
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019
Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылында жаңа мәдениет үйі ашылды. Жаңа нысанда 150 орындық көрермен залы, кітапхана, үйірме, хореография залдары, ардагерлер бөлмесі бар.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019
Жұртшылық қуанышы – жаңа көпір
Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде Қазалы ауданында Әлсейіт көпірі қолданысқа берілді. Осыған орай өткен жиынға қазалылықтармен қатар көршілес Арал ауданы тұрғындары да қатысты. Ауданға арнайы сапарлап барған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жыл тоғысындағы жаңалыққа орай жұртшылықты құттықтады.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2019
Мониторингтік топ жұмысын қорытындылады
Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ жұмысын қорытындылады.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2019
Қызылордада қайырымдылық телемарафоны өтті
«Мейірімділік шапағаты» атты қайырымдылық телемарафонына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысып, өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған шаралар жайлы айтып өтті.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019
Қазалыда көпқабатты үй пайдалануға берілді
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, салынып жақтан нысандар құрылысымен танысты. Жаңа үйден баспана алып жатқан тұрғындар қуанышына ортақтасты.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2019
Мұнайлы өңірлер қатарына қосылғанына 30 жылға жуықтаған Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы негізгі саланың бірі саналады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары абдырап қалған ауылдағылар көп ұзамай ес жиып, ата кәсіпке қайта кірісті. Мемлекет қолдауын тиімді пайдаланғандар табысқа жетіп, ел тіршілігіне едәуір өзгеріс енді. Бірақ жыл өткен сайын агросаладағылардың алаңын көбейтіп келе жатқан бір жағдай бар. Бұл – егіс алқаптарын суландыру мәселесі.
Руханият • 25 Желтоқсан, 2019
Бексұлтанның әні қалықтаған күн болды
Биыл қазақтың ән өнерін байытқан композитор Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 70 жыл. Өзінің туып-өскен Жаңақорғанынан табан аудармаған өнер иесі шығармашылықты дамытудың мүмкіндігі мол мегаполистен шалғайда жүріп-ақ тыңдағанның жанын тербетер тамаша туындылар жазды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019
Аймақ басшысы ақындарға құрмет көрсетті
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов белгілі журналист, ақын Қаршыға Есімсейітова мен екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязовты қабылдады.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2019
Қызылордада жастар форумы өтті
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Жастар жаңғыру жолында» атты форум өтті.
Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2019
Арғы-бергі тарихта төрт астана бой көтерген Сыр бойында көненің көзіндей, данагөй дәуірлер сөзіндей ескіден жеткен ескерткіштер аз емес. Соның бірі – Сырдария ауданы аумағындағы Қалжан ахун мешіт-медресесі. Соңғы жылдары реставрация жасалып, ежелгі бейнесін қайта тапқандай болған кешеннің аумағы кеңейіп, туристік нысан ретінде маңызы жоғарылай түсті.