Меруерт БҮРКІТБАЕВА
Меруерт БҮРКІТБАЕВА«Egemen Qazaqstan»
540 материал табылды

Қоғам • 03 Тамыз, 2020

Вакцина «бәйгесі»: Үміт пен күдік

Әлемді әуреге салған пандемияны тоқтатудың бір жолы – вирусқа қарсы вакцина. Ақпан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина әзірлеуге 18 айдан кем емес уақыт керек деп болжаған еді. Алайда 17 миллионнан астам адамға жұғып, 680 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған вирусты жеңуге деген ұмтылыс күтпеген жылдамдықпен өрбіді. «Емі табылды, вакцина дайын» деген сүйінші хабарлар көбейді.

Саясат • 28 Шілде, 2020

Мақсат – ел игілігіне қызмет ету

Мемлекет басшысының бастамасымен жасақталған жас­тар кадрлық резерві дарынды көшбасшыларды бір алаңда біріктірді. Үздік атанған жастар кәсіби біліктілігіне қарай түрлі саланы ілгерілетуге кірісіп кетті. Жобаның жеңімпазы атанған мамандардың бірі Ілияс Оспанов Қазақстанның технология саласын дамытуға бағытталған ұйымдарының бірінде басшылық қызметке тағайындалды.

Қоғам • 27 Шілде, 2020

Алғы шептен көрінді

Төтеннен келген індеттің халықты әбден әбігерге салғаны белгілі. Осы қиын жағдайда халыққа алғашқы болып қолұшын созғандар қатарында волонтерлер болды. Олар дәрігерлерді тамақтандыру, ауруханаларда ауыр оттегі баллондарын тасу, санитарлық жұмыс секілді міндеттерге ойланбастан кірісіп кетті. Сондай волонтерлер қатарында оралдық Серік Мұқашев та бар.

Саясат • 27 Шілде, 2020

58 үміткер тіркелді

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Сенат депутаттарын сайлау науқанына қатысты бірқатар мәселе қаралып, үміткерлерді тіркеу қорытындылары жарияланды.

Әлем • 27 Шілде, 2020

Марсқа сапар шегеді

Марсты зерттеу үшін бірден үш ел өзінің миссиясын ғарышқа аттандырды. Біріккен Араб Әмірліктерінің зымыраны бір апта бұрын өткен жексенбіде, ал Қытайдікі осы бейсенбіде қызыл ғаламшарды бетке алды. Ендігі кезек NASA-да.

Саясат • 21 Шілде, 2020

Құрғақ уәдемен құтыла алмайсыз...

Кейінгі жылдары Nur Otan партиясы жаңғыру бағытын бетке алып, осы жолда жаңа бастамалар көтеріп, халықпен тең диалог орнатуға қадам жасап келеді. Оның қаншалықты сәтті болатынына уақыт төреші болмақ. Десе де, жылда бір жаңашылдық енгізу әдетке айналды. Биыл да партия нағыз көшбасшыларды анықтау үшін ең алдымен өз ішінде іріктеу өткізуге бекініп отыр.

Қоғам • 20 Шілде, 2020

Той жасағандар жауапқа тартылады

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет министрі Марат Бекетаев елдегі карантин кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтары мен міндеттері туралы баяндап берді.

Әлем • 20 Шілде, 2020

Азия суларында қарақшылар көбейген

Әлемдегі ең ірі сауда ба­ғыт­тарының бірі Сингапур бұ­ға­зында қаңтар айынан маусым айына дейін 16 қарақшылық оқиғасы тіркелген. Былтырғымен салыстырғанда ашық теңізде жасалған шабуылдар саны екі есеге артқан. Биылғы жар­ты­­жыл­дық бойынша жасалған баян­­дамада бұл жағдайды пандемиямен байланыстырған екен.

Әлем • 20 Шілде, 2020

Сирия жаңа парламент жасақтайды

Елдегі қиын жағдайға қара­мастан Сирия үкіметі сәуірге бел­­гіленген парламент сайлауын өт­кізу туралы шешім қабылдаған. Әлемдегі пандемия салдарынан шара осыған дейін екі рет кейінге қалдырылып келген-ді. Ресми мәлімет бойынша 250 орынға 2 мыңнан астам үміткер қатысуға ниет білдіріпті. Сарапшылар үміткерлер саны көп болғанымен, «Баас» партиясына бәсекелес болатын оппозиция өкілдерінің аз екенін айтып отыр. 

Әлем • 20 Шілде, 2020

Велосипедпен үйіне 48 күнде жетті

Пандемия кезінде өзі білім алып жүрген Шотландияда карантинде қалған колледж студенті 48 күнде велосипедпен үйіне жеткен. 20 жастағы Грекия азаматы коронавирус салдарынан әуе жолдары жабылғанын естіп, туған жеріне қарай велосипедпен шығып кетеді. Мұндай шешімге Абердин университетінің инженерлік фа­куль­тетінің студенті Клеон Па­па­димитриу рейсі үш рет ұш­пай қалғаннан кейін барған.