өмірі мен творчествосы хақында да ешкім жазған емес. Себебі ленинградтық ақын мен мәскеулік жазушыны байланыстыратын едәуір ештеңе жоқ. Тағдырлары тоғыспады деседі. Булгаков 48 жасында өмірден озса, Ахматова қарттыққа жетіп жығылды. Классикалық орыс әдебиетінің қос авторына әдебиет қана ортақ. Ой – ортақ, мұң – ортақ. Екеуі де бір заманның тынысын сезіп, бір адамның суретін сөзбен сомдады.
Сұхбат • 15 Қыркүйек, 2020
Сексенінші жылдардың соңын ала қазақ поэзиясының аспанында жап-жарық бір жұлдыз пайда болды. Ол – жүректегі мәңгілік ынтық сезімі мен махаббаты өлеңге айналып, сол нәзік лирикасымен әдебиетте төңкеріс жасаған ақын Гүлнар Салықбайдың жұлдызы еді. Ақын қаламынан туған өлеңнің бәрі – өмірдің ісі болса керек. Гүлнар Салықбай да құдіретті поэзияда тек өз әуенін, өз тағдырын жазды. Оның ешкімге ұқсамайтын төл мәнері қазақ өлеңіне жаңа леп, жаңа форма алып келді. Нәтижесінде бұл құбылыс тоқсаныншы жылдардан кейінгі өлеңдердің өзгеруіне себеп болды. Әдебиеттегі салмақтылығымен һәм поэзиядағы еркіндігімен мақталатын ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Гүлнар Салықбаймен өлең мен өмір жайында әңгімелескен едік.
Таным • 04 Қыркүйек, 2020
«Қарадомалақтарды» қара демейді немесе француздар А.Кристи шығармасын не үшін өзгертті?
Британдық жазушы Агата Кристидің детектив жанрындағы әйгілі романы «Он қарадомалақты» («Десять негритят») француздар енді «Олар он еді» («Их было десять») деген жаңа атаумен басып шығармақ. Мұндай тосын шешімді автордың шөбересі Джеймс Причард бүгінгі қоғамдағы нәсілшілдік көзқарасқа байланысты қабылдап отыр. Ал бұған дейін шығарма ағылшынтілді елдерде «Енді ешкім де қалған жоқ» деп аталған еді.
Театр • 03 Қыркүйек, 2020
Әкем-театр "Монодрама" байқауын жариялады
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры "МОНОДРАМА" байқауын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Тамыз, 2020
Нью-Йорк музейлері қайта ашылды
Пикассо мен Моненің картиналарын сағынсаңыз, яки Джакомметтидің мүсінін тамашалағыңыз келсе, мархабат. Осы аптадан бастап Нью-Йорк музейлері ұзақ уақытқа созылған демалыстан соң қайта ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Тамыз, 2020
"Астана Опера" сахнаға қайта оралды
Шартарапты шарлаған пандемияға байланысты соңғы алты ай бойы еліміздегі барлық мәдени ошақ орындары өз жұмыстарын тоқтатқан еді. Наурыз айынан бері онлайн жұмыс істеген "Астана Опера" театры енді сахна шымылдығын ашып, халық алдында өнер көрсететін болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 30 Тамыз, 2020
Биылғы Әдебиет саласы бойынша халықаралық Букер сыйлығы нидерландық жазушы Марика Лукас Рейневелдке бұйырды. "Жайсыз кеш" (The Discomfort of Evening) романы үшін сыйлыққа лайық деп танылған автор беделді марапат тарихындағы ең жас лауреат атанды. Айта кетейік, бұл 29 жастағы Рейневелдтің дебюттік шығармасы.