Меруерт БҮРКІТБАЕВА
Меруерт БҮРКІТБАЕВА«Egemen Qazaqstan»
540 материал табылды

Әлем • 05 Қаңтар, 2021

Негізгі үміт – вакцинада

Адамзатты әбігерге салған індетпен күрес жалғасуда. Жыл соңында әлемнің әр түкпірінде коронавирусқа қарсы тиімді вакцина табылғаны туралы хабарлар тарай бастады. Екпелердің қаншалықты қауіпсіз екенін толық айту мүмкін болмағанымен, оны салдырмауға да амал жоқ сияқты.

Әлем • 05 Қаңтар, 2021

Бала туу көрсеткіші төмендеді

Оңтүстік Ко­­рея алғаш рет 2020 жылы ту­ған балалар санынан өлім-жітімнің көбірек тіркелгенін мәлімдеді. Жалпы, елде бала туу деңгейі бұрыннан төмен еді. Былтыр барлығы 275 800 бала дүниеге келген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10 пайызға аз. Ал қайтыс болғандар саны 307 764 адам. Бұл жағдай ел­дің осы салаға қатысты саясатын өзгертуге үн­дейді. Халық санының азаюы елге үлкен ауырт­палық әкелері сөзсіз. Денсаулық сақтау және зей­нетақы жүйелеріне сұраныс өскен сайын мем­лекеттік шығындарға қысымның артуымен қатар, жастар санының азаюы экономикаға тіке­лей әсер ететін жұмыс кү­шінің жетіспеуіне әкеледі.

Әлем • 05 Қаңтар, 2021

Brexit: келісім күшіне енді

Ұлыбритания мен Еуропалық одақ арасындағы бірлескен өмір сүру, жұмыс істеу және сауда жасауға қатысты жаңа ережелерді қамтитын сауда келісімі 31 желтоқсан сағат 23:00-ден бастап күшіне енді. Толық күрделі келісім 1200 беттен асады.

Әлем • 01 Қаңтар, 2021

Жаһандағы жеті оқиға

Пандемия Жаһанды белгісіз індет жаулап, адамзаттың қалыпты өмірін бір сәтте өзгертіп жіберді. Біз білетін тіршілік жаңаша сипат алып, пандемия әсерін сезінбеген жан қалмады. Дүние жүзінде барлығы 82 млн-нан астам адам вирус жұқтырып, оның 1 млн 800 мыңнан астамы қайтыс болды. Вирустың белгісіз бұл түрі 191 елде тіркелді. UNESCO-нің мәліметіне сенсек, 264 млн бала мектепке бармай, үйінен сабақ оқыған. Бұл жаһандық дағдарыстың барлық салдарын анықтап, бағалау үшін бірнеше жыл кететіні анық.

Сайлау • 31 Желтоқсан, 2020

Өтініш-тілектер ескеріледі

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы елордалық сайлаушылармен кездесті. Нұр-Сұлтан қаласында өткен жиынға партия атынан Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер қатысты.

Сайлау • 30 Желтоқсан, 2020

Батыс өңірлерін аралады

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Маңғыстау облысында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Ғазиза Тәжібаева, облыс­тық фи­лиал Төрағасы Жаңбырбай Матаев бастаған Респуб­ликалық штаб мүшелері Маңғыстау өңіріне сапары барысында «Багис» және «КапремСервис» кәсіпорындарының ұжымымен кездесті.

Сайлау • 30 Желтоқсан, 2020

Сайлауға дайындық мәселелері пысықталды

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) кезекті отырысында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді онлайн тексеру мүмкіндігі, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінде комиссияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу және қауіпсіздік шаралары мәселелері талқыланды.

Сайлау • 29 Желтоқсан, 2020

Балалар кітапханасының маңызы зор

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Ұлттық кітапхана ұжымымен кездесті. Партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырған кездесуде «Ақ жолдың» әлеуметтік саладағы бастамалары сөз болды.

Әлем • 29 Желтоқсан, 2020

2020: Кібісе жылының «тартуы»

Биылғы жылдың кім-кімді болсын әуре-сарсаңға салғаны белгілі. 2020-ның адамзат тарихында дүние жүзін жаппай әбігерге түсірген жыл ретінде есте қалатыны анық. Әлемді жаулаған белгісіз індет­ке байланысты оқиғалардан бөлек, Жер шарының тұрғындары сая­си, әлеуметтік, экологиялық апат­тардан да көз ашқан жоқ. Кібісе жылының соңғы күндерінде солардың бірқатарын шолып шығуды жөн көрдік.

Сайлау • 28 Желтоқсан, 2020

Салық төлейтін кәсіпкерлерді қолдау керек

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы оңтүстік өңірлерге барды. Партия өкілдері Шымкент қаласы мен Түркістан облысының кейбір аймақтарында болып, сайлаушылармен кездесті.