Сұхбат • 10 Қараша, 2020
Жәнібек Солтанай: «Халық алғысы» үлкен жауапкершілік жүктейді
Биылғы жыл еліміздегі волонтерлер жылы әлем елдерін әбігерге салған пандемия мен денсаулық саласына түскен ауыртпалықпен есте қалды. Осы тұста болашақ дәрігерлерден құрылған волонтерлік топтың маңызы да арта түсті. «Алматы волонтер-медиктері» жастар қозғалысының жетекшісі Жәнібек СОЛТАНАЙ осы туралы әңгімесімен бөліскен еді. Шағын сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әлем • 09 Қараша, 2020
Күзеннен мутацияланған вирус анықталды
Әлемде күзен терісін импорттаушы ең үлкен ел – Данияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі анықталды. Індет күзен фермаларында тарай бастаған. Індет жұқтырғандардың талдауы вирустың өзгергенін көрсетіп отыр. Бұл жағдай Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын да алаңдатты. Одан бөлек тағы алты ел күзендерден вирустың анықталғанын мәлімдеген.
Әлем • 09 Қараша, 2020
Ұлыбритания халықты жаппай тестілеуден өткізеді
Елдегі жағдай ушыққан сайын Ұлыбритания барлық шараны жасауға жанталасып жатыр. COVID-19-дың белгілері болмаса да, тұрғындардың барлығы тесттен өтеді. Бұл – вирусты анықтап, жоюдың тиімді тәсілдерінің бірі дейді сарапшылар. Елдің премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбританияда мұндай сынақты ел көлемінде өткізуге уәде беріп отыр. Ливерпуль алғашқы болып бастайды.
Әлем • 09 Қараша, 2020
Сенбіде жариялаған мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та соңғы үш күн қатарынан рекордтық көрсеткіштер тіркелген. Жұма күні 126 480 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Елдегі COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 9,7 миллионнан асқан, ал 236 мыңнан астам адам індеттен қайтыс болды.
Саясат • 06 Қараша, 2020
Сайлауға қандай партиялар қатысады?
Орталық сайлау комиссиясы алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға 6 саяси партияның қатысуына рұқсат берді.
Әлем • 05 Қараша, 2020
Әлем назары осы апта АҚШ-тағы президент сайлауына ауды. Бұл алпауыт елді келесі төрт жыл кім басқаратынын білуге деген қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетсе керек. Өйткені бұл таңдаудың АҚШ-тың ахуалына ғана емес, халықаралық саясат, экономика және өзге де салалардың постпандемия кезеңіндегі даму бағытына әсер етпей қоймасы анық. Әзірге әлем жұрты тартысты доданың қалай өрбіп жатқанын жіті бақылап отыр.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Халық алғысына бөленген волонтер
Індетпен алғы шепте күрескен дәрігерлердің ерлігі туралы қанша айтсақ та артық болмайды. Қиын кезде оларға көмекке келген волонтерлердің де еңбегі көпке үлгі. Солардың қатарында медициналық оқу орындарын жаңадан бітіріп жатқан түлектер де әріптестерімен қатар, белгісіз вирусқа тойтарыс беруге барынша тырысты.
Сұхбат • 02 Қараша, 2020
Басты құндылығымыз – қызметкерлеріміз
Біздің қоғамда әлеуметтік мәселелердің бір парасы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына келіп тірелетіні мәлім. Мемлекет қанша жерден оларды қолдаудың жаңа тетігін ұсынғанымен, мүгедек жандардың өмірден өз орнын тауып, қоғамға бейімделіп кетпейінше бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Жақында игі іске бастамашы болған, 80-нен астам адамды жұмыспен қамтып отырған әлеуметтік кәсіпкер Эмин АСКЕРОВПЕН аталған саладағы өзгерістер мен қоғамдық қызметі туралы әңгімелесудің сәті түскен еді.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Кеменің құпиясына қанық бойжеткен
Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары болмаса, басқамызға теңіз бен алып кемелер күнделікті көз үйренген көрініс емес. Көпшілігіміз тек суреттен тамашалайтын су көлігі жайлы біліміміз де таяз. Баршаға бірдей түсінікті бола бермейтін осы саланың елімізде жілігін шағып, майын ішкендер де аз емес. Теңіз техникасы және технологияларының қыр-сырын жетік меңгерген Ирма ЕГІНБАЕВА бүгінде әлемнің озық білім ордасын тәмамдап, шетелдің ғылыми институттарында тәжірибе жинап, Норвегиядағы ірі кәсіпорнында қызмет етіп жүр.
Әлем • 02 Қараша, 2020
Сайлау мен әлеуметтік желі жыры
Бүкіл әлемнің назарын аударған коронавирус пандемиясы, вакцинадан кейінгі тағы бір оқиға, ол АҚШ-тағы президент сайлауы болды. Бұл тұста ерекше ойға оралатыны саяси бәсеке емес, әлеуметтік желінің сайлау процесіне әсері. Жалпы, технологияның дамуымен Facebook секілді желілердің қоғамдағы кез келген мәселенің әрі қарай қалай өрбитінін бағыттауға қауқары жететінін аңғарып үлгердік. Өткен сайлаудағы даудан кейін бұл мәселе АҚШ пен бүкіл әлемді қайта алаңдатып отыр.