Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1577 материал табылды

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Қызылорда: Коммуналдық қызметтер тарифі төмендетілді

Қызылордада төтенше жағдайға байланысты коммуналдық қызметтер тарифі төмендетілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Қызылорда: Бүгін тағы 2 науқас жазылып шықты

Бүгін Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлері COVID-19 вирусымен тіркелген тағы да 2 науқасты емдеп шығарды. Олар енді 14 күн аймақтық емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Қызылорда: Кәсіпкерлерді тіркеуге өзгерістер енді

Қызылорда облысында карантин жағдайында кәсіпкерлерді базаға тіркеу шарттарына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Қызылорда: Пойыз жолсерігінен індет белгісі анықталды

Соңғы тәулікте Қызылордада індетке шалдықандар қатары тағы 8 адамға өсіп, науқастардың жалпы саны 132 адам болды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында брифинг өткізген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Ертеңнен бастап Қазалыда қоғамдық көліктер тоқтайды

Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін ертеңнен бастап Қазалы ауданында шектеу шаралары күшейе түседі. Елу мыңға жуық адам тұратын Әйтеке би кентінде көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүруіне толық тыйым салынады. Қоғамдық көліктер де тоқтайды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қызылорда: Айыппұл төлегендер де, қамауға алынғандар да бар

Бүгін облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшиддин Әмитов брифинг өткізіп, өңірде төтенше жағдай тәртібінің сақталуын қадағалау жайлы баяндады.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қызылорда: Алаяқтардан айла артылмай тұр

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы облыстық прокуратураның сайтында жарияланды.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тоғыз дәрігерге індет жұғыпты

Қызылордада 9 медицина қызметкері СОVID-19 вирусын жұқтырып алыпты. Олардың 8-і орта, біреуі кіші буын қызметкері. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әлия Әбдіқайымова хабарлады.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 2 науқас дерттен айықты

Сыр өңірінде қатерлі дерттен айыққандардың қатары тағы  2 адамға артты. Бүгін Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлері оларды үйіне шығарды.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қызылорда: Серуендеймін деп сотқа тартылды

Бүгін Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасының көмегімен карантин режимін бұзғандардың ісі қаралды.